Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет46/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Зертханалық жұмыс №10


Тақырыбы: Топырақтағы қылтүтікшелік суды анықтау


Сабақтың мақсаты: Топырақ қуыстылығы анықтау.
Сабақтың әдісі: демонстарциялық, зертханалық.
Сабақтың құрал-жабдықтары: металды астау, ірі дәнді құм, мариотты түтікше.
Топырақтағы қылтүтікшелік судың көтерілуі оның қуыстылығынa, ал ол ыза суларының деңгейіне және топырақтың ылғалдылығына байланысты. Топырақ қуыстылығы (жалпы және қылтүтікшелік) гранулометриялық құрамға, агрегаттылық жағдайға және топырақтың бірікпесіне байланысты. Соңғы екі көрсеткіш тұрақты емес уақыт аралығында олар өзгереді, мысалы маусымдық аралықта сондықтан топырақта қылтүтікшелік ылғалдарының динамикалық көрсеткіш әрқалай.
Ыза суларының деңгейі өзгерген сайын қылтүтікшелі ылғалдықтың көтерілу биіктігі де өзгереді. Топырақтағы ылғалдылық мөлшері қылтүткшелі ылғалдықтың үзілу деңгейнен аз болған жағдайда топырақ бетіне көтерілетін қылтүтікшепі ылғалдық тоқтайды. Ыза су бетінен қылтүтікшелі ылғалдың тік көтерілуі өсімдіктер үшін пайдалы, өйткені олар өсімдікті сумен қамтамасыз етеді. Кейде қылтүтікшелі судың көтерілуі зиянды болуы да мүмкін, себебі бұл ылғалдықпен бірге, жеңіл еритін тұздар да көтеріледі, ал кейде ыза суларының топырақ бетіне жақын жатуы батпақтануға алып келеді.
Ыза суларының төмен орналасқан жағдайында қылтүтікшелік ылғалдылықты анықтау
1. Егер ыза сулар деңгейі терең жатқан жағдайда,топырақты жасанды түрде күшті ылғалдандырады. Топырақ бетінен 15-2 м тереңдікте кескіннің бір бетінен көлденең бағытта 0,5х0,5м, биіктігі 5-10см жерді қазамыз. Осы жерге жан жағы иілген металды астау саламыз, оған ірі дәнді құм саламыз, ол топырақтың үстіңгі жағымен тығыз қабаттасуы керек, астауға ол толық қанғанша су құямыз және осы су деңгейін тәжірибе аяқталғанша мариотты түтікше ұстап тұрады.
2. Құмның сумен қаныққан кезінен бастап, оның қылтүтікшелер арқылы қөтерілу биіктігін және жылдамдығын, ылғалдану нұсқасын жүйелі түрде анықтаймыз, бірінші күні әр сағат сайын, ал одан кейін тәулік бойынша бақылайды. Алынған мағлұматтарды график бойынша белгілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет