Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта»



Дата11.01.2017
өлшемі180,69 Kb.
#6661

Тұңғыш президент күніне арналған

Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта» «Таным» .

Бөлім: Тіл дамыту,көркем әдебиет ,айналамен таныстыру.

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»

Мақсаты:  Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Тұңғыш президент»мерекесі  жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге

елбасының жасаған  еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына

деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.

Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

 


  Іс-әрекет бөлімдері

 

             Педагогтың іс-әрекеті



 

Балалардың іс-әрекеті     

Ынталандыру Сезімді ояту

 

 



 

 

 



 

-Армысың,қайырымды аспан ата!

-Армысың, мейірімді жер ана!

-Армысың,шұғылалы алтын күнім!

-Армысың,балабақша дос-жараным!

 

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.



 

Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.

Балалардың фильм жайлы пікірлері  тыңдалады.

 


Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.

 

 



 

Барлығы тұрып әнұранды айтады.

 

Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды.



Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді.

Ізденістер

Ұйымдастыру.

а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.

ә)Сөздік жұмысы:

Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес.

Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз.

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Елордасы қай қала?

-Астана қандай қала

б)Қазақстан,егемен,тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрату.

в)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу.

ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу:



Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,

Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.

Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы




 

  Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.

 

 

Тәуелсіз,егемен сөздерінің  мағынасымен танысады.



 

 

 



 

 

Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.



 

Астана


Астана- жас қала.

 

 



 

 

 



 


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

«Халықтың ортақ үйі-Отаны.»

«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.»

«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.

 



 

Мақалдардың мағынасын түсіндіреді

«Отан» әнін айтады.

 


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;

Болуы қажет:Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;

Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.



Алтын күз



Сабақтың тақырыбы: « Күз жомарт»

Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,


                                          Алтын күздің ерекшеліктері туралы 
                                          әңгімелеу.  Суреттер бойынша әңгіме 
                                          құрастыру арқылы балалардың тіл 
                                          байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық 
                                          жасай білуге тәрбиелеу. Қылқаламмен таза , ұқыпты жұмыс істеу, балалардың шығармашылық қабіллеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер    үнтаспа.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу,
                             сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп 
                                  қалыпты.Олай болса, барлығымыз
                                  орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
    -Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)


Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып  «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз»  келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?
Тақпақ
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
-    Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
  Сергіту сәті:              

Тербеледі ағаштар,


Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Балалар, сіздер маған күздің беретін сыйын бейнелеп беріңдерші.

Балалар үстел басына отырып шығармашылық жұмыс жасайды.


« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Сендерге әкелген сыйм бар. Енді  мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!


-    Сау болыңыз!
-    Балалар, сендерге  « Алтын күздің» тапсырмасы ұнады ма?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау


Күтілетін нәтиже:



Нені білді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін бекітті.

Қандай түсініктерді игерді: Күзде ауа райында болатын өзгерістерді суреттеу, толық сөйлем құрап жеткізу.
Меңгерген дағдылары: Қойылған сұрақтарға толық жауап беру, тату болу.

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Тақырыптық сабақ:

«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»

«Ләйлек» ортаңғы топ

Тәрбиеші: Ракишева А.М.

Самар ауылы, 2015 оқу жылы

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Қортынды сабақ

Бірінші тоқсан.

Тақырыбы:



«Күз жомарт»

«Ләйлек» ортаңғы топ



Тәрбиеші: Ракишева А.М.

Самар ауылы, 2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет