Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет25/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Оқытушы функциясы дегеніміз не?

  2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі дегеніміз?

  3. Профессиография дегеніміз?

6 Дәріс тақырыбы: Педагогтың ғылыми-зерттеу мəдениетін қалыптастыру
1. Мұғалімнің зерттеу мəдениетін дамыту
2. Дүниетаным туралы түсінік, мəні, бөліктері.
Мұғалім-зерттеуші болу үшін, білімді, ептілікті жəне зерттеу қызметі қабілетін
қалыптастыру кезеңдерінен өту керек: мұғалім əдістемелік жұмыстың дəстүрлі формаларын түсінеді, олар педагогикалық білім беру концепциясына негізделеді; мұғалімнің жұмысы алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені меңгеруге, өз қызметін түсінуге, өз тəжірибесі мен ұжымдарының тəжірибесін талдауға жəне жалпылауға бағытталған; ол əдістемелік қиындықтарды анықтайды, оларды шешу жолдарын іздейді, оқыту технологияларымен танысады; (оқу-əдістемелік əдебиетті дайындау) мұғалімнің жеке зерттеу қызметінің қажеттілігін түсінуі,оқу бағдарламаларын дайындауға қатысуы, жаңа оқыту технологиясын меңгеруі жəне жұмыс істеуі керек; (жеке идеяларын жүзеге асыру) мұғалім авторлық бағдарламалар, оқыту психологиясының жеке элементтерін дайындайды; (жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру) мұғалімнің ғылыми мақалаларды дайындауын, оқыту мен тəрбиелеудің жаңа əдістерін, оқытудың жаңа технологияларын қалыптастыруды болжайды.
Зерттеу мəдениетін қалыптастырудың əрбір кезеңінде мұғалім педагогикалық білім,
біліктілікті арттыру, кəсіптік-педагогикалық мəдениетті қалыптастыру саласындағы нақты концепцияға жүгінеді. Мұғалімді кəсіптік дамытудың негізгі шарты өзгерістер қажеттілігін түсіну жəне құзыреттілікті арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу болып табылады. Оқушылардың ғылыми дүниетанымның қалыптасуы – күрделі əлеуметтік-педагогикалық мəселе. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы. Қазіргі нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік жəне қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті əлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің əлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы əдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нəтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам,
ой дамуының мəні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, əр түрлі табиғи жəне қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нəтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нəтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім жəне жаратылыстану ғылымдарының дамуы нəтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім жəне жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тəжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.Жеке адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-əрекет нəтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мəдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімінің мəнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім –көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тəжірибесін меңгергенінің нəтижесі.
Сенім əлде бір “білетін” немесе “түсінетін” емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады. Жеке тұлғаның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тəжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірініңжағдайларына байланысты өзгереді. Əлеуметтік орта – адамды əлеуметтік өміріндегі
қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі.
Əлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық жəне кəсібіне тəуелді. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана əсерлі жəне тиімді болып келеді.Философияның өзі де – дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы. Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тəжірибесіне сүйенеді. Философияның мəні “дүние-адам” мəселелері туралы ойлар. Арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады.
Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның 072 аu1072 арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өміріиндивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. “Жеке тұлғаның шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық,ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына əкеледі... Қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады” (П. И. Новгородцев). Дара тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді жəне оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін жəне шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына жəне оларды қызмет-əрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нəтижелілігіне деген сенімдерден тұрады. Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде:жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін жəне қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы əлеуметтік, адамгершілік жəне эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет