Билет №1 Дефектологияның ғылымдар жүйесінде алатын орны


БИЛЕТ № 16 Баланың даму бұзылысы (туа пайда болатын ақыл-ойдың кемістігі, психикалық дамудың тежелісі айырмашылықтары)



бет53/87
Дата25.01.2022
өлшемі126,85 Kb.
#114311
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Байланысты:
дефекталогия
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), пс.прак.билет, психака туралы түсінік
БИЛЕТ № 16


  1. Баланың даму бұзылысы (туа пайда болатын ақыл-ойдың кемістігі, психикалық дамудың тежелісі айырмашылықтары)

Балалық шақтағы дамудың кешеуілдеуі және кемістігі әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Пайда болу механизміне байланысты олардың қиындықтарды жеңу әдістері тұрғысынан да, болжам бойынша да өзіндік ерекшеліктері бар.

Балалық шақтағы даму мүмкін проблемаларының ауқымы түзілудегі жалғыз қиындықтардан әр түрлі болуы мүмкін. жеке психикалық функциялардың (диспраксия, шоғырланудың қиындығы, кеңістіктің қалыптаспаған функциясы), психикалық дамудың жүйелі бұзылуларына (ақыл-ойдың артта қалуы).

Олигофрения –бұл ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады. Преднаталдық -ішкі даму жағдайында; наталдық -дүниеге келу сәтінде; постнаталдық- дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезеңмен сипатталады. Бұл мәселе бойынша ХХ ғ. 50-70 жылдары отандық ресейлік ғалымдар көптеп айналыса бастады Г.Е.Сухарев, М.С.Певзнер, Д.Н.Исаев, В.В.Ковалев және т.б.

Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады. Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік (ішкі) сипатқа байланысты келеді.

Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы (тұмау, қызылша т.б.), түрлі интоксикация (улы заттардың әсерінен), паразитті жұқтыруы (жануарлар арқылы жұғатын токсоплазмоз), вирустік аурулар, анасының ағзасына түрлі кеселдің түсуі, түрлі травмалар мен соққылардың әсерінен болады.

Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді. Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық, ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай –ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, ақзадағы ақуыздыңалмауының бұзылысы (фенилкетонурия), резус-фактор бойынша қан құрамының сәйкес келмеуінен болады.

Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар. Идиотия, имбецил, дебил.

Идиотия –ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі қиын және жай, ал кейбіреулерінде бұндай дағдылар тіпті қалыптаспайды.

Имбецил - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген, күрделі емес еңбек дағдыларын менгерген, бірақта өрескел кемістік олардың қабылдау, ес, ойлау, коммуникативтік қарым-қатынас және эмоционалдық ерік сапаларында көрінеді. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.

Дебил –ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды. Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді. Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен меңгереді. Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих, география, сызу, химия, физика т.б. пәндерден үлгіре алмайды.

Көпшілік жағдайда балаларда психикалық дамудың баяу болуының себебі ең аз мөлшердегі органикалық бұзылыстар немесе орталық жүйке жүйесінің қызметінің әлсіздігі, дүниеге келу сәтіндегі және бала өмірінің алғашқы жылындағы түрлі қолайсыз әсерлер нәтижесі, ұзақ созылмалы аурулар, әлеуметтік-мәдени жабығулар (отбасындағы, балалар үйіндегі қолайсыз жағдайлар), стрестік, психотравмалық факторлардың әсері. Психикалық дамуы тежелген балалар – тұрақты түзетуді педагогикалық- психологиялық тұрғыдан үйлесімді жағдай жасауды және медициналық емдеу шараларын да қажет етеді.Мектепте қиындықпен оқылатын балалар тобының көп бөлігі психикалық дамуы тежелген балалар тобы құрайды. Мұндай көпсандық топтың 50% жуығы бастауыш сынып оқушыларын қамтиды және бұл оқушылар тобы педагог –психологтарды өздеріне еріксіз назар аудартады.

Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. ПДТ балалардың барлығына тән ерекшілік қоршаған орта және өзі жайында ұғым түсініктері үзік-үзік шектеулі, моральдық норма туралы түсінігі анық емес, танымдық қызығушылығы әлсіз, танымдық белсенділіктері төмен, ақыл-ой операциялары мен әрекеттері жеткілікті қалыптаспаған, сенсорлық жаңалықтарды қабылдауда және оны өңдеуде жылдамдығы жай болу жиі байқалады, әрі коммуникативті қарым-катынастары жеткіліксіз дамымағандықтарымен сипатталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет