Бидайбеков Е


Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы



бет55/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87
Байланысты:
treatise13514

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы

Интерактивті технологиялармен оқыту аудио, бейне және компьютерлік оқу құралдарына негізделген және оқу ақпаратын тарату, білімді қадағалау, оқыту және өздік оқыту сияқты құралдарға жіктеледі. Егер оқу құралдары әр түрлі мақсаттағы функцияларды бірге қиыстырса, онда олар үйлесімді болады.


Аудиовизуалдық оқу құралдарына жататындар:

  • оқытушылық, документалдық, көркемдік және музыкалық аудиожазбалар;

  • оқытушылық, документалдық, көркемдік, ғылыми-көпшілік бейнематериалдар;

  • мультимедиялық оқу презентациялары.

Қатысушылардың жазылған жауаптарына визуалды құралдың ойнатылуы, сабақтың әуенмен өткізілуі арқылы аудиожазбаларды диктанттар өткізуде қолдануға болады.
Оқытуға арналған бейнематериалдар басқа аудиовизуалды құралдар ішіндегі ең ыңғайлысы болып табылады. Бейнежазбаның дидактикалық мүмкіндіктері дидактикалық мүмкіндіктері бар телевидение және оқыту фильмдері арасындағы сәтті байланысты көрсетеді. Теледидар сияқты бейнежазба аналитика-синтетикалық мүмкіндіктерге ие. Олар қабылдау (түсіну) үдерісін басқаруға жол береді. Хабарламаның дара (жеке кадрлар арқылы) құралуы бұл тек объектіні алмастыру ғана емес, сонымен қатар қабылдау фонын, мазмұндаманың тезисі, оқыту материалдарының логикалық және образдық бөлшектелуін қамтиды. Бейне жазбаның өзіне тән ерекшелігі – қатысушылардың эмоциалдық аймағына әсер етуі.
Презентацияларды келесі түрде жіктеуге болады:

  • Иллюстрациялық және проблемалық (күрделі);

  • Фрагменттік (көріністік) және бүтін бөлікті;

  • Жаңа материалдарды орнатуға және қайталауға, практикалық жұмыстар өткізуге;

Компьютерлік құралдарға мыналар жатады:

  • Педагогикалық программалық құрал-жабдықтар

  • Электрондық кітаптар мен энциклопедиялар

Педогагикалық программалық құрал-жабдықтардың өзіндік тұрпаттамасы бар. Ол оқыту үдерісінде құралдың қолданудағы әдістемелік мақсатын көрсетеді.
Көрсету (демонстрациялық) программалық құралдар. Әдістемелік мақсаты – оқыту құжаттардың көрнекті ұсынысы (представление). Осы тәріздес құралдардың үлкен коллекциясы 1C компаниясымен құрастырылып «Мир компьютера» атымен белгілі: «TeachPro Macromedia Studio 8», «TeachPro Mathcad 13», «TeachPro Ms Internet Explorer 5. Базалық курс» және т.б. Бұл оқу құралындағы оқыту құжаттары интерактивті бейнедәрістер түрінде беріледі. Оқушы дәрісті оқып отырған мұғалімнің дауысын ести отырып, экраннан сол мұғалімнің не жасап жатқанын көреді.
Программалық құралдар – жаттықтырғыштар. Әдістемелік мақсаты –дағдылар мен икемдерді өңдеу, өз-өзін дайындауды іске асыру. Мысалы: «Кирил и Мефоди» компаниясының жаттықтыру жүйесі «Операционная система – Практический курс Windows XP», «Редактор текстов – Практический курс Word XP», «Верстка текста – Практический курс Abode Page Maker 6.5» және т.б. әйгілі программалық құралдармен жұмыс істеуге бейімдейді.
Бақылаушы программалық құралдар. Әдістемелік мақсаты – оқу-құрал материалдарын бақылау немесе өзін-өзі басқару деңгейінің бақылауы бойынша түсіну. Мысалға «Репетитор по информатике Кирилла и Мефодия» кітабы. Бұл оқулықта 24 тақырыпқа бөлінген 1160 мәтіндік жаттығулар бар.
Үйрету программалық құралдары. Әдістемелік мақсаты – білім хабарламасы, оқу құралын қажетті деңгейде толығымен меңгеруді қамтамасыз ету. Мысалы: «1С:Школа. Вычислительная математика и программирование, 10-11 кл.».Бұл оқулық Visual Basic.NET, Turbo Pascal, Borland Delphi программаларында қолданылатын, кездесетін есептеу математикасы мен алгоритм сабақтарынан тұрады. Бұл сабақтардың әрқайсысында педагогикалық программалау құралдарымен мәтіндік жаттығулар бар және алгоритм мен программалауға байланысты практикум жұмыстары қарастырылған.
Электрондық кітаптар мен энциклопедиялар - бұл кітаптың немесе энциклопедияның электрондық (цифрлық) нұсқасы. Бұл оқулықтарда толық мультимедиялық функциялар соның ішінде бейне, интерактивті карта, дыбыс пен фотолар, интерактивті барлау жүйесі бар. Мысалы, «Энциклопедия персонального компьютера и Интернета Кирилла и Мефодия» - мультимедиа-энциклопедия, компьютерлерге және жаңа технологияларға арналған.
Аудио, бейне және компьютерлік құралдар оқулықтарды құру және жобалауда дидактикалық принципке сәйкес келуі керек.
Ғылыми принциптің болжауы бойынша оқулықтың мазмұнында ғылыми-анықталған мәліметтерді қолдану қажет. Модельдеу мүмкіншілігі, зерттелінетін объектілердің, құбылыстардың имитациясы экспериментті-зерттеулердің әрекетіне шарт қояды.
Қолайлық принципі оқулық әрекеттілігіне және оның әдістеріне байланысты оқушылардың дайындығы мен жас мөлшеріне байланысты болуы қажет.
Көрнекілік принципі қазіргі заманға сай визуалдық нысандар оқуды болжайды (компьютерлік графика мен анимация, мультимедиа).

  • Электрондық оқу құралдары – бұл құралдар, оқу ақпараттарына негізделген мультимедиалық технологиялар көмегімен қолданылып, қолданушымен интерактивтік байланыспен жүзеге асырылады. Электрондық оқыту құралдарын қолдануда компаниялар мен басқа да оқу орындары орын алады.

Электрондық оқу құралдарын бағалаудың бірнеше әдістері бар:

  • Критерийлік бағалаудың әдістемелік жарамдылығы, яғни колданылуы кезіндегі критерийлік бағалаудың сапасы.

  • Эксперименталдық тексеру, кандай да бір уақытта оқу жүйесінде қолданылуы.

  • Эксперттік сапасының бағалануы, яғни берілген құрылғыларды білетін олармен жұмыс жасай алатын ғылыми-практикалық көзқарасы бар эксперттердің бағалауы.

Электрондық оқу құралдары жұмыс құралы ретінде, мұғалімге сабақтың мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен қатар, олардың қолданылуы басқа электрондық әдістемелер жасауда колданылады.
1.Техникалық-технологиялық критерий. Бұл оқу құралдарының, компьютерлердің техникалық деңгейіне сәйкес келуі туралы критерийлер.
Оның құрамына:

  • Оқу-құралдарының орнату-жоюына байланысты қойылатын талаптар (инсталлятор программасының болуы, автожүктеу мүмкіндігі және т.б);

  • Оқу-құралдарын функциялауға қойылатын талаптар (операциялық жүйемен келіспеушіліктің болмауы, тышқан мен пернетақта көмегімен басқару, басқару элементтерінің болуы және т.б.).

2. Эргономиялық критерийлер. Бұл критерий электрондық құралдардың эргономиялық талаптарына сәйкес келеді.
Оның құрамына:

  • Сұхбатты ұйымдастырудың талаптары (ақпарат алудың жеңілдігі, интерактивті сұхбаттың болуы, көмек пен түсініктеменің болуы және т.б.);

  • Визуалдық ортаға қойылатын талаптар (дизайн сапасы);

  • Мәтін және белгілер параметріне қойылатын талаптар (мәтіннің оқылуы);

  • Мультимедияға қойылатын талаптар (сурет пен бейнефрагменттердің, компьютерлік графиканың, дыбыстық сүйемелдеу, дыбыстық сатысының өзгеруінің мүмкіндігі);

3. Педагогикалық критерийлер. Бұл критерий электрондық оқулықтың педагогикалық талаптарына сай болуы. Оның құрамына:

  • Педагогикалық мақсатты-жинақылық (нормативті құжаттардың, дидактикалық талаптардың сәйкестігі);

  • Білімнің вариативті мүмкіндігі (бірнеше қиын кезеңдердің, сызықтық емес материалдардың, сұхбат құралдарының әртүрлі болуы);

  • Психология-педагогикалық есептелуіне қойылатын талаптар (дамушы компоненттердің, құралдардың белсенділігінің болуы және т.б.);

  • Әдістемелік қолдау (әдістемелік материалдардың, электрондық журналдың болуы, оқу сапасының мүмкіншілік бағасы және т.б.).

Қазіргі кезде тұтынушыларға ұсынылатын электрондық оқулықтардың көбі әртүрлі шарттарда сынақтан өтеді. Бірақ көбінесе оны жасаушылардың өздері программалық тауардың сапасын бағалайды, оның қолдануымен педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады және өткізеді. Соңында нәтижелердің маңызды қателіктері мен ауытқуларын жіберіледі. Оқу бағытындағы электрондық құралдардын сапасын объективті бағалау үшін оқу бағытындағы аппарат-программалық және ақпараттық кешендерінің еркін сертификациялау жүйесін қолдануға болады. Ол жерде тауарды өз еркімен сертификаттан өткізеді және ұйымдастырады, педагогикалық-эргономикалық стандарттар мен техникалық шарттар еркін квалификациялаған бағалаумен қамтамасыз етіледі және сәйкесінше талаптарға сай болады.
АПИКОН жүйесі тауарлардың сертификациялау келесілерді қарастырылады:

  • Оқу бағытындағы электрондық құралдар;

  • Қолданбалы программалық құралдар және білім беру үрдісінде автоматтандырудың ақпараттық-әдістемелік жүйелерінің қамтамасыз етілуі және білім беру мекемесімен басқарылу.

  • Оқуға арналған электрондық құралдарды қамтитын оқу-әдістемелік кешендер;

  • Оқу мекемелерінің ақпараттық желілері;

  • Жергілікті және ғаламдық желілердің оқуға арналған таратылған ақпараттық ресурстары;

  • Оқу есептеу техникасының жиынтықтары;

  • Жеке компьютерлермен байланысқан оқу зертханалық жабдықтар;

  • Қолданушының (оқу мекемесінің қызметкері) автоматтандырылған жұмыс орны;

  • Оқу есептеу техникасының жиынтықтарына арналған бейнемониторлар.

Сынақтан табысты өткен өнімді ұсынған өкілдерге сертификат пен сәйкестік белгісін қолдану рұқсаттамасы беріледі.
Сертификат – өнімнің сапалы және тұтынушының жұмыс істеуге тиімді екенін көрсететін дәлелдемелердің бірі. Сертификаттың бар болуы өнімнің нарықта бәсекеге түсуін жоғарылатады және оның оқу орындарында тиімді қолдану мүмкіндігін растайды. Сәйкестік белгісі – тұтынушыларға берілген талаптарға сәйкес келетінін мәлім ететіні белгі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет