20 билет
1-сұрақ Жобалау әдісі туралы түсінік. Жобалау әдісімен жұмыс жүргізу әдістемесі оған қойылатын талаптар.
Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынғанЖобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:
· шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы
· ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;
· жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен)
Жобалап тәлім жинақтау мақсаты шәкірттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады:
· әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді;
· игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді;
· әрқилы топтар жұмысына қатыса отырып, қарым - қатынастық ептіліктер игереді;
· өздерінің зерттеушілік ептіліктерін дамытады (міндеттер белгілеу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент кою, талдау, болжам жасау, қорыту);
· жүйелі ой топшылау ептілігін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |