Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»



бет5/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
РК

Жорға жарыс.
Жорғаға әдітте ұлттық киім киген қыз-келіншіктер мініп жарысады. Әйелдер үшін қашықтық 2-3 километр. Жорға жарысында 6 километр қашықтықты шабдар аьтымен 10 минут 26 секунд ішінде өтіп, Бәйсен Елгезеров ең жақсы нәтиже көрсетті. Ал әйелдер арасында 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенткасы Райхан Әбілхатова 3 километр қашықтықты 5 минут 28 секундта өтіп, республикалық рекорд жасады.
Жарыс орны тегіс жердегі айналым, жұмсақ тура жол немесе ипподромдағы ат шабатын айналым болуы мүмкін.
Жарыс өткізу тәртібі және шарттары. Жарысқа қатысушылардың кезегі жеребе бойынша анықталады. Өкіл (жаттықтырушы) төрешілер коллегиясына жеребе тартқанда дейін берілетін заявкада шабандоздың фамилиясы, аты, жасы және жарысқа қай мезгілде қатысатыны (бірнеше топ болып жарысқанда) көрсетіледі. Сондай-ақ осы заявкада атының жынысы, туған жылы және қандылығы жазылады.
Жарысқа қатысушылар өз коллективтерінде киетін немесе жарыс ережелерінде көрсетілген киімді ғана киюлері тиіс.
Әрбір шабандоздың жеребе тартқан кейін төрешілер коллегиясы берген екі қарына немесе ерінің артқы қасының тұсына, тоқымының екі жағына бекітілген бір рет нөмірі болуы керек.

6. Асық ойынының түрлерін атап беріңіз, оның ережесі


Ойынға үш адамнан 2 команда қатысады. Тік бұрышты, тегіс, көлемі 8 х 4 м болатын алаңда өткізіледі. Тік бұрыштың қысқа сызығының бірінен 2 м қашықтыққа кон орнын белгілейді, ал одан 5 м жерге лақтыру сызығын сызады. Әр командаға – 10 бабкадан (шошқа, ешкі, қой сияқты ұсақ жануарлардың аяғының төменгі жағындағы сүйектері), бір бита (ірілеу сүйек) беріледі. Барлығы 20 асық. Әр команданың алдындағы кон сызығының бойымен 10 сүйек тізіліп қоылады. Әр команда Битаны барынша аз пайдаланып, асықтарды құлатуы тиіс. Жеребе бойынша, ойынды командалардың бірі бастайды. Сол команда ойыншылары кезекпен сүйектерге бита лақтыра бастайды.


7. Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы
Тоғызқұмалақ қазақтың аса қызық ұлттық спорт ойындарының бірі. Ол халық арасында өте ежелден тараған. Ойын ойды ұштайды, есте сақтау қабілетін, математикалық ойлауды дамытады.Ойынның көптеген тәсілдері бар. Ол ойыншыдан аса төзімділікті, қорғану тактикасын шабуыл әрекеттерімен шебер ұштастырып отыруды талап етеді. Жоғарыда жазылғандай тоғызқұмалақтың жолдары көп. Соңғы жылдары оның біреуі ғана кеңірек тарауда, жарыс та сол бойынша өткізіледі.
Тоғызқұмалақ ойыны әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен тарай бастады. 1984 жылы Алматы да Қазақ ССР-нің чемпионаты өткізілді. Оған Абайдың немересі Ысқақов (семей), Аңдамас Шөкеев (Қарағанды), Оспан Қаржауов (Жетісу), Шарман Өтегенов (Жамбыл облысы), т.б. қатысты.
Тұңғыш чемпион Өтегенов болды. Жарыстан соң кеңес өткізіліп, оған ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, СССР халық артисі Қалибек Куанышбаев, техника ғылымының кандидаты Шаймерден Ыбыраев, т.б. қатынасты. Кеңестің мақсаты тоғызқұмалақ ойынының ережелерін жасау болды. Ереже 1949 жылы алғаш рет жарық көрді.
1948 жылдан 1960 жылға дейін Қазақстанда территориялық біріншіліктер өткізіліп, оларда алты рет қатарынан Жамбыл облысынан Рақымбай Ақмамбетов жеңіске жетті.
1960 жылы Қазақ ССР-нің 40 жылдығы құрметіне республиканың командалық біріншілігі ұйымдастырылды. Әр командаға үш адам кірді. Алматы қаласы командасының құрамында Қазақ полдитехникалық институтының оқытушысы, техника ғылымының кандидаты Шаймерден Ыбыраева, журналист Талап Сұлтанбеков, опера театрының артисі Рақымбай Кәрімбаев өнер көрсетіп командалық есепте бірінші орын алды, жекелей есепте Шаймерден Ыбыраев республика чемпионы атанды.
Сол 1960 жылдан бастап тоғызқұмалақтан аудандық және облыстық жарыстар өткізіліп тұрды.
8. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қозғалыс ойындарын атап беріңіз, мысал келтіріңіз
9. Түрлі заттармен ойналатын ойындарды атап беріңіз және мысал келтіріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет