Білім беру бағдарламасы: 6В01810-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Орындаған: А. Дошниязова спиС-11 тобы



бет1/8
Дата21.05.2022
өлшемі76,49 Kb.
#144401
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дошниязова курс


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы




«Оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастыру»


Білім беру бағдарламасы:
6В01810-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану


Орындаған: А. Дошниязова
СПиС-11 тобы
Ғылыми жетекші: п.ғ.к.,
қауымдастығының профессоры
Шавалиева З.Ш.


Павлодар – 2022 ж.


МАЗМҰНЫ


Кіріспе


Ι бөлім. Оқу процесіндегі әлеуметтік-экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
1. 1. Жеке тұлғада әлеуметтік-экологиялық тәрбиені қалыптастырудың философиялық аспектісі


ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі
2. 1. Оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері
2.2 Оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны


Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.


Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3).
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М.Қашқари және т.б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Т.Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ.Аймағамбетова, Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.
Оның ішінде Ж.М.Әбділдин мен Қ.Ә.Әбішев өздерінің философиялық еңбектерінде былай деді: “Табиғаттың сыртқы бейнесін өзгерту, жаңа әлеуметтік ортаны құру адам қызметінің принципі болып табылады, ол табиғатты емес, өзінің әлеуметтік жаратылысын жетілдіреді. Оның қызметі жан-жақты, өзінің принципі, заңдылығы бойынша шексіз” (б).
А.Қасабеков төмендегідей пікірін айтады: “Қазақ мәдениеті тарихтың әрқилы кезеңдерінде басқа елдердің мәдениеттерімен біршама байланыста болып, олардан тікелей немесе жартылай импульстер алып отырады. Сыртқы әсерлер негізінен қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігіне, қандай мәселелерге зәру болуына байланысты, өз пайдасын тигізді. Осындай ерекшеліктер қазақ философиялық ойлау жағдайын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлер мен бағыт-бағдарларын құрды”.
Г.Ш.Шалабаева: “Мәдениет құрылымының әлеметтік-мәдени аспектісі еңбек мәденитін, тұрмыс мәдениетін, дене мәдениетін, білімді, ғылымды, моральды, тәрбиені, сонымен қатар экономикалық және экологиялық мәдениетті біріктіреді,” – деп көрсетеді.
Зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын, мазмұнын (И.д.Зверев, А.Н.Захлебный, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева), экологиялық білім және тәрбие берудің кейбір аспектілерін (И.Я.Габаев, Н.А.Каропан), оқушылардың табиғатқа деген қатынасының адамгершілік мотивтерінің мәнін (Н.А.Рыков, В.Г.Иоганзен), оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін (Е.Д.Макаров), оқушыларда экологиялық мәдениеттін іс-әрекеттік компоненттерін дамытуды, (Т.В.Коростелева), төменгі сынып оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Л.А.Чистякова, Е.В.Яковлева), төменгі сынып оқушыларында өлкетану іс-әрекеті арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Н.Э.Якубова, Г.В.Буковская), оқушылардың экологиялық білімін интеграциялауды (Н.М.Михайлова), жоғары сынып оқушыларында дүние танымының бөлігі ретінде экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің теориялық проблемаларын (А.Н.Ильина), мектептің педагогикалық процесінде музыка өнері арқылы жасөспірімдерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (В.К.Кезин, М.В.Шептуховский), болашақ ұстаздарда педагогикалық қатынас мәдениетін қалыптастыру (Н.Д.Иванова, К.Х.Хан), студенттер ұжымындағы кәсіптік-педагогикалық қатынас мәдениеті болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудың шартын (А.К.Рысбаева), мұғалім мен оқушы және оқушылардың өз арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық процестің тәрбиелік механизімі ретінде (Н.Д.Хмель), мектеп оқушыларында ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздерін (Н.А.Асипова), жоғары сынып оқушыларында саяси мәдениеттің негізін қалыптастыруды (Қ.Қ.Жанпейісова), қазақтың музыкалық фольклоры арқылы жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды (Е.Ш.Қозыцбаев), қатынас мәдениетін (С.И.Қалиева), гуманитарлық пәндер құралдары арқылы студенттер мәдениетінің негізін қалыптастыруды (Г.И.Қалиева), қоғам дамуындағы мәдениеттің ролі мен маңызын (М.Х.Балтабаев) ашып көрсететін зерттеу жұмыстары мен еңбектері алынды.
Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеке пәндерді мысалы, дүниетануды оқыту әдістемесінен Қ.Аймағамбетова, ана тілі әдістемесінен С.Рахметова және т.б. оқыту процесінде, сыныптан тыс жұмыстарда У.Танабаев оқушыларға экологиялық тәрбие беру проблемасына да назар аударған.
Алайда, бұл еңбектерде білім мазмұнын талдау, оның құрымдылық бөлімдерінің белгілерін әр пәндегі іс-әрекет мүмкіндіктерімен байланыстыру тұрғысынан қарастырылған. Ал, оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық жүйені, жеке тұлғаны қалыптастыру қажеттілігінен туындайтын жағдайларды айқындауға зерттеулерде мән берілмегендігі анықталды.
Сонымен, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасағанда, негізінен зерттеушілердің жалпы экологиялық тәрбие проблемасы оны қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан, жеке пәндерді оқыту процесі арқылы әдістемелік жолдарын көрсетіп қарастырғаны байқалады. Зерттеу барысында оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру жеке зерттеу объектісі етіп қарастарылмағанына көз жеткізілді. Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі ретінде қарастыру, пәнаралық байланыс негізін көрсету педагогика ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.
Сондықтан, біздің концептуалды негізіміз жүйеде немесе тұтастық ішіндегі бөліктермен қатар болатын, экологиялық ғылым шеңберінен шығып, бірлесіп дамитын философиялық-әдіснамалық мазмұны көрсететін өзара негізделген өзгерісті анықтайтын “пәнаралық байланыс” ұғымы болды.
Пәнаралық байланыс тұрғысынан келудің кең таралуы және оны ғылымының әртүрлі саласында пайдалану мүмкіндігі бізге экологиялық мәдениетті қалыптастыру процесін зерттеуде тиімді қолдануға бағыт берді.
Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде адамды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде пәнаралық байланыстың алатын орны ерекше. Осы орайда пәнаралық байланыс проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектісін анықтау арқылы оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыттарының біріне саналады.
Оқу – тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде зерттеп, қарастырған психолог-педагогтар Одақ көлемінде (И.Д.Зверев, В.В.Давыдов, И.Л.Лернер, В.Н.Максимова, С.А.Рубенштейн, Д.Б.Альконин, т.б.), ал республикамызда (Р.Г.Лемберг, А.А.Бейсенбаева, Т.И.Иванов, С.М.Мұсабеков, Қ.Мұқанов, Р.Б.Лотштейн, М.А.Құдайқұлов және т.б.) еңбектері жарық көрді. Олар пәнаралық байланыстың философиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған, оқу-тәрбие процесіндегі мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелілігі мен байланыстылығы негізінде жан-жақты талдаған.
Біздер арнайы ғылыми философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде адам мен әлем дүниесінің үйлесімдік идеясын басшылыққа алуды қажет етіп отырған қазіргі қоғамдық жағдайда пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселе деп есептейміз.
Сондықтан оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды зерттеу, оның маңыздылығы, көкейкестілігі қоғам өмірінде объективті түрде туындайтын қажеттіліктер жиынтығын қажет етеді.
Қазіргі экологиялық және әлеуметтік мәдени жағдай адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуімен, экологиялық дағдарыстың тереңдеуімен сипаттады, жеткіншектердің экология мәдениетін дамыту проблемасын туындатып отыр. Бұл мектеп тәжірибесінде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткілікті қарастырылмауы мен пәнаралық байланыс мүмкінділігінің толық ашылмауы арасында қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қоғам, табиғат және адам ойының даму жөніндегі диалектикалық заңдылық оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы көрініс табу қажет.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту процесінде оқушылардың экология мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Осының бәрі, сайып келгенде біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Оқыту процесінде оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастыру” деп тандауымызға себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет