Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет43/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Зертханалық жұмыс №8


Тақырыбы: Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері


Сабақтың мақсаты: Топырақтың иілгіштігі сыртқы механикалық күштердің әсерінен деформациялануы.
Сабақтың әдісі: Топырақтың иілгіштігі.
Сабақтың құрал-жабдықтары: елеуіш, стакан, вазелин, майланған конус, әйнек.
Топырақтың иілгіштігі деп сыртқы механикалық күштердің әсерінен деформациялануын және сыртқы әсер тоқтағанда алған мүсінін сақтау қабілеттілігін айтамыз. Иілгіштік гранулометриялық, минералогиялық, химиялық кұрамға, алмаспалы негіздерге байланысты және белгілі бір ылғал деңгейінде пайда болады. Ол иілгіштің жоғарғы және төменгі деңгейін немесе иілгіштік шекарасын сипаттайды. Құрғақ және артық ылғалды топырақта иілгіштік болмайды.
Иілгіштікті иілгіш санымен өлшейді. Ол төменгі және жоғары иілгіштіктердегі топырақ ылғалдылығының айырмашылығына тең. Иілгіштік саны неғұрлым көп болған сайын топырақ иілгіш келеді. Әрбір топырақтың өзіндік ылғалдық интегралы бар. Осында оның иілгіштігі байқалады, яғни иілгіштік шекарасы және белгілі иілгіштік саны. Топырақтар иілгіштік саны бойынша 4 категорияға жіктелінеді.
Топырақ грунт Иілгіштік саны
Жоғары иілгіштік ›17
Иілгішті 17-7
Әлсіз иілгішті ‹7
Иілгіш емес 0
Иілгіштің төменгі шекарасы - бұл топырақты механикалық өңдеудін жоғарғы шекарасы немесе топырақ өңдеудің оптимальды ылғалдығының жоғарғы деңгейі. Топырақтың ылғалдық иілгіштің жоғары деңгейінен артқан кезде, топырақ аққыштығы пайда болып, қапталдарда сырғи бастайды. Иілгіштің жоғары деңгейі аққыштықтың төменгі деңгейін көрсетеді. Иілгіштің жоғары деңгейін немесе аққыштық төменгі деңгейін А.М. Васильев тәсілімен анықтау .
Сабақтың барысы: Диаметрі 1мм елеуіштен өткізілген ауалы құүрғақ топырақты кесеге салып, оған су құйып қою паста жасап, мұқият араластырып, Васильевтің аспабындағы алюминий стаканы қырымен тең етіп, топырақты нығыздап саламыз. Топырақ бетін тегістеп, стаканға арнайы орынға қоямыз. Одан кейін топырақтың бетіне вазелинмен ептеп майланған конус, қоямыз (тұтқаны екі саусақпен ұстау керек). Конустың үшкір ұшы топырақтың бетіне тиген кезде, қолды жібереміз. Конус топыраққа өз салмақ күшімен батады. Конустың 10 см тереңдікке батуы (сызығын қара) топырақ ылғалдылығын иілгіштің төмен шекарасына сәйкестігін көрсетеді. Басқа жағдайда топырақты қайтадан дайындап анықтауды қайталайды. Конустың топыраққа шегу тереңдігі 10 см болған жағдайда ғана, ылғалдықтың сынағын алуға болады талдауды үш мәрте қайтара жургіземіз. Екі анықтау аралығындағы алшақтық 2% артпау керек.
Аттенберг тәсілі бойынша топырақ иілгіштігінің төменгі деңгейін анықтау
Анықтау жолы. Диаметрі 1 мм елеуіштен өткізілген ауаны құрғақ топырақты сумен пластикалық күйге дейін ылғалдандырып, бір келкі массаға дейін жақсылап араластырады. Кеседе қалған алдыңғы талдау топырағын пайдалануға болады.
Дайындалған топырақтан диаметрі 10 мм келетін шарик жасайды, одан кейін оны әйнек бетіне қалыңдығы 3мм келетін жіп бау жасайды. Бұдан кейін жіп баудан қайтадан шарик, одан жіп бау жасайды. Осы операцияны топырақ жіп бауы ұзындығы 8-1 см келетін бөлшектерге бөлінгенше қайталай береді. Топырақты стаканға жинап, оның ылғалдығын анықтайды. Бұл ылғалдылық топырақ сынағының төменгі иілгіштік деңгейіне сәйкес келеді. Тәжірибенің қайтарылымы үш мәрте. Анықтаулар аралығындағы деңгейі 2% аспау керек.
Иілгіштіктің жоғарғы ылғалдығы мен төменгі ылғалдық топырақ айырмашылығы иілгіштік санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет