14. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қозғалыс ойынын сипаттап беріңіз 15. Ұлттық ойын түрлерін үйрету, ұйымдастыру және өткізу. 16. Аламан бәйге ойынының шарты, ережесін сипаттап беріңіз Аламан бәйгеге жасы 20-ға толған және одан асқан, жаттықтырушы жеткілікті дәрежеде, даярлықтан өткізген спортшыларға қатысуға рұқсат етіледі. Жарысқа әбден жаратылған төзімді аттар таңдалып алынады. Кез келген тұқымның аттарын бәйгеге қосуға рұқсат етіледі. Қашықтықты әрбір жарыста оны өткізетін ұйым белгілейді. Ондайда жарыстың мақсаты мен сипаты ескеріледі, соған орай аттардың шабатын қашықтығы 20 километрден 100 километрге дейін болуы мүмкін, қазіргі уақытта жарыс айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.
Бәге өткізу тәртібі мен шарттары. Бәйгеге қатысушылардың кезегі команданың өкілін қатыстыра отырып, төрешілер коллегиясы өткізетін жеребе тарту рәсімі арқылы анықталады.
Жеребе тарту алдында команда өкілі бәйгеге қатысушының фамилиясын және туған жылын көрсетіп заявка береді. Осы завкада бәйгеге қосылатын ат жөнінде жынысы, туған жылы, қандылығы сияқты мәліметтер болуы тиіс.
Бәйгеге қатысушылар өздерінің коллективті киетін киімді немесе жарысты өткізетін ұйым белгілеген киімді киюлері тиіс.
Жарысқа қатысатын әрбір спортшыда жеребе тартып болған соң төрешілер коллегиясы берген нөмірі болуы, ол екі жеңінің шынтағынан жоғары жеріне немесе ердің артқы қасының тұсына тоқымының екі жағына бекітіліп қойылуы тиіс.
Жарысып келе жатқан кезде қашықтықты азайтуға, екінші адамның атын шыбықпен немесе қамшымен ұруға болмайды. Осы және басқа да ережелерді бұзған спортшы жарыстан шығарылып тасталады.
Жеңімпазды анықтау. Бәйгеге шабатын жерде жарысқа қатысушылардың алды сызықпен белгіленеді. Жарысшулардың қасында болатын төрешінің белгісі бойынша спортшылар сызықтың алдына сапқа тұрады. Мұнда аттың алдыңғы тұяқтары сызықтан өтпеуі тиіс.
Шабу. Аттарды айналым бойынша жібергенде оларды сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта шаптыру керек. Шауып келе жатқанда бір шабандоз екіншісіне кедергі келтірмеуі тиіс. Алға алдыңғы аттының сырт жағынан, яғни оң жағынан орап өту керек. Жарысқа қатысушы адам атпен шауып бара жатқанда көтермелеуге рұқсат етілмейді. Екінші атты катымен әдейі соғып кеткен, оның алдына кес-кестеген немесе спортшылардың шабуына басқа да кедергі келтірген спортшы шығарылады (дисквалификацияланады). Ондай спортшының қандай орын алғаны анықталмайды.