Білім беру бағдарламасы: 6В01810-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Орындаған: А. Дошниязова спиС-11 тобы



бет3/8
Дата21.05.2022
өлшемі76,49 Kb.
#144401
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дошниязова курс

Экологиялық сана – нақты әлеуметтік және табиғи мүмкіндіктерге сәйкес қоғам мен табиғаттың арақатынасының проблемаларын тиімді шешудегі кзөқарастар, теориялар және сезімдердің жиынтығы. Экологиялық сананы қалыптастыру экологиялық ережелерді адамның табиғатқа қарым-қатынасында бір мезгілде мінез- құлық ережелеріне айналдырып, адамның көзқарастары мен түсініктерін қайта құруды ұсынады.
Қорыта айтқанда, экологиялық сана- экологиялық мәдениеттің «қоғамның жады» қызметін атқаратын бір бөлігі.
Экологиялық сенім – адам үшін табиғаттың маңызы мен оның эволюциясы туралы білімде айқындалатын табиғатқа субьективті қарым-қатынас. Сенімнің бұл түрі жалпы азаматтық құндылықтарында адамгершілік принципінің негізінде құрылуы керек.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұлғаға интеллектуалдық, рухани әсер ету құралдарымен ғана жүзеге асырылмайды, нақты практикалық іс-әрекет процесінде адам экологиялық құбылыстардың мәнін ашады.
Сенімді қалыптастыру үшін теорияның нәтижесін практикалқ іс-әрекетте қолданудың маңызы зор. Оқушы табиғи ортаны қорғаудың нақты жұмысына қатыса отырып, бұл іс-әрекеттің ерекшелігімен танысып ғана қоймайды, сонымен қатар, нақты мысалдарда экологиялық заң мен ережелерді сақтау қажеттігін түсініп сезінеді, түрлі сипаттағы экологиялық маңызды жағдайлардың нәтижесін ойлайды. Ол тұлғаның эмоционалдық сферасын қозғап, санасында терең із қалдырады. Нәтижесінде оқушыда табиғатты пайдалану практикасымен байланысты фактілер мен құбылыстарға тұрақты тұлғалық қарым-қатынасқа дағдыланады, экологиялық принциптер мен ережелерді сақтау, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне сенім қалыптасады. Сенім теория мен практиканың, білім мен мақсатты бағытталған іс-әрекеттің арасындағы байланыстырушы буынның қызметін атқарады. Сенімнің бұл қызметі тұлғаның экологиялық мәдениетінің құрылымында оның орнын қамтамасыз етеді.
Ф.Я.Паленчак және Г.В.Платонов экологиялық қарым-қатынастарды… «адам мен табиғат, сонымен қатар, «табиғат -қоғам» жүйесінің оптимальды жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында» пайда болады деп есептейді (31).
Бұдан шығатын қорытынды, адам биосферасыз өмір сүре алмайды және барлық қарым-қатынастардың жүйесі адам мен табиғат арасындағы зат алмасу процестерін қолдау үшін болады, онда қарым-қатынастардың жиынтығы, экологиялық қатынастар сияқты бір жағынан, адамды қоршаған табиғатпен байланыстырса, ал, екіші жағынан, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қажетті буыны болып табылады. Олай болса, экологиялық мәдениет өзінің элементтері (экологиялық сана, экологиялық іс-әрекет) арқылы өзінің негізін құрайтын экологиялық қарым-қатынастың деңгейін көрсетеді.
Экологиялық қарым-қатынастар экономикалық мәдениеттің маңызды бөлігі ретінде адам өмірінің табиғи жағдайларын танып білуге, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, реттегіш және табиғат қорғау қызметтерін атқарады.«Адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі қатынастарды ізгілендіру адамның іс-әрекетінің түрлі сферасын экологияландырмайынша мүмкін емес.
Психолгтар жеке тұлғаның қасиеттерді ретінде қарым-қатынастың қасиеттерін қарастырады.
Ғалымдар көрсеткендей, табиғатқа қарым-қатынас адам қарам-қатынасының жүйесінде салыстырмалы дербестікте болады, оның үш аспектісі бар: біріншісі - материалдық өндіріске: екіншісі - экологиялық өзара әрекеттер жүйесіне: үшіншісі - табиғи ортаны зерттеумен және қорғаумен байланысты адамдардың қарым-қатынасы.
Тұлғаның қызметтік – динамикалық құрылымында қарым-қатынас маңызды орын алады.
В.Н.Мясищев қатынастарды субьективті позиция ретінде сипаттай келіп,«адамның психологиялық қарым-қатынастары-жеке, іріктелген саналы байланыстарынан тұратын біртұтас жүйе, ол адам дамуының барлық жүйесінен туындайды, оның жеке тәжірибесін, іштей әрекеті мен әсерленуін анықтайды», -деп көрсетті (32). Осыған орай, қарым-қатынас – адамның қоршаған дүниемен байланысының біртұтас жүйесі, ол сыртқы мінез-құлқында ғана емес, тәжірибенің негізінде пайда болған адамның ішкі дүниесінде көрінеді.
А.П.Сидельковский «оқушыларды табиғатқа қарым-қатынасы күрделі де, кешенді әлеуметтік құрылым ол алдымен, сыртқа-практикалық іс-әрекеттік сферада – жеке тұлғаның өмірінде және оның ішкі сферасында-психикасында дамиды»,- деп көрсетті.
Н.А.Рыков және Б.Г.Иоганзен (33) зерттеулерінде табиғат қорғаудың төмендегідей мотивтерін анықтай отырып оқушылар әрбір жекелеген жағдайда қандай мотивті басшылыққа алуына байланысты табиғатқа жағымды және жағымсыз қарым-қатынас жасауы мүмкін деп көрсетеді:
- азаматтық-патриоттық мотив – Отанға сүйіспеншілік, оның байлығын көбейту мен қорғауда қоғам алдындағы борышын түсіндіру:
- гуманистік мотив – істе, әрекеттерде мейірімділік, қамқорлық көрсету, табиғатты қорғауға ниет ету:
- эстетикалық мотив – табиғаттың әсемдігін сезіну және түсіну.
Жеке тұлғаның жалпы әлеуметтік және рухани мәдениеті, оның табиғатқа, қоғамға, адамға және өз-өзіне, яғни қоғамдық қатынастар мәдениетінің жетістіктеріне байланысты.
Табиғатқа эстетикалық қарым-қатынас оны қорғауға жағдай жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастардың маңызды ерекшеліктерінің бірі-тұлғаның өзін-өзі айқындап, көрсетуі. Бұл қарым-қатынаста адамның тіршілік бағыты мен санасы мәнді рөл атқарады. Адамның эстетикалық қарым-қатынасының обьективті және субьективті жақтары бар. Біріншісі, ерекшеліктерін көрсететін обьектімен, ал екіншісі оның идеясын, ойын, сезімін, арман-тілегін, мұратын және т.б. қамтамасыз ететін субьектімен анықталады.
Дүниеге және табиғатқа эстетикалық қарым-қатынас адамның қажеттілігінен туындайды. Тұлғаның эстетикалық қажеттілігі көркем өнерге, онымен бірге және шығармашылықты әсер етіп, оларда сан алуан пікірлер, сезімдер, тілектер, әсерлену мен ойлар туғызғанымен,әрбір жеке тұлға өзінің рухани бейнесіне, дене және басқа мүмкіндіктеріне сәйкес, өзінің табиғатқа қарым-қатынасын анықтайды. Осыған орай, табиғаттың әсемдігін түсінуге мүмкіндік беретін пайымдау мен қабылдау жеке, топтық және жалпы халықтық сезімдік мәдениеттің өсуіне ықпалын тигізеді. Экологиялық тәрбиенің эстетикалық аспектісі тұлғаның табиғатқа үйлесімді қарым-қатынасын ететін эстетикалық сезімдерді қалыптастыру. сондықтан мұғалімнің міндеті- оқушылардың табиғатқа эстетикалық«керектігін» жеңуде эстетикалық қабылдау қабілетін дамыту, сонымен бірге, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайтын эстетикалық сезімді қалыптастыру.
Экологиялық құндылықтардың ерешелігі, ол табиғаттың қасиеттерін практикалық, пайдакүнемдік жағынан емес, танымдық, эстетикалық, адамгершілік көзқарас тұрғысынанда қамтиды.
В.Н.Мясищевтің пікірінше, адам іс-әрекетінің реттеушісі эмоционалдық- сезімдік қарым-қатынас ғана емес, жауапгершілікпен қажеттіліктен туындайтын адамгершілік-құқықтық қарым-қатынас. Адамгершілік құқықтық қарым-қатынастар-адамдардың өзара әрекеті процесінде, олардың тарапынан талап-тілектерді орындауда қалыптасып, біртіндеп ішкі өзгеріске, мәселен борыш пен ар-ұятқа ұласады.
Осы ішкі процесс адамның ісі мен қылығының, әсерленуінің этикалық, эстетикалық және т.б. өлшемдерін анықтайтын бағалау қарым-қатынасынаәкеліп соғады. Этикалық бағалау өзін-өзі және басқаларды сынау, өзіне және қоршаған ортаға талап қоюшылықты туғызады.
Экологиялық іс-әрекет адамның табиғи ортаны танып білумен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады.
Сондықтан, экологиялық іс-әрекет экологиялық мәдениеттің негізін құраушы, экологиялық проблемаларды ұтымды шешуші әрекет болып табылады. Мысалы, техника саласында өндірісті экологяландыру, экономикада-жаңа өзгерістердің қоршаған ортаға тигізген шығынын бағалау, ғылымда – экологиялық проблеманың төңірегінде интеллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласында- табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды жасау, педагогикада- экологиялық ойлау стилі мен мінез-құлықты қалыптастыру және т .б. Осыған орай, қоғамның экологиялық мәдениеті табиғатты танып- білу, игеру және өзгерту сияқты, адам іс-әрекетінің барлық түрлеріне, яғни қоғамның материялдық және де рухани өміріне сіңіп кеткен.
А.Н.Фалеевтің пікірінше, экологиялық мәдениет, «адамның жаңартылған іс-әрекетінің табиғи процестармен байланыстарын ашып көрсетуге бағытталған табиғат пен адам туралы, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының сипаты туралы білімнің жиынтығы болып есептелетін адамның заттық –практикалық іс-әрекетінің қоғамдық- тарихи дамуының нәтижесі».
Сонымен бірге, мәдениет - адам болмысының шығармашылық іс-әрекеті. Мәдениет, бұл тұрғыдан қарағанда, адамның қабілетін, қажеттілігін, әлеуметтік күшін қалыптастыратын құрал ретінде көрінеді.
А.Г.Пырин және Г.А.Пырин көзқарастары бойынша, экологиялық мәдениет-табиғи ортаның тіршілікке қажетті құндылықтарын меңгерумен сақтаудағы адамның саналы шығармашылықт іс-әрекеті (34).
Қорыта келгенде, экологиялық тәрбиенің мазмұны экологиядық мәдениеттің ерекшелігімен айқындалады. Экологиялық мәдениетік құрылымдық қалыптасу процесі адамның меңгерген экологиялық білімінің, сенімінің, мінез-құлық ережелеріне айналып, табиғи ортада тұлға іс-әрекетінің сипатын анықтайды.
Сонымен, экологиялық тәрбие процесі тәрбиеленушіге табиғат туралы белгілі бір ғылым-білімді жеткізуге қарағанда анағұрлым күрделі.
Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері қоғамның табиғи орта жағдайына кері ықпалын тигізіп отыр. Бұл ықпалды бәсеңдету үшін адамдар, алдымен жеткіншектер экологиялық мәдениетті болуы қажет. Осыған орай, барлық іс-әрекеттің және мінез-құлықтың реттеушісі экологиялық сананы қалыптастыру керек. Экологиялық мәдениет табиғи ортаға ұқыптылық қарам-қатынасының талаптарына сәйкес білімнің және сенімнің болуын, іс-әрекетке, сонымен бірге практикалық әрекетке дайындықты талап етеді. Сондықтан экологиялық мәдениет – тұлғаның қоғамдық белсенділігінің және саналылығының маңызды көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет