Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
Ұжымның өзін-өзі басқару органдары.
Балалар ұйымдарының түрлерінің қызметі.
12 апта
№23 Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістерінің түрлері
Жоспары:
1. Ауызша баяндау әдістері.
2.Оқытудың көрнекілік әдістері.
3.Оқытудың практикалық әдістері.
Ауызша баяндау әдістеріне жататындар: баяндау /рассказ/, түсіндіру, әңгіме, дәріс, оқу пікірталасы. Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік әдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойылатын, дәлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы және түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету.
Бұл әдістің функциясы – оқытушылық. Бұл әдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.
Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету. Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.
Көрнекілік əдісі. Бейнелік кескінді көзбен көріп, оның нақты болмысын тануда түрлі суреттер, құралдар сызбалар мен таблицалар, моделдер пайдаланылады. Оқытуда əр түрлі иллюстрациялық құрал-жабдықтардың қолданылуы оқушыға берілегін ұғым-түсініктің, нысанаға алынған танымның тиянақты да айқын болуына əсер ететіндігі ақиқат шындық. Сондықтан білім беру үрдісінде көрнекілік əдісі жөнінде көп жазылған, əр жақты талданған əдіс. Көрнекіліктің оқьпу жүйесінде атқаратын басты қызметі:
- Оқылатын материал, зат туралы оқушының айқын да дəлді таным-түсінік қабылдауын
қамтамасыз ету.
- Көріп, бақылайтын заттың сыртқы көрінісін ғана қызықтаумен тынбай онын ішкі мəн-
мазмұнын тануға ықпал етеді.
- Көрген, білген, таныған, бақылауларына оқушы мəн беріп, ол жөнінде өзіндік ой-түсінік
жинақтауына мүмкіндік туады.
Педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің бəрі де көрнекілік оқушының теориялар мен заң жəне заңдылықтар жөнінде нақты түсінік, таным қалыптастырудың тиімді де өміршең жолы, көрнекілік болмаған жағдайда оқушының білімдік танымы, түсінігі жəне ойлау деңгейі күңгірт болуы да ықтимал екендігі жан-жақты сипатталған.
Тəжірибелік əдістер. Алған білімнің нəтижесі оның нақты тəжірибеде колданылуы екені
ешбір дəлелдеуді керек етпейтін шындық. Сонымен бірге тəжірибе оқушының іскерлігін жетілдіріп, дербестігін өрістетіп, ақыл-ойы мен дене күшінің дамуына игі ықпал етіп, тұлғаны қалыптастырады. Тəжірибе жұмыстары мектептің шеберханасында, оқу-тəжірибе істерін атқаруға арналған аумақтағы орындарда өткізіліп, шаруашылыққа байланысты түрлі бұйымдар мен құралдарды оқушы жөндеп, керек заттарды қолдан жасап, белгіленген тапсырманы орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |