Бағдарлама жетекшілері: қауым.профессор ___________ Жылкышыбаева М.М
аға оқытушы ___________ Джунусова Р.Ж
ДӘРІСТЕР КУРСЫ
№1 ДӘРІС
Дәрістің тақырыбы: Анатомияға кіріспе. Сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: студенттерге жануарлар организмі туралы жалпы түсінік беріп, тірі организмге тән биологиялық қасиеттерге тоқталып, оларды аталған оқу материалымен және сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасымен таныстыру.
Түйінді сөздер:организм, мүшелер, мүшелер жүйесі, сүйектер, сүйектер жүйесі, қаңқа. Иллюстрация:жануарлар организмінің құрылысы, қоянның қаңқасы (таблицалар, слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 1. Жануарлар организмі, оның құрылысының жалпы принципі, даму заңдылықтары.
2. Организмнің биологиялық қасиеттері.
3. Сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Дәрістің мазмұны: 1 - сұрақ. Организм - өздігінен тіршілік етіп реттелетін, тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты дамып жетілетін, өзіне тән құрылысы бар белгілі бір ортаға беймделіп тарихи қалыптасқан органикалық дүниенің бір бөлігі. Жануарлар организмі құрылысы күрделі біртұтас құрылым. Ол белгілі бір қызмет атқаруға маманданған және өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын мүшелер жүйелерінен құралған. Мамандану бағыттарына сәйкес организм мүшелер жүйелерін үш топқа бөледі: