Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»



бет4/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
РК

Аламан бәйге.
Аламан бәйгеге жасы 20-ға толған және одан асқан, жаттықтырушы жеткілікті дәрежеде, даярлықтан өткізген спортшыларға қатысуға рұқсат етіледі. Жарысқа әбден жаратылған төзімді аттар таңдалып алынады. Кез келген тұқымның аттарын бәйгеге қосуға рұқсат етіледі. Қашықтықты әрбір жарыста оны өткізетін ұйым белгілейді. Ондайда жарыстың мақсаты мен сипаты ескеріледі, соған орай аттардың шабатын қашықтығы 20 километрден 100 километрге дейін болуы мүмкін, қазіргі уақытта жарыс айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.
Бәге өткізу тәртібі мен шарттары. Бәйгеге қатысушылардың кезегі команданың өкілін қатыстыра отырып, төрешілер коллегиясы өткізетін жеребе тарту рәсімі арқылы анықталады.
Жеребе тарту алдында команда өкілі бәйгеге қатысушының фамилиясын және туған жылын көрсетіп заявка береді. Осы завкада бәйгеге қосылатын ат жөнінде жынысы, туған жылы, қандылығы сияқты мәліметтер болуы тиіс.
Бәйгеге қатысушылар өздерінің коллективті киетін киімді немесе жарысты өткізетін ұйым белгілеген киімді киюлері тиіс.
Жарысқа қатысатын әрбір спортшыда жеребе тартып болған соң төрешілер коллегиясы берген нөмірі болуы, ол екі жеңінің шынтағынан жоғары жеріне немесе ердің артқы қасының тұсына тоқымының екі жағына бекітіліп қойылуы тиіс.
Жарысып келе жатқан кезде қашықтықты азайтуға, екінші адамның атын шыбықпен немесе қамшымен ұруға болмайды. Осы және басқа да ережелерді бұзған спортшы жарыстан шығарылып тасталады.
Жеңімпазды анықтау. Бәйгеге шабатын жерде жарысқа қатысушылардың алды сызықпен белгіленеді. Жарысшулардың қасында болатын төрешінің белгісі бойынша спортшылар сызықтың алдына сапқа тұрады. Мұнда аттың алдыңғы тұяқтары сызықтан өтпеуі тиіс.
Шабу. Аттарды айналым бойынша жібергенде оларды сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта шаптыру керек. Шауып келе жатқанда бір шабандоз екіншісіне кедергі келтірмеуі тиіс. Алға алдыңғы аттының сырт жағынан, яғни оң жағынан орап өту керек. Жарысқа қатысушы адам атпен шауып бара жатқанда көтермелеуге рұқсат етілмейді. Екінші атты катымен әдейі соғып кеткен, оның алдына кес-кестеген немесе спортшылардың шабуына басқа да кедергі келтірген спортшы шығарылады (дисквалификацияланады). Ондай спортшының қандай орын алғаны анықталмайды.
Сайыс.
Сайыс – Қырғызстан мен Қазақстанда кеңінен таралған ат үстіндегі жарыс. Кәдімгі сайыстардағы сияқты қатысушылар салмақ категорияларымен бөлінеді: жеңіл – 65 кг дейінгілер, орташа 80 кг, және 80 кг жоғары салмақтағылар. Жеңіс қарсыласын аттан құлатып түсірген балуанның еншісіне тиеді.
Күміс алу.
Алаңнның бір-біріне қарсы екі жағында старт пен мәре сызығын белгілейді. Алаңға көп мөлшерде теңге (тастарды) тастайды. Ойыншылар старт сызығының бойына тұрады. Бұйрық бойынша жігіттер жарысты бастайды – ат шабасына салып мәре сызығына қарай қозғалады. Жарсы кезінде жігіттер тоқтамастан, еңкейіп жерде жатқан теңгелерді көтереді. Жарыс кезінде кім көп теңге жинаса сол жеңеді. Ойын шарты. Жарысты тек белгі берілген кезде бастауға болады. «Шауып» келе жатқанда бір-бірін итеруге болмайды. Затты көтерген кезде бір орында тұрып қалуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет