Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Маденова Л. М. аға оқытушы, педагогика және психология магистрі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет41/59
Дата20.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#181792
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Байланысты:
Педагогика 5кр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  2. Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  3. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

24 Дәріс тақырыбы: Lesson Study – оқыту үдерісін дамыту мен жетілдірудің тәсілі ретінде
Жоспар:

  1. Lesson Study аясында зерттеу жұмыстары

  2. Lesson Study әдісінің тиімділігі

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені анық емес пе? (Lewis, 2002) тұжырымдамасы бойынша жаңа технологияның бірі: Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,


•Сабақ жоспарын құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады. 
Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Зинков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік оқу, математика пәнін таңдап алынды. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып, А,В,С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет