Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет47/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қадағалау, тексеру ұғымдарына түсінік беріңіз.

  2. Білімді тексеру кезеңдері көрсетіңіз.

  3. Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережелерін көрсетіңіз.

30 Дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісте білім алушылардың оқу іс-əрекетінің нəтижесін бақылау жəне бағалау
1. Оқушылардың білім деңгейін бағалау жолдары
2. Ағымдық, аралық іс-əрекетті бақылау

Оқушылардың білімін тексеріп бағалау - педагогикалық үрдіске қатысты мəселені жинақтап қорыту болып табылады. Өйткені оқыту нəтижесінде оқушының меңгерген білім, білік дағдысы қандайлық дəрежеде екендігін айқындап, олардың алған білімін тəжірибеде қолдана білу міндеттерін шешуге бағыттай алу үрдісін бақылап бағдарлаудағы негізгі сала екені белгілі.


Бағалау - оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің көрсеткіші. Əрине, оқушының дамуындағы сапалық деңгей өлшеуішке салып дəлді ажыратуға келмейтін күрделі мəселе екені рас, солай болғанымен де оны есепке алып, тексеріп бағалау оқыту саласындағы басты істердің бірі болып саналады.
Дидактикадағы ежелден бері белгілі дəстүрлі бақылап, бағалаудың бірнеше түрі бар. Орта оқу орындарында ағымдағы бақылау, кезеңдік жəне қорытынды бақылау деп жіктеледі. Ағымдағы бақылау нақты сабақ барысында өткен тақырып бойынша меңгерген нəтиже тексеріліп бағаланады. Кезеңдік бақылауда оқылатын пəннің арнаулы тараулары бойынша, немесе тоқсандық, жарты жылдық көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгеруі бағаланады. Қорытынды бақылау оқушыны сыныптан сыныпқа көшіру қарсаңында өткізіледі жəне мұндағы басты мақсат - оқушының алған білімін жинақтап, меңгергенін, алған білімін келешекте ілгері жалғастыру бағдары өзектілігі көзделеді. Білімді бағалау əдісі - бақылау арқылы жəне ауызша, жазбаша тексеріледі, сондай-ақ сауалнамалық тест, тəжірибе жолымен жүргізіледі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. «Педагог мәртебесі туралы» заң қашан қабылданды және міндеті қандай??

  2. Рейтинг жүйесіндегі модульдік құрылым.

  3. Тест сөзінің мағынасын ашып көрсетіңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет