Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет24/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Тəрбие – тұлға нышандарын дамытатын фактор ретінде.

  2. Тұлғаның қалыптасуы жəне тəрбие.





5 Дәріс тақырыбы: Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзреттілігі
Жоспары:

  1. Мамандық және кәсіп туралы түсінік.

  2. Қазіргі заманғы маманға қойылатын талаптар.

Жоғары ұлттық білім беру жүйесінің қызметі Қазақстанның жедел қарқынды және демократиялық жолмен дамуын, оның өркендеуіне және әлемдік қауымдастық биіктігінен көріне білетін, ХХІ ғасырдың жаңа талаптарына нәтижелі шешетін азамат тәрбиелеу болып табылды. Жоғары білім алатын азаматтар туралы ҚР «Білім туралы» Заңының 35- бабында былай делінген:

  1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімінен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

  2. Жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары жоғары оқуорындарында іске асырылады. Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негізгі түрлері болып табылады.

  3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестациялаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

  4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми- қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық білім беру консорциумын құруға және (немесе)оған кіруге құқылы.

Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау, ең алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болаған жаңаша тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және жоғары білімнің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдаламасын енгізумен байланысты. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкететтік бағдарламасында техникалық және кәсіптік білім мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу. Бүгінгі жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Соған сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың бакалавриат-магистратура – PhD докторантура бағдарламалары бойынша үш сатылы моделін қалыптастыруға ұмтылу. Сапалы жоғары білімді көздей отырып Қазақстан Еуропалық жоғары білім страндарттарын бет бұрды. 1997 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып мемлкететтік аралық дипломдарды өзара қабылдау тралы айтылған жоғары білім туралы Лиссобон конвенциясын енгізген. Бүгінде Қазақстан жоғары білім беру жүйесі Болон процесі- еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны-Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық деклоранциямен мүше болды. Болон процесі- жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің бірыңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет