Практикалық сабақтар №13 практикалық сабақ Тақырыбы: Биосфера, биосфераның негізгі қасиеттері
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жердің тіршілік қабаты биосфераның қалыптасуы мен даму кезеңдерімен , құрамы құрылысымен танысу
1.Биосферадағы тірі заттардың рөлін анықтау
2.Географиялық белдеулердің таралуы
3.Әрбір белдеуге тән табиғат зоналарына сипаттама беру
1-тарсырма. Құрлық пен мұхит арасындағы Жер биомассасының бөлінуінің пайыздық үлесін есептеу және диаграммасын құру(10-кесте).
Құрлық пен мұхит арасындағы Жер биомассасының бөлінуі (А.М.Рябчиков бойынша)
Биомасса компоненті:
Құрғақ заттың жалпы массасы млрд.т
Планетада
Құрлық
%
Мұхит
%
Фитомасса
1770,2
1770
0,17
Зоомасса
19,8
16,5
3,3
Биомасса
1790
1786,5
3,5
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау үшін құрлық пен мұхит биомассасын жөніндегі кестедегі мәліметтерді пайдалану ұсынылады. Диаграмма түрлері студенттің таңдауы бойынша алынады.
2-тапсырма.Жердің түрлі физико географиялық зоналарындағы фитомассасының өнімділігінің диограммасын құру (11-кесте).
Жердің түрлі физикалық географиялық зоналарындағы фитомасса өнімділігі
Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау үшін 9 табиғат зонасы бойынша ц/га мөлшерінде фитомассаның өнімділігі жөнінде мәліметтер бойынша диаграмма құрастыру қажет.
3-тапсырма. 18-қосымшадағы кестеде берілген мәліметтердің негізінде:
а) жер шарында қандай физикалық географиялық белдеулер ең көп және ең аз таралғанын анықтағыз;
б)жеке континенттер бойынша әртүрлі климаттық белдеулердегі физикалық географиялық зоналардың аумағының таралуына талдау жасаңыз.
Бақылау сұрақтары: 1.Биосфера деп нені айтамыз?
2.Басқа дер қабаттарынан биосфера несімен ерекшеленеді?
3,Биосфераның шекарасы қандай?
4.Неліктен табиғатта үнемі зат айналымы жүріп тұрады?
5.Биосфераны құруда тірі организмнің рөлі қандай?
6.Топырақ деген не ?
7.Топырақ қандай негізгі бөлімдерден тұрады?
8.Топырақтың механикалық құрамы неге негізделген?
9.Қазақстанның негізгі топырақ типтерін атаңыз?
10.Адам биосфераға қалай әсер етеді?
11.Топырақты қорғау шараларын атаңыз?
Өткізу форматы: интерактивтік әдіс