Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет46/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Оқытудағы интерактивтік əдістердің тиімділігі қандай?

  2. Технология сөзінің қолданылу аясы қандай?

  3. Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер.

15 апта
29Дәріс тақырыбы: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау
Жоспары:
1.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.
2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.
3. Оқығандықты тестілеу.
Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.
Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады. Көрсетіліп отырған проблемаға жасалған теориялық талдаулар мен алдыңғы қатарлыпедагогикалық тəжірибелер дəлелдеген деректерге сүйенгенде шəкірттердің белсенділігі педагогикалық, психологиялық жағдайға тəуелді екені айқын мəселе. Сонымен қатар оқытудағы белсенділік тұлғаның ұстанған тəсіліне, өзін субъект ретінде көрсете алмауымен қатар, өзіндік "мендік" əрекетіне де байланысты. Осынын бəрін сараптай келгенде тоғысар арнасы тұлғаның оқудағы белсенділігінен бастау алып өркен жаяды. Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study) Нақты ситуацияны талдау - оқушының іс-əрекеттегі белсенділігін ұйымдастыруда мəні зор тиімді əдіс. Өмір мен өндірістегі міндеттерден туындайтын нақты ситуацияны талдай алудың əдістерін игеру тұлғаның қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты ситуацияға кезіккенде алдымен мына мəселені айқындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол неліктен туып отыр жəне оған өзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет.
Қазіргі зерттеушілер ситуацияны мəні мен түріне қарай былай топтастырып жүр: проблемалық ситуация, ситуацияны бағалау, иллюстрациялық ситуация, жаттығу ситуациясы т.б. Осының кейбіреулеріне тоқталайық. Проблемалық ситуация - нақты өмірден жинақталған деректердегі шиеленіс. Əбден матаса шиеленіскен мəселені шешуге талаптанған адам оған бейне бір актерше қарап, ситуацияны шешудің өзіндік жолын ұсынады немесе мұны шешу мүмкін емес деген пайымдау жасайды.
Ситуацияны бағалау - оқиғаға байланысты мəселе талданып, ситуациядан шығудың жолы шешіліп қойған. Осыған дейінгі қабылданған шешімге жан-жақты мəн беріп, сын көзбен қарай отырып баға беріледі. Болған оқиғаға байланысты айғақтарды талдап, дəлелдеп қорытынды жасайды. Тыңдаушылар мəселеге араласпай, тек сырттай бақылаушы дəрежесінде қала береді.Иллюстрациялық ситуация - тиісті тақырыпқа байланысты күрделі мəселені шешу үшін оқытушы тапсырған тапсырма бойынша жүргізіледі де, тиісті тұжырымдама бойынша жасалады.Əрине, мұнда өзінше пайымдама шығаруға мүмкіндік аздау болады. Өйткені келтіріліп отырған мысал, дерек жөніндегі ситуацияға баға беріліп, айқындалып қойғандықтан оны басқаша шешудің қажеті де бола бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет