Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.
Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?
Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады?
№28 Дәріс тақырыбы: Оқушылардың танымдық іс-əрекетін белсендендіру
Жоспар:
1. Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемалары
2. Оқытудың белсенділігін көтеруде үш деңгей туралы түсінік
Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру – психология, педагогика ғылымы саласындағы, сондай-ақ білімдендіру практикасындағы актуальдық мəселенің бірі. Педагогтер оқушылардың білім алуға деген самарқаулығын, оқуға құлықсыздығын, білуге деген қызығушылығы мен құмарлығының мəз еместігін байқап, оны болдырмас үшін оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі моделдер жасап, окытудың жаңа амал тəсілдерін қоймастан іздестіруде. Осы орайдан оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды да күшейтіп, берілген ақпараттық мағлұматты қаншалық меңгергендігіне байланысты интенсификациялауда оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де, түрлі психологиялық тəсілдерді де кеңінен қолдануда. Оқытуға қойылатын мақсатқа жетудегі басты фактор тұлғаның белсенділігін арттыру проблемасына байланысты. Былайша айтқанда, тұлғаның жалпы дамуы, кəсібилікке əзірлік деңгейі, ақыл-ой жұмысына бейімділігі, оқыту принциптеріне байланысты білімнің мазмұнын, формасын, əдістерін менгерумен, сондай-ақ оқытудың стратегиялық бағдарына үйлесімділігін арттырып, олардың белсенділігін дамытып, берілген ақпараттың көлемін зорайтумен қатар оған бақылауды жетілдіруді назарда ұстаумен де шарттас. Ал, игерілуге тиісті ілімнің мəнін көтеруде дидактикалық, психологиялық ахуалды дұрыс пайдалану жəне тұлғаның дербестік деңгейін жетілдіру бір-бірімен іштесе байланысып жатқан мəселе.
Тұлғаның оқудағы белсенділік деңгейінің өрістеуінде оның логикалық дамуы да ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, тұлғаның жеке басының өзіне ғана тəн ерекшеліктерімен қатар оқуға деген ынтасы, мотиві айтарлықтай мəнге ие болады. Оқытудың дəстүрлі логикасындағы негізгі кезеңдеріне мəн берсек, оқушыға олар білуге тиісті материал таныстырылады, ал олар қабылдап, мəнін ұғынып, ойлауымен қатар, көңілінде бекіту əрекеттері жалпы тəртіпке саналатыны белгілі. Əдеттегі практикалық іс-əрекетте оқушының белсенділігін көтеру 3 деңгейде қарастырылады:
1. Қабылдау белсенділігі - оқушының ұғынудағы талпынысын сипаттайды жəне білімді қабылдауы, еске сақтауы, меңгеру тəсілдерін біліп, үлгіні тұтына алу тұрғысынан қарастырылады.
2. Интерпретациялық белсенділік – шəкірттің оқылған материалдың мəнін ұғынып, ондағы білімдік түсінікті өзгерген жағдайға үйлесімді пайдалануымен жəне сол тəсілді жаңғыртып қолдана алуы тұрғысынан ескеріледі.
3. Шығармашылық белсенділік - оқушынын білімді теориялық жағынан ұғынуға ұмтылып, проблеманы шешуде өзіндік ізденіс танытып, танымдық қызығушылығын жетілдіріп өркендетеді.
Көрсетіліп отырған проблемаға жасалған теориялық талдаулар мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибелер дəлелдеген деректерге сүйенгенде шəкірттердің белсенділігі
педагогикалық, психологиялық жағдайға тəуелді екені айқын мəселе. Сонымен қатар оқытудағы белсенділік тұлғаның ұстанған тəсіліне, өзін субъект ретінде көрсете алмауымен қатар, өзіндік "мендік" əрекетіне де байланысты. Осынын бəрін сараптай келгенде тоғысар арнасы тұлғаның оқудағы белсенділігінен бастау алып өркен жаяды. Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study) Нақты ситуацияны талдау - оқушының іс-əрекеттегі белсенділігін ұйымдастыруда мəні зор тиімді əдіс. Өмір мен өндірістегі міндеттерден туындайтын нақты ситуацияны талдай алудың əдістерін игеру тұлғаның қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты ситуацияға кезіккенде алдымен мына мəселені айқындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол неліктен туып отыр жəне оған өзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |