Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет37/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Дүниетанымның философиялық негіздері?
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ?
3. Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдерін атаңыз.

20 Дәріс тақырыбы: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.


Жоспары:

  1. Дүниетанымның мәні түрлері және негізгі компоненттер

  2. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру өзекті педагогикалық мәселелері.

Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.Табиғи – жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар. Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері – әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді. Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет