Білім беру бағдарламасы: 6В01810-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Орындаған: А. Дошниязова спиС-11 тобы



бет2/8
Дата21.05.2022
өлшемі76,49 Kb.
#144401
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дошниязова курс

Зерттеудің мақсаты – оқыту процесінде оқушылардың әлеуметтік-экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми теориялық жағынан негіздеу және тәжірибелік әдістемесін ұсыну.
Зерттеу объектісі – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні – оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:

  1. “Экологиялық мәдениет” ұғымының мәнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;

  2. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;

  3. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын ғылыми әдістемелік нұсқау дайындау.

Зерттеу әдістері: философиялық, экологиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу жоспарларын, бағдарламаларды, ана тілі мен дүниетану; 3-4 сынып оқушыларының сауал-сұрақтар алып, оны талқылау , әңгімелесу, эксперименттік жұмыстар қою оның нәтижелерін қорытып мектеп тәжірибесіне енгізу, озық педагогтың іс-тәжірибені зерттеу, қорытындылау, математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен ендіру. Студенттің ғылыми әдістемелік ұстанымдары Алматы облысы, Іле ауданының №26 орта мектебінде, Алматы қаласының, Жетісу ауданы №174 негізгі мектепте жүргізілген оқыту жұмыстарында байқаудан өтті.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе бөлімінен; екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.



  1. Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

    1. Жеке тұлғаның экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың философиялық аспектісі

Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесігің теориялық негізін айқындау “мәдениет”, “экологиялық мәдениет”, “қарым-қатынас” ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Бұл ұғымдардың сипаттамасының маңызын белгілеу мақсатында оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты экологиялық мәдениеттің мәні, құрылымы және қызметінің мазмұны ашап көрсетіледі.
Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Қоғамның оқу-білу, ғылым мен өнер салаларындағы жеткен жетістігі десек те болады. Бір сөзбен айтқанда, рухани байлықтың көзі – мәдениетте. Адам өзінің даму барысында қоғамдағы өз мүмкіншілігіне сай айналаны жиған рухани байлығымен көрсетеді. Ол әр ғасырға, әлеуметтік-экономикалық формацияға сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан мәдениет қатып-сеніп қалған және аяқталмаған, қандай болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды.
Мәдениет – халықтың өз топырағында шыңдалып, тумалас ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасып жинақталған өмір тәжірибесінің жиынтығы. Ұлт қанша өмір сүрсе, мәдениет те соншалық болмақ. Сондықтан мәдениеттің негізі ұлттық қалыптасу, оның даму, өсу сатыларына байланысты.
Евразияның ұлы даласында үш мың жыл бойы көшпелі өмір салтын бастан кешіп, сол өмір салтына лайық төлтума мәдениетін қалыптастырған көшпелілер фенонемінің жалпы адамзаттық өркениетте алар өзіндік орны бар.
Қазақтың ойшылдары мен ағартушылары және ұлы зиялылары адам мен табиғаттың біртұтастығы, жеке тұлғаның мәдениеті туралы құнды ой-пікірлер айтқан. Зерттеу жұмысымызда олардың еңбектеріндегі көзқарастарын басшылыққа алдық.
Қазақ ұлтының болмысы өмір салтымен және онымен кіндіктес төлтума мәдениетімен де дараланады. Осы орайда Шоқан Уалиханов “Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Европада үстемболып келеді, - деп жазды. Олар көшпелі моңғол немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал шындығында келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелері бар. Өлеңге әсіресе суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік деуге болады” – деп сипаттай келіп, Шоқан көшпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менмінбейтін кейбір Европа ғалымдарының пікіріне дау айтады.
“Көшпелі елдердің қай-қайсының болсын бір өзгешелігі – олар өлең-жырға бай, шебер келеді….мұндай қасиеттердің болуына көшпелілердің алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен қоншақтай тізілген жұлдыздары көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме кім білсін” – деп жазды (7).
Ойшыл ретінде тек шығыс мәдениетінің бесігінде қалыптасып қана қоймаған, дүниетанымында Батыс пен Шығысты бірдей сіңірген Абайдың көзқарастарының маңызы зор. Ол қазақтың қоғамдық ойында алғаш рет әлемге үдемелі даму мен өзгеру, диалектика тұрғысынан зер салуға ұмтылыс жасады. Егер де адам мәдениетін дүниежүзілік мұхитқа құятын үлкен өзеңге теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуатты тетікпен салыстыруға болады. Оны ойшыл ақынның:
“Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер,” – деген өлең жолдарынан көруге болады (8).
Тұтас дүние туралы ол былай деді: “Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды”. Абай үшін басты нәрсе адам мен табиғаттың бірлігі жөніндегі паық: адам ол үшін табиғаттың ең мәнді бөлшегі. Абай философиясы туының этикалық мәні, айналып келгенде, адамның өмірде алатын орны мен рөлін жоғары бағалау. Оның ұғымынша, адамның тұла бойы парасат пен иманға, еңбеккерлік пен білімге, достық пен сүйіспеншілікке толы болмаққа керек. Күн мен ай – аспан шатырының, ағаш пен жеміс – таутастың өңіріне тағылған алтын болса, піл сауырлы қара жердің құты мен әшекейі – адам.
Абай ілімін одан ары жалғастырған қазақ халқының рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл адам азаматтық етудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Тәңірі, Нұр, күн Табиғат – ол үшін қасиетті киелі ұғымдар (9).
Жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке кіруіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесінде әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көзделеді. Олай болса, бідер жан-жақты дамыған жекетұлғаның тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік қоры: ақыл-ой мәдениеті, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениеті, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқықтық мәдениеті, эстетикалық және денесінің даму мәдениеті, экологиялық және экономикалық мәдениеті алыну керек деп есептейміз.
Ғылыми әдебиеттерде мәдениетке әртүрлі бағытта анықтамалар берілген.
“Мәдениет” – cultura – латын тілінен аударғанда өсіру, өңдеу деген мағынаны білдіреді.
Мәдениет сөзін ең алғаш рет теориялық термин ретінде рим философы Марк Туллий Цицерон “Тускулан пікір салыстары” (б.ғ.д. 45ж) еңбегінде қолданды. Ол кезде бұл агротехникалық термин “жерді, топырақты өңдеу” деген ұғымды білдірген. Ал Цицерон оны адамның ақыл-ойына әсер ететін ауыспалы мағынада қолданды.
“Мәдениет” – ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте американдық антропологтар Кребер және Клакхон мәдениеттің табиғатын, оны құрайтын элементтер мен қасиеттерді, психологиямен, тілмен және қоғаммен өзара қарым-қатынасын талдай отырып оны үш аспектіге: адамның табиғатпен, құндылықтарымен және басқа адамдармен өзара қарым-қатынастары негізінде қарастырды.
Философиялық сөздікте мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі бұл қызмет…адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған деп көрсетілген, сонымен қатар сөздікте мәдениетті анықтайтын төмендегі белгілер көрсетілген: “адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі”; “мәдениет әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту үшін адам қолданатын формалардың эволюциясын дәлелдеуге айқындалады”, ал формалары – дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы. Соныменен, мәдениет негізінен адамның тіршілік әрекетінің тәсілдерімен анықталады (10).
Бұл бағытта С.С.Аверенцевтің жетекшілігімен құрылған философиялық энциклопедиалық сөздікте мәдениетті “материалдық және рухани еңбек өнімдерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың арнайы тәсілі” – деп көрсетеді (11).
Этикалық сөздікте мәдениет ұғымына төмендегідей сипаттамалар беріледі: “мәдениет адамның рухани өмірінің барлық формаларын ойлау, дін, этиканы біріктіреді; адамның ішкі болмысының мәнін бекітуге жоғары ынтасын білідіреді; адамды жоғары дәрежеде ойлауға ұмтылдырады” (12).
Педагогикалық тұрғыдан мәдениет – адамның бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәнін адамның өзіндік адамның еңбегімен байланысты туындайтын продукт деуге болды (13).
Адам мәдениетінің қалыптасуында табиғаттың маңызына В.М.Межуев ерекше орын береді: “мәдениетадам үшін табиғаттың маңызын жоймайды, адамның оған қарым-қатынасын жоққа шығармайды, ол адам үшін табиғатпен оның байланысының, онымен бірлігінің арнайы формасы ретінде көрінеді. Мәдениет – бұл алдыменен тарихтың даму барысында пайда болатын және оның белгілі бір басқышында толығымен ашылатын адамның табиғатқа қарым-қатынасы” (14).
Мәдениет адамның табиғатқа қарым-қатынасынан көрінетіндіктен жұмыс барысында тұлғаның қоғамға қатынасын алдымен “қарым-қатынас” ұғымының мазмұны бойынша ашып көрсетуді мақсат тұттық.
Біз табиғатқа “қарым-қатынас” ұғымының маңызын нақты сипаттау мақсатында экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын зерттеген философтар, социолог, психолог, педагогтар еңбектерін қарастырдық. Психолог-педагогтар А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын; В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұныменен теңестіреді. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов) позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубенштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен байланыстылығы (Б.Ы.Мұқанова) туралы пікірлерін айтады.
“Қарым-қатынас” ұғымын педагогика мен психология ғылымына алғаш А.Ф.Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүние мен табиғатқа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым.
А.Ф.Лазурский бұл ұғымды «жеке тұлғаның сыртқы ортаға табиғатқа, материалдық заттарға, адамдарға және олардың рухани байлығына қатынасы» - деп түсіндіреді (15).
Философиялық сөздікте «қарым-қатынас» категориясы сана мен болмыстың бейнелеу әдісі ретінде қарастыррылады (16).
Қарым-қатынас теориясын (генезисін, құрылымын, қызметін) В.Н.Мясицев, С.Л.Рубинштейн, В.М.Мерлин жасаған.
В.Н.Мясищевтің еңбектерінде негізгі салынған қарым-қатынас теориясы баста болып табылады. Ол жеке тұлғаны «барлық қоғамдық тарихи дамудың нәтижесі», айналадағылараға саналы қатынас жасауға бейім субъект, яғни өзінің қажетіне, мақсатына қарай өзгере алатын субъект ретінде анықтады. Бұл анықтаманы нақтылай отырып, ол былай деп жазады: «Жеке адамдар – қарым-қатынастар жүйесі. Біз тұлғаның бағытын, деңгейін, құрылымын жеке динамикасын сипаттай отырып, оның қарым-қатынасында сипаттаймыз, тұлғаның дамуы оның қарым-қатынасының дамуымен сипатталады» (17).
Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімен тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда адамның экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.
«Экологиялық мәдениетке» тәрбиелеу қажеттілігі XX ғасырдың 70-ші жылдарында айқындалды. Ол бір жағынан, орта мектептерде экологиялық білімнің енгізілуімен байланысты болса, ал екінші жағынан экологиялық дағдырыстың тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы әсерін тигізді.
«Мәдениет экологиясы» терминін ең алғаш рет академик Д.С.лихачев 1980 ж. ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі – мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырды. Мәдениет экологиясының заңдары сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті (18).
Біз Д.С.Лихачевтің төмендегі тұжырымын басшылыққа алдық: «табиғат пен адам» арасындағы қарым-қатынас - өздеріне тән «мінез-құлық ережелері» бар, әлеуметтік екі мәдениеттің қарым-қатынасы. Екі мәдениет тарихи дамудың жемісі, оның ішінде адам мәдениеті табиғаттың ықпалымен дамыса (адамзат тіршілік ете бастаған кезден), ал табиғат адам мәдениетімен тығыз байланыста дамиды.
Сонымен, мәдениет саналы өзгерістің адам мен табиғат арасындағы өзара қатынастардың барлық жүйесін қайта құруға үлкен жаналық жасайтын адам тұрмысының сферасы болып есептеледі.
Экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасын И.П.Сафронов берді. Ол экологиялық мәдениетті «рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен тікелей байланысты адам іс-әрекетінің нәтижелері көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі» ретінде анықтады. Ол мәдениет ұғымын аксиологиялық, іс-әрекеттік, семиотикалық, әлеуметтік гуманистік тұрғыдан түсіндірді (19).
Ал, ғылыми еңбектерде экологиялық мәдениет ұғымын сан-алуан тұрғыдан ғылыми деңгейде түсіндіріп, әр қырынан анықтама берілген.
Кейбір зерттеушілер бұл ұғымды табиғатты қайта іс-әрекеттің мәдениетіне салды. Бұл тұрғыдан қарауды бірінші рет М.С.Каган ұсынды, оны одан әрі А.И.Кочергина және т.б. өз зерттеулерінде жалғастырды. Экологиялық мәдениеттің бұл тар ұғымын басқа зерттеушілер толықтырады. Мысалы, Э.С.Маркарян: «Экологиялық мәдениет қоғамының табиғатпен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік – тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттауды талап етеді», - деп көрсетеді (20).
В.И.Вернадский бойынша, экологиялық мәдениет, адамзат дамуының сапалық қасиеттерге ие болатын бағыттылық векторы (21). Ал Э.В.Гирусов бұл көзқарасты қолдай отырып, мәдениетті «материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы, сонымен бірге тәсілдері ретінде» айқындайды, ал экологиялық мәдениетті «ортаның тіршілікке жарамдылық талаптарына әлеуметтік іс-әрекеттің сәйкестігінің себепшісі болатын» жалпы мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырады (23).
Хейзингтің пікірінше, экологиялық мәдениет бұл рухани және материалдық құндылықтардың сай келушілігі; индивидуумның, бірлестіктің және билсфераның (алдымен, индивидуумның денсаулығы, социум мен биосфераның қолайлылығы) үйлесімділігі; тіршілік формаларын дамыту мен көбейтуге, сақтауға жағдайлар жасауды қадағалау.
Экологиялық мәдениет ұғымының мазмұнын кейбір ғалымдар (И.Л.Носова, М.С.Каган) утилитарлық практикалық аспекті тұрғысынан біржақты қарастырса, ал ғалымдар Л.Я.Станис, Е.В.Станис. «Экологиялық мәдениет, ұлттық, әлеуметтік, мелекетарлық және басқа да дау – жанжалды шешуге мүмкіндік беріп, жалпы адамзаттық құндылықтың мәртебесін арттырып, жер бетінде тіршілік пен цивилизацияны сақтауға адамзатты», - деп есептейді (24).
Сонымен, «экологиялық мәдениет» салыстармалы жаңа ұғым, дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі. Экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, «экологиялық мәдениет» ұғымын төмендегідей тұжырымдаймыз: «экологиялық мәдениет – қоғамның табиғи ортамен ғана емес, әлеуметтік тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттайтын, барлық рухини өмін мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиеті».
Қорыта келгенде, экологиялық мәдениет - әлеуметтік табиғи түбиғи түзілім, оның құрылымы өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады:

  • экологиялық білім;

  • экологиялық сана;

  • экологиялық сенім; экологиялық қарым-қатынас;

  • экологиялық іс-әрекет.

Ғалымдар И.Д.Зверев, А.Н.захлебный, И.Т.Суравегина экологиялық білім мен тәрбиенің міндеті табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ішкі қажеттілік пен қызығушылыққа толығымен өзгерту деп айқындайды (25).
Осыған байланысты біз табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ұсынуды білім, сезім, сенім, іс-әрекет деңгейінде жүргізіп, деңгейлердің өзара байланыстылығын жүзеге асыру қажет деп есептейміз.
Осыған орай экологиялық мәдениеттің құрамды бөліктеріне жеке-жеке тоқталайық.
И.Д.Зверевтің пікірінше, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі – экологиялық білім, оның мазмұны төмендегідей принциптер негізінде құрылуы керек:

  • ғылымилығы – В.И.вернадскийдің био-ноосфера туралы ілімін,

табиғаттың және адамзат қоғамының бірлігі идеясын дамыту;

  • гумандық – адамның табиғатқа және адамның адамға қарым-

қатынасының бірлігі мен қарама-қайшылығын анықтау;

  • экологиялық мәселелердің аймақтық және өлкетану аспектісін ашып

көрсету принципі;

  • кіріккен (интеграция), үздіксіз және жүйелілік принципі.

Д.Н. Кавтарадзе экологиялық білім беруді жеке топтық және
жалпы адамзаттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, экологиялық дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрал, жер бетіндегі барлық адамдардың бірлігін әрбіреуіне сезіндіріп, адамдардың планетамен ортақ тағдырлас екндігін саналы түсіндіретін, олардың күш- қуаты адамзат биосфераның дамуына бағыттайтын рухани өзек ретінде қарастырады (26).
Н. И. Мамедов және И.Т. Суравегина білім берудің мақсаты мен мазмұнын жаңартудың қажеттілігін сана дамуының деңгейімен, адамның адамгершілік түсініктерімен, оның тұлға-аралық байланысының сипаты және кеңдігімен, жеке тұлғаның «жауапкершілікті санасын» қалыптастыруды құрайтын әлеуметтік өмірге араласу дәрежесімен, адамдардың тіршілік әрекетінің құнды мақсаты мен ниет-тілегі ретінде көрсетеді.
Зерттеудің нәтижесінде экологиялық білімнің мазмұны табиғи және әлеуметтік шындықтың кірікке ғылымы бейнесі негізінде құрылуы керек екендігін анықтадық, ал ол төмендегі көзқарастардан туындайды:

  • қоршаған ортаны жүйелі ұйымдастыру;

  • тіршілікті экожүйелі деңгейде ұйымдастыру;

  • адамның мәнін постбиологиялық тірі ағза ретінде түсіну;

  • әрбір адамның макроәлеуметтік процестері үшін күш салудың маңыздылығы мен осының салдарынан жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне жоғары жауапкершілікте болу;

  • адамның еріктілігі, экологиялық императивтігі ретінде жауапкершілігін түсіну (27).

Сонымен, экологиялық тәрбие жеткіншектердің рухани дамуына, оларда қоршаған ортамен өзара іс-әрекетінің адамгершілік деңгейде қалыптасуына, оның ішінде, адамның табиғатпен қарым-қатынасының сезімдік жағына мақсатты бағытталған деп түсіндіріледі. Егер экологиялық білім беру «сана-ойлау-білім-іс-әрекет» ұғымдарымен анықталса, онда экологиялық тәрбие «құндылық-қарым-қатынас-мінез-құлық» ұғымдарымен сипатталады, бұл жағдайда «қарым-қатынас» категориясы экологиялық тәрбиені жүйеге келтіруші тетік қызметін атқарады, ал жеке тұлғаның құнды бағдары, қажеттілігі, ниет-тілегі, адамгершілік бағытын анықтайды.
Б.Т.Лихачев өзінің «Экологиялық сананың құрылымы және оны қалыптастырудың педагогикалық негіздері » атты ғылыми мақаласында экологиялық ананы табиғатта, қоғамда (социумда) және жеке тұлғада тірі ағзалардың қоршаған ортамен және бір-бірімен өзара тәуелділігі, тұрақты тепе-теңдігі, заңды байланыстары туралы адамның меңгерген және жинақтаған білімі, ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің экологиялық эталондары мен нормалары туралы білімі ретінде анықтайды (28). Ғалымның пайымдауынша, экологиялық сана психикада туындап, экологиялық тәрбиемен тәжірибенің негізінде жетіліп, экологиялық сананың қоғамдық формаларына, экологиялық философия, экологиялық идеология, экологиялық мәдениет және жеке тұлғаның тіршілік бейнесі ретінде қайта жаңарады. Экологиялық сананың құндылығы артқан сайын соғұрлым жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті де жоғары болады.
Академик Б.Т.Лихачев экологиялық сананы қалыптастырудың төмендегідей негізгі бағыттарын көрсетті:

Экологиялық тәрбиенің бұл бағыттары ғылымның пікірінше, экологиялық сананың барлық негізгі аспектілерін қамтиды, ол табиғи ортаға іс-әрекеттік тәжірибелік, эмоционалдық сезімдік қарым- қатынасқа сүйенеді. Бұл жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда сана мен мінез- құлықтың, сөз бен істің, сенім мен қылықтың арасындағы қауіпті алшақтықтан сақтандырады.
В.И.Вернадский еңбектерінде экологиялық сана – адамның дүниеге, өзіне шығармашылық қарым-қатынасты деп көрсетті (29).
Э.В.Гирусов экологиялық сананы «табиғи ортамен қоғамның арақатынасы проблемаларын нақты әлеуметтік және табиғи мүмкіндіктерге сәйкес оптимальды шешуді көрсететін көзқарастардың, ілімдердің және сезімдердің жиынтығы деп қарастырды» (30).
Экологиялық сана-экологиялық мәдениеттің рухани формасы, сонымен бірге, ол адамның табиғатқа және адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас көрсетеді.
Экологиялық сананың құрылымын зерттей келіп, ғалымдар одан экологиялық білімді, оның деңгейлерін: тұрмыстық және ғылыми-теориялық ты болып көрсетті. Экологиялық білімнің тұрмыстық деңгейіне діни түсініктер мен дәстүрлерді, ал ғылыми-теориялық деңгейге ғылыми тұжырымдамалар, ұғымдар және т.б. жатқызады.
Экологиялық санаға жақын ұғымдардың жақын ұғымдардың бірі «экологиялық ойлау». Экологиялық ойлау экологиялық құбылыстар мен процестердің негізін танып білуге, нақты экологиялық жағдайларды талдауға мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет