Сабақ соңында оқушылар фтор, натрий, алюминий және т.б. атомдары мысалында ион түзілу процесін (схемасын) түсіндіріп, қосылыстар формуласын құрастыра алады.
Оқушыларды белсендікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың басым бөлігі: - «ион», «катион», «анион» ұғымдарын біледі, иондардың формулаларын, олардан қосылыс формулаларын жазуды біледі;
химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза біледі.
иондар, қосылыстар формуласы туралы алған білімдерін келесі тақырыптарды оқуда қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
элементтің электрондарды беретінін немесе қабылдайтынын анықтауды біледі.
Ауызша сөйлеуде және жазуда пәндік лексика мен терминологияны қолдану: ион, катион, анион.
Пайдалы сөз тіркестері:
Біздің топ ойлайды...
Біз мұны таптық...
Оқуға ептілігін, өзбетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытыңды тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көп мәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлай білу.
бағалау және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыс
Физика, биология
Алдыңғы оқу
Энергетикалық деңгейлер. № 1зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»