Арнайы операциялар
Хирургияның дамуына байланысты аз инвазивті операциялар пайда болды . Бұл операциялар тері жамылғысының бүтіндігінің бұзылмауымен , үлкен жара бетінің болмауымен , жарақаттанған ағзаның ашылмауымен ерекшеленеді . Сонымен қатар, операция жасаудың арнайы тәсілдік әдістері қолданылады . Оларға микрохирургиялық , эндоскопиялық және эндоваскулярлы операциялар жатады .
Эндоскопиялык операциялар оптикалық аспаптардың көмегімен жүр гізіледі . Қазіргі кезде эндобейнетәсілді қолданып , көптеген операциялар жасалуда : лапараскопиялык , торакоскопиялық және операциялар . Бұл операциялар науқас денесіне көп зақым келтірмейді, үлкен операциялык жаралар болмайды, операциядан кейін науқастар тез жазылады, асқынулар да сирек кездеседі . Бейнеаспаптар мен арнайы құрал - саймандарды қолдана отырып , холецистэктомияны , ішектің резекциясын, жарыкты тілу , гинекологиялық және т.б. көптеген операцияларды лапароскопиялық жолмен жасауга болады.
Достарыңызбен бөлісу: |