Жедел шашыранды энцнфаломиелитті шашыранды склероз тәрізді әлдебір инфекциялық агенттердің әсер етуінен туындайтын нейроаллергиялық ауруларға жатқызуға болады. Біріншілік энцефалиттің нейротроптық вирустар оның ішінде көбінесе жедел энцефаломиелит вирусы әсерінен пайда болу мүмкіндігі өте жоғары. Екіншілік энцефаломиелиттер ір түрлі инфекциялар асқынуынан болады.
Клиникасы.
Ауру орташа деңгейде жалпы инфекциялық және ми зақымдануының көптеген немесе жекеленген симптомдары байқалуымен жедел немесе созылыңқы түрде дамиды. Кез келген жаста кездесе береді.
Патологиялық үрдістің орналасуына қарай жедел шашыранды энцефалиттің негізгі 4түрі кездеседі:
Меңдеген энцефаломиелит. Ми мен жұлынның сұр және ақ заттарының аргідік зақымдануларымен сипатталады. Асимметриялық парездер немесе босаң сіреспелік сипаттар араласқан салдар пайда болады. Ауру ремиссиясыз өтуі мүмкін.
Оптикомиелит немесе оптикоэнцефалит- көру нервтері мен жұлын, кейде мидаң не мишықтың қабаттаса зақымдануы. Көру қабілеті көптеген жағдайларда битемпоральдық гемианопсия мен скотома түрінде төмендеп, тіпті соқырлыққа әкеліп соғады. Қозғалу және сезімділік бұзылмдары жұлынның зақымдану белгілеріне байланысты. Сіреспе тетраплегия, қолдың босаң парездері мен аяқтың сіреспе парездері п.б мүмкін.
Полиоэнцефаломиелит-сопақша мидаң төменгі бөлігіндегі бас-сүйек-ми нервтері ядролары мен жұлынның алдыңғы мүйіздерінің біріге зақымдануы. Булбарлық көріністер мен дегенерацияланған б.еттер семуі ерекше симптомдар.
Менингоэнцефаломиелополирадикулоневрит- ми мен жұлынның меңдеп зақымдануымен қатар, патологиялық үрдіске шеткі нерв жүйесінің де қатысуы. Айқын ауырсыну синдромы, сезімділік бұзылулары арқылы білінеді. Ласег, Кернинг симптомдары, қарақұс бұлшық еттерінің сіресуі және нерв бағандары ауырсыну болуы да мүмкін.
Емдік шаралардың шашыранды склерозды емдеу принциптерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан гормонотерапия антибиотиктермен, уротропинмен, витаминдермен, алоэмен қоса жүргізіледі. Қалыпқа келу кезеңінде массаж, емдік гимнастика қолданылады.
2 Эпилепсия.Эпидемиалогиясы,этиологиясы мен патогенезі мәселелердің типтелуі. Грек сөзінен аударғанда epilepsia – ұстаймын, құлаймын мағынасын білдіреді Қояншық (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 – 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.
Әр түрлі клиникалық көріністермен журеді.Бас миының созылмалы ауруы.
Адамның неврологиялық ауруларының ең жиі тараған ауруы болып табылады.
Эпидемиологиясы бойынша :Жас балаларда туа,ересектерде жүре п.б.