Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: АБ1+АБ2)*0,3+Емт*0,4
3. Курстың академиялық тұсаукесері
Бұл пән бастауыш сыныпта «Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесін қарастырып меңгертуді көздейді.
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты – магистранттарды білім беру жүйесіндегі білім сапасын бақылау, тексеру, қадағалау жолдары мен білім нәтижесін бағалаудың қазіргі талаптары, бастауыш білім мазмұнын жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесінің тәсілдерін үйрету. Халықаралық зерттеу бағдарламаларының талаптарымен, білім сапасын бағалау тәжірибелерін, жетістіктерін меңгерту.
«Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі» пәнінің негізгі міндеттері:
- Білім беру саласын басқару, бақылау және аттестациялау жұмыстарының қырлары жөнінде ғылыми түсінік қалыптастыру;
- Педагогикалық білім беру жүйесінде білім беру сапасын бағалаудың қазіргі ғылыми жетістіктерімен, жаңа құрылымдарымен таныстыру;
- Оқыту мазмұнын ұйымдастыруды бақылаудың шетелдік тәсілдері мен құралдарын қолдануға үйрету;
- Халықаралық зерттеу бағдарламаларының тапсырмаларын талдату;
- Озық елдердің тәжірибелерін талдату, өз тәжірибелерімен байланыстырту;
- Критериалды бағалау жүйесінде білім сапасын бағалаудың әдістемесін меңгерту.
Пәнді оқу барысында магистрант білім берудің аттестациялық, басқарушылық қырларын, мониторингті ұйымдастырудың жолдары мен оның нәтижелерін бағалау талаптарын (критерийлерін) білуі қажет.
Магистрант меңгеруі қажет:
Оқыту үдерісінде бақылау мазмұны мен бағалау талаптарын, бақылау әдістерін, тәсілдерін меңгеруі қажет;
Білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесінің ерекшеліктерін, озық идеяларын, өзекті мәселелерін анықтау;
Алған теориялық білімін практикада қолдана алуы керек.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |