Білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі


ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ӘДІСІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫС БЕРУ



бет16/18
Дата25.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#177661
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері

4 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ӘДІСІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫС БЕРУ

Қазіргі уақытта мектепте сабақта оқушылардың білімді өз бетінше меңгеруі, содан кейін оны іс жүзінде қолдана алуы маңызды, балаларды ойлауға үйрету маңызды, өйткені бұл дағдылар метасубъективтіліктің негізінде жатыр. Осы кезде көмекке өзіндік жұмыс келеді.


Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1. Өзіндік жұмыс мақсатты және жүйелі болуы керек.
2. Оқушылар тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек.
3. Тапсырмаларды орындауға қызығушылықты оятуға ықпал ететіндей етіп таңдалуы керек, яғни, көп деңгейлі.
4. Өзіндік жұмыс үшін білімді жаңа жағдайда қолдануды талап ететін тапсырмаларды ұсыну.
5. Өзіндік жұмыс оқу-тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізілуі керек.
6. Өздік жұмыс әдісін басқа әдістермен ұштастыру.
7. Өзіндік жұмысты мұғалім тексеріп, түсініктеме беруі керек.
Өзіндік жұмыс әдісін химияны оқытуда қолданғандағы күтілетін нәтиже:
-оқушылардың шығармашылық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады;
- өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында практикалық тапсырмаларды орындай білуі;
-оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттырады;
-химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтауға көмектеседі;
-негізгі мақсат: оқушы тұлғасын, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ат салысады.
Сондықтан, химияны оқытуда, өткен тақырыпты қайталауда және жаңа материалдың логикалық құрылымын анықтау мақсатында өзіндік жұмыс әдісін қолдану тиімді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазірге кезенде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жанаша қарым-қатынас пайда болды.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс әдісін —оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданамын.
Зерттеу нәтижесі:
1. Сабақта өзіндік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, сондықтан осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе бекіту, қорыту кезеңінде қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, оқығаны мен түсінуде қиындықтар кездеспесе, өзіндік жұмысты жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде де нәтижелі қолдануға болады.
2. Мұғалім өз пәнін оқушыға қызықты түрде жеткізе білсе оқушылардың ол пәнге деген қызығушылығын арттырады. Егеменді елдің болашақ ұрпағын білімді етіп тәрбиелеу үшін әр пән өз дәрежесінде терең өткізілуі тиіс.
3. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білімнің көзін ашады.
4. Өзіндік жұмыс шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
5. Сабақта оқушыларды оқыта отырып үйрету, яғни белгілі бір тақырыпты оқытып, өз ойын айтқызу немесе мәтінді түгелдей оқыту. Осы арқылы дербестік әрекет пен өзіндік жұмыс арқылы оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің алға басуына жағдай жасалады.
6. Оқушылардың өздік жұмыстарын қорытындылау сабақтарында да білім тексеру ретінде ұйымдастыруға болады. Білім тексеруге қатысты сұрақтарды оқушылар өздері құрастырса, жауаптарын өздері бағаласа, оқушының өзіне деген сенімі артады.
Осы жұмыс барысында мақсат орындалды. Тапсырмалар да орындалды, атап айтқанда, осы зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттер зерттеліп, талданды, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «әдістемелік шарт», «өзіндік жұмыс» ұғымы қарастырылды.
Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс әдістерін қолданудың ерекшелігі ашылды. Сегізінші сыныптарда өткізілген химия сабақтарында өзіндік жұмыс әдісін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану шарттарының тиімділігі эксперименталды түрде тексерілді. Бұл эксперимент барысында туындаған негізгі мәселелердің бірі оқушылардың бұл әдіске дайын еместігі, оқушылардың жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарауды қаламауы болды.
Оқушылар тақырып бойынша көбірек сұрақтар қоя бастады, қосымша әдебиеттерді көбірек оқи бастады, сабақ барысында оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша ой қорыта бастады.
Тәжірибелік маңыздылығы осы практика нәтижелері мектепте пайдалануға болатынында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет