6. Дәрістер кешені
1 апта
№ 1 Дәріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Жоспары:
1. Педагогиканың ұғымдық аппараты.
2. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған.Педагогиканың болмыс ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Педагогикада "мадсат", "құрал", "тәсіл", "даму" және қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар.Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие - көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық больш айналысады. Олай болса, тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік органың, мектеп пен ата - аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Педагогика пəні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тəлім-тəрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның əдіс-тəсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тəжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - əрі ғылым, əрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тəжірибемен қауышатын практикалық мəндегі пəн. Педагогика пəнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема: тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары жəне оған тəрбиелеу ықпалдарын ұғындыру, тəрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау, тəрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру, тəрбие əдістерін, білім беру мен оқытуды зерттеу жəне оның тиімді тəсілдері мен жолдарын ашу, оқыту процесіндегі заңдылықтар мен əдістемелер жəне оған қойылатын басты талаптар.
Педагогика пəнінің негізі – тəлім-тəрбиелік іс-əрекет пен педагогикалық жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына əсер етуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты əрекет құралдары мен əдістері жəне тиісті процестегі ықпалдастығының көздеген мақсатқа орай
ұйымдастырылуы – педагогикалық жүйе болып табылады. Педагогика ғылымында бір-бірімен
тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар;
2.Тəлім-тəрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тəрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім.
Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тəрбие беретін мекеменің
мүддесіне, оқытылатын пəннің талабына үйлесімді құрылады. Тəрбие - əрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған əлеуметтік тəжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тəрбиенің мазмұны мен əлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тəрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кəсіби іс-əрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға əлеуметтік тəжірибені меңгерту үшін, оларды тəрбиелейтін тəрбиеші, мұғалім керек болды. Педагогика - қоғамның тəрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс- əрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады. Педагогика пəні – индивидтің (биологиялық жан иесінің) өткен ұрпақтардың əлеуметтік тəжірибесін меңгеруі, оқу жəне оқудан тыс уақыт бірлігіндегі - біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар оқушыларға əлеуметтік тəжірибенің мазмұнын меңгерту іс-əрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді танымдық əрекетпен қарулануына байланысты. Бір элемент пен көп элементтердің қосылуы барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықтағы “ұстаздар - оқушылар” жүйесі, жетекші педагогикалық жүйе деп аталады. Кез келген жүйенің (биологиялық, техникалық, əлеуметтік) өзгеру жағдайы - процесс деп аталады. “Мұғалім - оқушылар” жүйесінің өзгеру жағдайы - педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара əрекетінде тұлғаның өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық - педагогиканың категориялары, яғни ұғымдары жүйелер арқылы бейнеленеді. Жас ұрпақтың əлеуметтік тəжірибені меңгеруі біліммен қарулануына байланысты. Индивидтің жеке тұлға жəне азамат ретінде дамуы, əлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір əлеуметтік ортадағы іс-əрекеттерді талап етеді. Осыған орай, əлеуметтену - ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, “өз менінен” басқа “менге”, яғни əлеуметке енуі. Əлеуметтендірудің негізі, ол белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру дегенді білдіреді. Ол тұлғаға сол қоғамның толық мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның əлеуметтенуі ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нəтижесін болжау қиын жəне қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Демек, ұстаз əлеуметтендірудің мəнін түсіне отырып, оқушыларды «біздің» деген ынтымақтастыққа келтіру үшін қажетті байланыстарды орнықтырып, оқушылардың оқуы мен отбасында осы мəселені шешуге көмектесе алады жəне «өзіндік меннің» оқу барысындағы жəне оқудан тыс іс-əрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады. Педагогика категорияларының құрамы: тəрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту, əлеуметтендіру, тұлға, іс-əрекет, даму, қалыптастыру, т.с.с. жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар алдыңғы тарауларда қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |