Білім беру бағдарламасы білім деңгейі: Техникалық және кәсіптік Даярлық бағыты және мамандануы


ӘЗІРЛЕНДІ білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы Педагогтер



бет4/7
Дата09.09.2024
өлшемі121,25 Kb.
#203974
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
13.03 БҚ каз

ӘЗІРЛЕНДІ
білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы


Педагогтер



Булекбаева Ж.Ж.



________________
(қолы)

Жаңаберген С.Қ.



________________
(қолы)

Нурадинов И.Е.



________________
(қолы)

Кайпова Ж.С.



________________
(қолы)

Избасарова А.Ж.


________________
(қолы)

Амангелдиева А.А.


________________
(қолы)

Амантайқызы Д.



________________
(қолы)



Ұйым (кәсіпорын) маманы: «Mediana Services Limited» ЖШС IT project manager



Орынбасар М.А.



________________
(қолы)



Индустриялық (жұмыс берушілер) кеңестің отырысында


МАҚҰЛДАНДЫ

16.01.2024ж. № 01 хаттама
Төраға/Председатель Махамбетов Э.Х. ___________
(қолы)

Педагогикалық кеңестің отырысында


ҰСЫНЫЛДЫ
23.02.2024ж. № 04 хаттама

МАЗМҰНЫ



1

Білім беру бағдарламасыныңпаспорты


2

Құзыреттер тізімі


3

Білім беру бағдарламасыныңмазмұны


3.1

Модульдердің (пәндердің) мазмұны


3.2

Білім беру бағдарламасыныңмодульдері (пәндері) бөлінісіндеигерілгенкредиттердің/сағаттардыңкөлемінкөрсететінжиынтықкестесі






3.3

Құзыреттер бойынша пәндер матрицасы





1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ



Мамандық коды жәнеатауы

06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Біліктілік(-тер) коды жәнеатауы

4S06130103 – Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бағдарламалық қамтамасыз етудің бағдарламалық кодын әзірлеуді, жөндеуді, бағдарламалық кодты қайта өңдеу және тексеруді жүзеге асыратын мамандарды даярлау.

Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық қамтылуы

  • ҚР 27.07.2007 ж. № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңы;

  • - Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022ж. № 348 бұйрығына 5-қосымша);

  • - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптаушы (ҚР Білім және ғылым министрінің 27.09.2018ж. №500 бұйрығы);

  • - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.01.2023ж. № 1 бұйрығы).

Кәсіптік стандарт (бар болса)

1.Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. ҚР «Атамекен» ҰКП 05.12.2022ж. №222 бұйрығына №7 қосымша.
2.Бағдарламалық жасақтама сәулетшілері. ҚР «Атамекен» ҰКП 05.12.2018ж. №330 бұйрығына №1 қосымша.
3.WEB және мультимедиялық қосымшаларды, бағдарламалық жасақтаманықұрастырушылар және тестілеу мамандары. ҚР «Атамекен» ҰКП 05.12.2018ж. №330 бұйрығына №2 қосымша.

WorldSkills кәсіптік стандарты (бар болса)

WorldSkills стандарттарының спецификациясы Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттілігі, «Графикалық дизайн» құзіреттілігі.

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

2. ҚҰЗЫРЕТТЕР ТІЗІМІ



Құзыреттер
индексі

Құзыреттер атауы

Қ 1.

Іскерлік қатынастарды ауызша және жазбаша түрде мемлекеттік, орысжәнешет тілінде жүзеге асыру.

Қ 2.

Кәсіби салада қоғамдық-гуманитарлық білімді қолдану.

Қ 3.

Кәсіби салада жаратылыстану және математикалық білімді қолдану

Қ 4.

Өз денесін жетілдіруге деген ұмтылысты көрсету, салауатты өмір салтынаназар аудару.

Қ 5.

Заманауи компьютерлік технологияларды, ақпаратты сандық өңдеуәдістерінқолдану.

Қ 6.

Құқықтық жүйе мен экономика негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайларда азаматтық ұстанымды көрсету.

Қ 7.

Өзін және қоғамдағы өз орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық,
конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдау.

Қ 8.

Бағдарламалық қамтамасыз етудегі талаптарды анықтау

Қ 9.

Бағдарламалық жасақтама кодын жазу және тексеру

Қ 10.

Бағдарлама кодын әзірлеу және тексеру

Қ 11.

Бағдарламалық кодтың өнімділігі мен рефакторингін тексеру.

Қ 12.

Бағдарламалық жасақтаманы сервистік қолдаумен қамтамасыз ету

Қ 13.

Бағдарламалық жасақтаманың пайдаланушы интерфейсінің дизайнын әзірлеу

Қ 14.

Мобильді қосымшаны әзірлеу

Қ 15.

Мобильді қосымшаны тексеру

3. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұны





Модульдер (пәндер)



Модульдердің (пәндердің) қысқаша сипаттамасы

Оқыту нәтижелері

Құзыреттер индексі

Жалпы білім беру пәндері

1

ЖБП 1. Қазақ тілі



Әдеби қазақ тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары; ауызша және жазбаша сөйлеудегі сөйлеу этикетінің ережелері; алынған ақпаратты талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіру тәсілдері; коммуникативтік міндеттерге байланысты оқудың әртүрлі түрлері; монологиялық сөйлеу; көпшілік алдында сөйлеу жанрлары; пікірталас жүргізу ережелері; әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жасау кезінде стилистикасы.

ОН 1.1. Әр түрлі типтегі және жанрдағы, публицистикалық стильдегі мәтіндерді жазу.

Қ 1.

ОН 1.2. Тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын баяндау.

ОН 1.3. Автордың позициясын және мәтіннің жасырын мағынасын, мақсатты аудиторияны, жанрларды анықтау, мәтіннің негізгі және толық ақпаратын түсіну

ОН 1.4. Өз пікірін білдіре отырып, тыңдалған материалды ақпараттың сенімділігі, өзектілігі тұрғысынан бағалау.

ОН 1.5. Мәселені шешудің өзіндік жолдарын ұсына отырып және негіздей отырып, эссенің әртүрлі түрлерін жазу.

ОН 1.6. Ақпаратты әртүрлі көздерден алу және синтездеу.

ОН 1.7. Техникалық-технологиялық және оқу-ғылыми сала шеңберінде көпшілік алдында сөйлеу үшін кеңейтілген монолог құру.

2

ЖБП 2. Қазақ әдебиеті

Әдеби терминдер мен әдеби бағыттар, жанрлар, шығарманың тақырыбы, идеясы, проблематикасы; шығармадағы автордың ұстанымы; көркем шығармалардың бейнелі табиғаты; шығармалардың ашық білдірілген және жасырын мағыналары; шығарманың тілдік ерекшеліктер, негізгі эпизодтар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен іс-әрекеттер; жазушы стилінің ерекшеліктері; шығарма жоспарының түрлері; шығарманы композициялық, стильдік бірлік, тілдік безендіру және қойылған коммуникативтік міндеттерге қолжеткізу тиімділігі тұрғысынан бағалау; басқа өнертүрлерінің құралдары мен жасалған көркем мәтінді түсіндіру; әртүрлі жанрдағы шығармалардың идеялық- көркемдігі, әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін талдау.

ОН 2.1. Көркем шығарманың мазмұнын, оның проблемаларын түсіну, сыни тұрғыдан түсіну, өз көзқарасын білдіру.

Қ 1.

ОН 2.2. Авторлық позицияны білдіруге байланысты дәйек сөздерді, үзінділерді мәтіннен өз бетінше тауып, мәнерлеп жатқа оқу.

ОН 2.3. Шығарма мәтініне сілтеме жасап, тақырып пен бейнелер туралы өз пікірін білдіре отырып, проблемалық сұраққа толық дәлелді жауап беру.

ОН 2.4. Жанрды және оның белгілерін анықтау.

ОН 2.5. Кейіпкерлер жүйесіндегі олардың рөлі мен маңыздылығын анықтай отырып, шығарманың кейіпкерлерін сипаттау.

ОН 2.6. Поэтикалық синтаксистің бейнелері, бейнелеу құралдары мен фигураларын құрудың құралдары мен әдістерін талдау, олардың оқырманға әсерін түсіндіру.

3

ЖБП 3. Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары; ауызша және жазбаша сөйлеудегі сөйлеу этикетінің қағидалары; алынған ақпаратты талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіру тәсілдері; коммуникативтік міндеттерге байланысты оқудың әртүрлі түрлері; монологиялық сөйлеу; көпшілік алдында сөйлеу жанрлары; пікірталас жүргізу қағидалары; әр түрлі жанрдағы мәтіндерді құруы; әдеби терминдер мен әдеби бағыттар, жанрлар, шығарманың тақырыбы, идеясы, проблематикасы.

ОН 3.1. Тақырып бойынша мәтіннің негізгі идеясын анықтау.

Қ 1.

ОН 3.2. Көркем шығарманың мазмұнын, оның проблемаларын түсіну және талдау.

ОН 3.3. Оқылған мәтін бойынша практикалық сұрақтарды тұжырымдау.

ОН 3.4. Күрделі синтаксистік конструкцияларды олардың функционалдық-стилистикалық қасиеттері тұрғысынан пайдалану, сөйлеу нормаларын сақтау.

ОН 3.5. Әр түрлі көздерден алынған ақпаратты қорытындылау.

ОН 3.6. Аралас типтегі мәтіндер жасау, шығармашылық жұмыстар жазу (эссе).

4

ЖБП 4. Шетел тілі (ағылшын)

Шет тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары; әңгімелесулерде және жалпы оқу тақырыптарының кең ауқымы бойынша жазу кезінде ресми және бейресми тілдік регистрлерді пайдалану; оқылғаннан (тыңдалғаннан, көргеннен) алынған ақпаратты салыстыру, талдау, синтездеу, түсіндіру тәсілдері; оқу мен аударманың түрлері; өмірбаяндық, ғылыми-танымал, публицистикалық стильдердің мәтіндері; монологиялық және диалогтық сөйлеу; лексика мен грамматиканы қолдана отырып, мәтін деңгейінде жеке байланысты жазу, редакциялау және түзету әдістері.

ОН 4.1. Болашақ кәсіби қызмет пен байланысты әр түрлі функционалды стильдердің: ғылыми-көпшілік, публицистикалық, өмірбаяндық шынайы мәтіндерін оқу және түсіну.

Қ 1.

ОН 4.2. Оқылған (тыңдалған, көрген) толық және қысқаша баяндауды орындау, оқиғаларды, фактілерді, құбылыстарды сипаттау.

ОН 4.3. Ағылшын тілінен әртүрлі стильдегі мәтіндердің, соның ішінде болашақ кәсіби қызмет пен байланысты мәтіндердің жазбаша аудармасын орындау.

ОН 4.4. Сөйлеу этикетінің нормаларын сақтай отырып, ресми және бейресми қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында диалогтың барлық түрлерін жүргізу.

5

ЖБП 5. Қазақстан тарихы

Орталық Азия өркениеттерінің тарихы; Қазақстан аумағындағы этникалық және әлеуметтік процестер; қазіргі Қазақстан аумағында болған мемлекеттердің, соғыстар мен революциялардың тарихы; қазақ халқының мәдениеті; әртүрлі тарихи кезеңдердегі экономикалық даму ерекшеліктері; саяси-құқықтық процестер; қоғамдық-саяси ойдың дамуы; Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуы.



ОН 5.1. Орталық Азия өркениеттерінің шығу тегі мен ерекшеліктерін, алуан түрлілігін, мәдени ортақтығын, материалдық және рухани мәдениетінің жетістіктерін сипаттау.

Қ 2.

ОН 5.2. Қазақстан аумағындағы этногенезді, этникалық және әлеуметтік процестерді талдау.

ОН 5.3. Қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи кезеңдерін, тарихи-географиялық сипаттамаларын, қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін талдау.

ОН 5.4. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, кеңестік кезеңдегі және ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениетін талдау.

ОН 5.5. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесін және Қазақстанның қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттау.

ОН 5.6. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси-құқықтық процестер мен қоғамдық-саяси ойдың дамуын сипаттау.

ОН 5.7. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасын және XVIII-XX ғасырлардағы білім беруді дамытуды талдау.

6

ЖБП 6. Дүниежүзі тарихы

Әлемдік өркениеттердің жіктелуі мен тарихы; әлемдік этникалық және әлеуметтік процестер; мемлекеттердің, соғыстар мен революциялардың тарихы; мәдениеттің дамуы; өркениеттердің даму ерекшеліктері; саяси- құқықтық процестер; қоғамдық-саяси ойдың дамуы; білім мен ғылымның дамуы.

ОН 6.1. Өркениеттердің түрлері мен ерекшеліктерін, мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара әсерінің оң және теріс жақтарын сипаттау.

Қ 2.

ОН 6.2. Этникалық және әлеуметтік процестерді олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі маңыздылығын сипаттау.

ОН 6.3. Империялардың, соғыстардың, революциялар мен шапқыншылықтардың себептері мен салдарын сипаттау.

ОН 6.4. Адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтары мен мәдени мұрасының қалыптасу көздері мен маңыздылығын сипаттау.

ОН 6.5. Экономикалық жүйелердің тарихи түрлерін, табиғи-географиялық фактордың мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін сипаттау.

ОН 6.6. ХХ-ХХІ ғасырлардағы қоғамдық-саяси ойдың дамуын, әлемнің қазіргі саяси-құқықтық биполярлық жүйесін, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау проблемасын сипаттау.

ОН 6.7. Білім мен ғылымның дамуын және олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі маңыздылығын сипаттау.

7

ЖБП 7. Математика

Функцияның түрлері, қасиеттері мен графиктері; тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері; тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу; дәрежелер мен түбірлер; дәрежелік, көрсеткіштік және логарифмдік функцияның қасиеттері мен графиктері; иррационалдық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері; көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер; функцияның шегі мен үздіксіздігі; туындының физикалық және геометриялық мағынасы және оның қолданылуы; алғашқы образды және интегралдардың қасиеттері мен қолданылуы; математикалық статистика мен ықтималдық теориясының элементтері; стереометрия аксиомалары және олардың салдары; кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы; координаттардың тік бұрышты жүйесі; кеңістіктегі вектордың координаттарын есептеу; көп жақтардың түсінігі мен қолданылуы; айналу денелері және олардың элементтері; денелердің көлемі.

ОН 7.1. Математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттерін меңгеру, функцияларды сипаттай білу.

Қ 3.

ОН 7.2. Рационалды және иррационалды, индикативті, дәрежелік, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу әдістерін меңгеру.

ОН 7.3. Қарапайым ықтималдық теориясының негізгі ұғымдары туралы түсінікке ие болу, оқиғалардың пайда болу ықтималдығын табу және бағалау.

ОН 7.4. Жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралар, олардың негізгі қасиеттері туралы түсінікке ие болу, сызбалардағы, модельдердегі және нақты әлемдегі геометриялық фигураларды тану.

ОН 7.5. Геометриялық есептер мен техникалық-технологиялық есептерді практикалық мазмұнмен шешу үшін геометриялық фигуралар мен формулалардың меңгерілген қасиеттерін қолдану.

8

ЖБП 8. Информатика

Компьютерлік жабдықты пайдалану кезіндегі эргономика мен қауіпсіздігі; мобильді құрылғылардың аппараттық қамтамасыз ету, сипаттамасы мен анықтамалары; виртуалды машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етілуі; санау жүйелері мен логикалық операциялары; ақпараттық процестер мен жүйелер; ақпараттық объектілерді құру мен түрлендіру; қосымшалардың әзірлеу; компьютерлік желілері және ақпараттық қауіпсіздігі.

ОН 8.1. Пайдаланушының қауіпсіздігін және компьютерді қорғауды қамтамасыз ету тәсіолерін білу.

Қ 5.

ОН 8.2. Процессорлар мен мобильді құрылғылардың аппараттық құралдарының функциялары мен жұмыс принципін, бағдарламалық жасақтаманы таңдвуды түсіндіру

ОН 8.3. Әр түрлі жүйелерінде сандарды түрлендіру,логикалық схемалар мен өректерді құру дағдыларын меңгеру

ОН 8.4. Деректер базасын құру,блокчейн және бұлтты технологияларды қолдану дағдыларын меңгеру

ОН 8.5. 3D модельдеу және Web-жобалау дағдыларын меңгеру

ОН 8.6. Алгоритмдер мен интерфейстерді құру дағдыларын меңгеру

ОН 8.7. Пайдаланушы ақпаратына қатысты ақпараттық қауіпсіздік шараларын қолдану.

9

ЖБП 9. Физика

Кинематика және динамика негіздері; статика және гидростатика негіздері; импульс пен энергияның сақталу заңдары; жылуфизикасы; газ заңдары; термодинамика негіздері; сұйық және қатты денелер туралы ұғымдар; электростатика; электртогы; электромагниттік индукция; механикалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері; толқындық және геометриялық оптика; атомдық және кванттық физикасы; атом ядросының физикасы; космология негіздері.

ОН 9.1. Негізгі ұғымдарды меңгеру, механиканың заңдарын, теориялары мен теңдеулерін түсіндіру және қолдану.

Қ 3.

ОН 9.2. Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздерін меңгеру, қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың модельдері мен қасиеттерін сипаттау.

ОН 9.3. Электр тогы мен магнетизмнің табиғатын түсіну, олардың негізгі заңдылықтары мен сипаттамаларын білу.

ОН 9.4. Тербелістер мен электромагниттік толқындардың пайда болу жағдайларын түсіндіріу, олардың қасиеттері мен физикалық мағынасын сипаттау.

ОН 9.5. Оптикалық құбылыстардың табиғаты мен заңдылықтарын сипаттау.

ОН 9.6. Электромагниттік және радиоактивті сәулеленудің сипатын түсіндіру, нанотехнологияның негізгі жетістіктерін сипаттау.

ОН 9.7. Жалпы Ғаламның қасиеттері мен эволюциясын түсіндіріу.

10

ЖБП 10. Химия

Атомның құрамы мен құрылысы; атомдардағы электрондардың таралуы мен қозғалысы; химиялық байланыстың түрлері; химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық кестесі; заттар массасының сақталу заңы; тотығу-тотықсыздану реакциялары; химиялық реакциялардың жылдамдығы; химиялық тепе-теңдігі; аса маңызды р-элементтері және олардың қосылыстары; металдар мен олардың қорытпалары; биохимия негіздері.

ОН 10.1. Атомның құрамы мен құрылымын, атомдардағы электрондардың таралуы мен қозғалысын түсіндіру.

Қ 3.

ОН 10.2. Химиялық байланыстың табиғатын және оның түрлерін түсіндіру.

ОН 10.3. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары мен энергиясын түсіндіру.

ОН 10.4. P - элементтерінің және олардың қосылыстарының құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау.

ОН 10.5. Металдар мен олардың қорытпаларының қасиеттерін, алу тәсілдерін және қолдану саласын сипаттау.

ОН 10.6. Көмірсулардың, аминдердің, аминқышқылдары мен ақуыздардың құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, ферменттердің рөлі мен маңыздылығын түсіну.

ОН 10.7. Нуклеин қышқылдарының құрылымын және олардың жіктелуін сипаттау.

11

ЖБП 11. Биология

Молекулалық биология және биохимия негіздері; жасуша биологиясының негіздері; тірі организмдердің алуан түрлілігі, құрылымы мен қызметі; тірі организмдердің көбеюі, тұқым куалаушылығы, өзгергіштігі, эволюциялық даму; селекция негіздері; биомедицина, биоинформатика, биотехнология негіздері; биосфера, экожүйе, популяция; экология және адамның қоршаған ортаға әсері.

ОН 11.1. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың құрылымын, құрамы мен қызметін сипаттау.

Қ 3.

ОН 11.2. Электронды микроскоп астында көрінетін жасуша органоидтарының құрылымы мен функциясының ерекшеліктерін түсіндіру.

ОН 11.3. Биологиялық процестерде тамақтану, заттарды тасымалдау, тыныс алу және шығару механизмін түсіндіру.

ОН 11.4. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және дамуындағы жасуша циклінің маңыздылығын анықтау.

ОН 11.5. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын, эволюция мен селекция механизмін түсіндіру.

ОН 11.6. Бионика, биоинформатика, биотехнологияның рөлі мен әдістерін сипаттау.

ОН 11.7. Өз аймағының экожүйелері мен экологиялық мәселелерін сипаттау.

12

ЖБП 12. География

Географиялық зерттеу әдістері; картография және геоинформатика негіздері; табиғатты пайдалану және геоэкология негіздері; геоэкономика негіздері; геосаясат негіздері; елтану; адамзаттың жаһандық проблемалар.

ОН 12.1. Зерттеудің жалпы географиялық және өзекті географиялық әдістерін меңгеру.

Қ 3.

ОН 12.2. Геоақпараттық жүйелердің заманауи картографиялық әдістері мен технологияларын қолдану.

ОН 12.3. Табиғатты пайдалану тұжырымдамасын түсіну және өнеркәсіптік өндірістің антропогендік факторларының қоршаған ортаға әсерін талдау.

ОН 12.4. Қазақстан өңірлерінің аумақтық факторларын, геоэкономикалық жай-күйі мен әлеуетін сипаттау.

ОН 12.5. Қазақстанның геосаяси жағдайы мен қауіпсіздігін талдау.

ОН 12.6. Географиялық, демографиялық, әлеуметтік және бәсекеге қабілетті көрсеткіштер бойынша әлем елдерін салыстыру.

ОН 12.6. Адамзаттың жаһандық проблемаларын және олардың Қазақстан аумағындағы көріністерін сипаттау.

13

ЖБП 13. Графика және жобалау

Ақпаратты визуализациялаудың графикалық тәсілдері мен құралдары; суреттердің негізгі түрлері және олардың құрылысы; кескіннің түрі мен құрамын түрлендіру; геометриялық денелердің қалыптасу заңдары және пішіндерді құрастыру; пішіндерді түрлендіру; техникалық, архитектуралық құрылыс және ақпараттық графика элементтері; жобалық графикасы.

ОН 13.1. Графикалық кескіндерді, соның ішінде компьютерлік графика құралдарын орындау әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

Қ 3., Қ5.

ОН 13.2. Қатты күйдегі және беттік модельдеу әдістерін компьютерлік графика құралдарын меңгеру.

ОН 13.3. 3D моделінің түрін, құрамын және формасын түрлендіруді орындау.

ОН 13.4. Техникалық, сәулет құрылыс және ақпараттық графика элементтерін меңгеру.

ОН 13.5. Жобалық графика дағдыларын меңгеру.

14

ЖБП 14. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық

Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері; әскери қызметтің құқықтық негіздері; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері; жалпы әскери жарғылары; тактикалық, атыс, саптық дайындық және әскери топография; әскери робототехника негіздері; тіршілік қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері; доңғалақты машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері; жол қозғалысы ережелері.

ОН 14.1. Мемлекет қорғанысының негіздері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мақсаты, олардың сипаты мен ерекшеліктері туралы түсіну.

Қ 4., Қ 6.

ОН 14.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының жалпы ережелері мен құқықтық негіздерін меңгеру.

ОН 14.3. Атыс қаруын меңгеру, саптық дайындық, робототехника, IT-технологияларды пайдалану және доңғалақты машиналарды жүргізу негіздерін қолдану дағдыларын қолдану.

ОН 14.4. Төтенше жағдайларда қауіпсіздік техникасы қағидаларын және адам өмірінің қауіпсіздік негіздерін меңгеру.

15

ЖБП 15. Дене тәрбиесі

Дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы; алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негіздері мен қағидаттары; кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру әдістері; дене шынықтырудың рекреациялық және оңалту құралдары; жеңіл атлетика және гимнастикалық жаттығуларды орындау ережелері мен техникасы; футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннистегі, ұлттық және қысқы спорт түрлеріндегі, жүзудегі ережелер мен техникалық-тактикалық іс- қимылдар; туризм түрлері; заманауи фитнес- технологиялары.

ОН 15.1. Дене шынықтыру сабақтарында техника қауіпсіздік және жеке гигиена ережелерін меңгеру.

Қ 4.

ОН 15.2. Бағдарламада көзделген жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу жаттығуларын, бақылау нормативтері мен тестілерді орындау.

ОН 15.3. Зерттелетін спорттық ойындардың ережелерін білу, қозғалыс әрекеттерін техникалық тұрғыдан дұрыс орындау, оларды жарыстарда қолдану.

ОН 15.4. Қазіргі заманғы фитнес технологиялары мен туризм түрлері туралы түсіну.

16

ЖБП 16. Жаһандық құзыреттер

Жаһандық құзыреттер ұғымы мен қолданылуы; қаржылық сауаттылығы; өзара қарым-қатынас мәдениеті; мәдениетаралық қарым-қатынас негіздері; зертханалық технологиялардағы жаһандық құзыреттері; еңбекті бағалаудың әдістері мен нысандары; IT- жүйелермен жұмысы; жобалық менеджмент.

ОН 16.1. Жаһандық құзыреттер және олардың жеке тұлғаны дамыту үшін маңызы туралы түсіну.

Қ 5., Қ 6.,
Қ 7.

ОН 16.2. Қаржылық сауаттылық негіздерін меңгеру.

ОН 16.3. Жанжалдарды шешу дағдыларын меңгеру.

ОН 16.4. Мәдениетаралық коммуникация дағдыларын меңгеру.

ОН 16.5. Кәсіби қызметте жобалық менеджмент дағдыларын қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет