3. Басқару инструкциялары. Қайталау операторлары
Жоспар
1. For операторының жалпы формасы және қолданылуы
2. range функциясы және қолданылуы
3. While операторының жалпы формасы және қолданылуы
WHILE операторы
Python тілінде цикл операторының for, while түрлері қолданылады.
Жалпы формасы:
while шарт:
оператор1
Цикл денесі бірнеше операторлар болса операторлар блогы бірдей шегініспен(отступ) жазылады.
Мысалы:
while i<=n:
i=i+1
s=s+i
print(‘s=‘,s)
Есеп 1. Бүтін a саны берілген. Санның цифрларының қосындысын табыңыз.
Программа коды:
# *coding utf-8*
# санды енгізу
n=int(input())
s=0
while n>0:
sf=n % 10
s=s+sf
n=n// 10
print('s=', s)
While операторының кеңейтілген формасы else қызметші сөзімен қолданылады.
Жалпы формасы:
While шарт:
оператор1
else: оператор2
Егер шарт ақиқат болмаса else бөлігіндегі оператор орындалады.
Break, continue операторларының қолданылуы:
Break – цикл жұмысын аяқтайды.
Continue ағымдағы циклды аяқтап келесі қадамға көшіреді.(циклдың жалғасуы)
Есеп3. Бүтін N саны берілген. 1.. N тізбегінің ішінен a санына еселі бірінші санды экранға шығарыңыз.
Программа коды:
a=int(input())
n=int(input())
i=1
while i<=n:
if i%a==0:
print(a, ' -sanina eceli 1 san->',i)
break
i=i+1
else:
print(a, '- sanina eceli san tiz.gok')
FOR операторы
Жалпы формасы:
for элемент in тізбек:
операторлар
for қызметші сөзінен кейін орналасқан элемент тізбек элементтерін тізбектей қабылдайды. Командалар блогы шегініспен ерекшеленеді.
Мысалы:
for i in range(1,11):
s=s+i
print(‘s=‘,s)
Тізбекті анықтауға range функциясы қолданылады. Жалпы формадағы элемент тізбек элементтерін қабылдайды. Мысалы, К айнымалысы 1.. 5 сандарын қабылдау керек болса, range (1,K+1) деп жазамыз.
Бекіту мысалы:
Есеп 1. Бүтін N саны берілген. 1.. N тізбегінің ішінен a санына еселі сандардың қосындысын экранға шығарыңыз.
# *-coding utf-8-*
a=int(input())
n=int(input())
s=0
for i in range(1, n+1):
if i%a == 0:
s=s+i
print('s=',s)
for операторының кеңейтілген формасы else қызметші сөзімен қолданылады.
Жалпы формасы:
for элемент in тізбек:
оператор1
else:
оператор2
Цикл жұмысы аяқталғаннан кейін else блогындағы оператор орындалады. Егер цикл денесінде Break болса, онда else блогы орындалмайды
Есеп 2. Бүтін N саны берілген. 1.. N тізбегінің ішінен a санына еселі бірінші санды шығарыңыз. Егер ондай сан жоқ болса, элементтің жоқтығы туралы хабар шығарыңыз.
import math
a=int(input())
n=int(input())
for i in range(1,n+1):
if i% a==0:
print(a, ' -sanina eceli 1 san->',i)
break
else:
print(a, '- sanina eceli san tiz.gok')
4. Тізім құрылымы және қолданылуы
Жоспар
1. Тізім құрылымы
2. Тізімнің қолданылуы
3.Тізім элементтеріне орындалатын операциялар
Python тілінде тізім дегеніміз реттелген элементтер жиыны.
Тізімнің элементтері сандар болады
Тізімнің элементтері ішкі тізім болуы мүмкін
Тізімнің элементтері әртүрлі типті мәліметтер болуы мүмкін.
Тізімді құруға list() функциясын қолдануға болады. Мысалы, Simb = list(“Informatika”) командасында I,n,f,o,r,m,a,t,i,k,a әріптерінен тұратын тізім алынады. Тізімді арнай тізім генераторлары арқылы алуға болады. Мысалы,
pow_2=[2**i for i in range(11)]
print(pow_2)
numbs=[7**i +1 for i in range(20) if i%4==3]
print(numbs)
Тізім элементін алуға индексі қолданылады. Индекс номері 0 басталады. Мысалы, simbs[0]=I
Numbs[2]=78
Тізім элементін алуға теріс индекс де қолданылады. Бұл жағдайда -1 болса, соңғы элемент алынады.
Егер -2 болса cоңғы элементтің алдындағы алынады, яғни n-1 элемент. Тізім элементтерін жеке элементттері арқылы өзгертуге болады. Мысалы, numbs[2]=-10
Тізім элементтерін қиып алуға болады:
numbs=numbs[2:4]
print(numbs)
Тізім элементтерін қиып алуда үшінші индекс те қолданылады. Үшінші индекс қадамды көрсетеді. Мысалы, m=[4, 7, 11,15,19,23, 27,30]
m=m[1:7:2]
m=m[7:1:-2]
Тізімге орындалатын операциялар
Тізімге элемент қосу:
m.append(34)
Тізім элементін кеңейту, басқа тізім элементтерін қосу:
m.extend([6,8])
Тізімге элементті i позициядан қосу:
s.insert(i,a)
s=[5, 10,15]
s.insert(1,-5)
s.insert(1,[2,3])
S[2:2]=[4,6]
S[2:3]=[100,200]
Тізім элементтерін жою:
pop(i) – i индексті элементті жояды;
remove(j) – мәні j –ге тең элемент жойылады;
Мысалы:
s=[i*2 for i in range(11)]
print(s)
s.pop(5)
print(s)
s.remove(6)
print(s)
del s[4] – 4 индексті элемент жойылады;
S[2:5]=[] –бірнеше элемент жойылады;
Тізімді көшіру
a=[10,20,30,40]
b=a, -b айнымалысына меншіктеу;
c=a[:] - қию арқылы көшірмесін алу;
d=a.copy() – copy әдісі арқылы көшірмесін алу
Есеп1. Бүтін сандардан тұратын тізім берілген. Тізімнің 3 цифрымен аяқталатын элементтерін жоятын программа құрыңыз. Программа қoды:
ns=[2*i +5 for i in range(10) ]
print(ns)
for i in ns:
if i%10==3:
ns.remove(i)
print(ns)
Достарыңызбен бөлісу: |