Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мектеп медиациясының қызметі



Pdf көрінісі
бет152/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Мектеп медиациясының қызметі 
Қазіргі уақытта татуласу мектебі қызметінің үш ұйымдастырушылық үлгісі бар. Оларға 
мыналар жатады: 

"
алдан алу" моделі; 

"тәрбиелік" (педагогикалық) моделі; 

"сервистік" модель. 
Бірінші, "адын алу" тәсіл шеңберінде татуласу қызметі жасөспірімдер ортасын 
кемсітпеуге, оқушылардың құқыққа қарсы мінез-құлқының себептерін жоюға көмектесуге 
бағытталған. Мектеп медиациясы орталығы, осы нұсқада, алдын алу кеңесімен, әлеуметтік 
педагогпен, психологпен және ауытқушылық мінез-құлық проблемаларымен айналысатын 
басқа да мектеп мамандарымен бірыңғай жүйеде жұмыс істейді. Қызмет жұмысының 
тиімділігі қарастырылатын мәнмәтінде, келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: өткізілген 
бағдарламалардың саны мен күрделілігі, мектептегі "қақтығыс деңгейінің" төмендеуі. 
"Тәрбиелік" ("педагогикалық") тәсілі шеңберінде қызметті құру балалардың 
белсенділігі, олардың позитивті түрде өзін-өзі көрсете алу тәсілі ретінде қарастырылады. 
Татуласу бағдарламаларын ұйымдастыру балалар қызметінің "тәрбие ұжымын" 
қалыптастыратын ұжымдық әлеуметтік маңызды қызмет ретінде әрекет етеді. Ол ең үлкен 
құндылық болып саналады. Қызмет жасайтын өнімнің өзі ғана емес, мектепте өз 
мүшелерінде еріктілікке тарту арқылы жоғары адамгершілік және іскерлік қасиеттерді 


114 
тәрбиелеп отырған бірлестіктің пайда болуы да бағаланады. 
Осылайша, "алдын алу" және "педагогикалық" тәсілдерді сипаттау кезінде біз қызметті 
ұйымдастырушылық ресімдеудің екі нұсқасын көрдік: мектеп әкімшілігінің әлеуметтік-
педагогикалық блогының құрылымдық бөлімшесі ретінде және "тәрбие ұжымы" ретінде 
(ұйымдастыру, бұл клуб, балалар ұйымы, қосымша білім беру бірлестігі және т.б. болуы 
мүмкін). 
Үшінші тәсіл – "сервистік", "алдын алу" және "тәрбиелік" дегеннен айырмашылығы, ол 
балалар ортасын өзгертуге бағытталмаған. Ол алдын алу міндетіне де, тәрбие міндетіне де 
бағдарланбаған. Оның міндеті - балаларға тиісті қызметтерді ұсыну арқылы олардың 
қажеттілігін қанағаттандыру. Тәсілдің басты назарында - клиенттің, нақты оқушы немесе 
ересек тұлға болып табылатын тапсырыс берушінің тұлғасы. 
Өзін-өзі басқаруға арналған "сервистік" тәсіл өте үйлесімді. Сонымен қатар, өзін-өзі 
басқару аясында "алдын алу" тәсілі де өрістетілуі мүмкін, бірақ "әкімшілік-
профилактикалық" нұсқада байқалатын мектеп әкімшілігінің татуласу қызметіне бағынбай. 
"
Алдын алу" тәсілін іске асыру, татуласу қызметіне тапсырыс беруші барлық оқушы ұжымы 
емес, оқушылар активі болған жағдайда мүмкін болады. Өкілді функциялары бар сайлау 
органы – мектеп парламенті – татуласу қызметін құру қажеттігін шешеді. Бұл нұсқада ол 
"алдын алу" тәсілінің мақсаттарын іске асыратын болады. Бірақ ерекшелік қызмет мектептің 
әкімшілік жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. 
Өзін – өзі басқару жүйесі болмаған кезде, әдетте, жасөспірім ортасындағы қақтығыс 
өсуінің жағдайына алаңдаулы және оны өзгертуге дайын балалар-ересектер командасы 
татуласу қызметін құрудың бастамашылары бола алады. Мектеп өміріне қатысушылар тобы 
жаңа өзін-өзі басқару органын құру бастамасы арқылы мектепті басқаруға қатысу құқығын 
іске асырады. 
Татуласу қызметі тек қана оқушылардың өзін-өзі басқару органы бола алады. Ол оқушы-
педагогикалық өзін – өзі басқару органы (тапсырыс берушілер – оқушылар мен педагогтар, 
не оқушылар мен педагогикалық активтер), балалар мен мұғалімдер қатарынан жасақталған; 
өздерінің тапсырысы бойынша ата-аналар қатарынан жасақталған, өзін-өзі басқару органы 
бола алады. Мектептегі өзін-өзі басқару органдары "бөлек" және "бірлескен"болуы мүмкін. 
Көріп отырғанымыздай, тапсырыс берушінің мүдделері қызмет ісінің сипаты үшін 
анықтаушы болып табылады. Осының салдарынан, өзін-өзі басқару органы ретінде құрылған 
қызмет жұмысына мақсат қою, жинақтау және ұйымдастырудың әртүрлі нұсқалары пайда 
болады. 
Жас бітімгерлер түрлі жағдайларға тап болады: классикалық келемеждеуден бастап 
оқушылардың, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналар да тартылуы мүмкін ауыр 
қақтығыстарға дейін. 
Осылайша, мектептің татуласу қызметі - бұл мектеп ортасындағы қақтығыстарды 
шешудің тағы бір жолы. Қызмет үшін негіз қалаушы келесі сәттер: 
-
«
татулық» қалай көрінетіні туралы шешімді қақтығысушы тараптар өздері 
қабылдайды; 
-
болашақта шиеленіс жағдайының алдын алу және мінез-құлық үшін жауапкершілікті
қақтығысушы тараптар өз мойындарына алады; 
-
балалар өздері үйреніп, қақтығыс жағдайында мінез-құлықтың қандай стильдері мен 
тәсілдері жақсы және жеңіл қарым-қатынас жасауға көмектесетінін басқаларға 
көрсетеді (ересектер айтқандай құзыретті және тиімді);; 
-
педагогтер мен ата – аналар конструктивтік және өзара тиімді өзара іс-қимылдың 
тәсілдері мен моделдерін меңгеретін жол, егер түсінетін болсақ, оның да, 
басқасының да мақсаты - балалар жақсы оқыса, мектеп пен жалпы оқуға 
қызығушылықпен қараса, өздері қуанып, өздерінің мұғалімдері мен ата-аналарын 
қуантса (И. С. Бубнова, А. Н. Арганова). 


115 
Мектеп медиациясы қызметі-бұл білім беру ұйымында : 

оның қызметкерлері (психолог, әлеуметтік педагог, басқа педагогтер); 

жоғары сынып оқушылары ("тең топ" мүшелері)»); 

бастамашы ата-аналар қатарынан құрылған қызмет. 
Мектеп медиациясы қызметінің "негізгі" тұлғалары (куратор, "тең топтар" мүшелері) 
мектеп медиациясы әдісінің негіздеріне қажетті дайындықтан және оқытудан өтуі тиіс. 
Мектеп медиациясы қызметтерінің негізгі 
мақсаты
балалар мен жасөспірімдерді 
толыққанды дамыту және әлеуметтендіру үшін, оның ішінде өмірдің қиын жағдайлары 
туындаған кезде, олардың заңмен қақтығысуын қоса алғанда, қолайлы, ізгілікті және қауіпсіз 
кеңістікті (ортаны) қалыптастыру болып табылады. 
Тұлғаның тиімді дамуы мен әлеуметтенуі үшін әлеуметтік-қауіпсіз ортаның қалыптасу 
деңгейінің негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет