Практикалық сабақтар №14 практикалық сабақ Тақырыбы: Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтары
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Географиялық қабықтың шекараларымен, негізгі заңдылықтарымен танысу
Сабақтың жоспары: 1.Географиялық қабықтың заңдылықтарын түсіндіру
2.Географиялық қабық шекараларын атықтау
3.Географиялық ендік зоналылық және биіктік белдеулік заңдылығы
1-тапсырма.Географиялық қабық заңдылықтарын ашып көрсетіңіз
Әдістемелік нұсқау: Географиялық қабықтың заңдылықтары тақырыбында 12-кестені толтырыңыз:
2-тапсырма. Географиялық қабықтың верткальдық құрылысының сызбасына талдау жасап , оның шекарасын анықтап, қай жерлерден төменгі, қай жерлерден жоғарғы шекарасы өтетіндігін, оның құрамына басқа қандай қабықтардың бөліктері кіретіндігін анықтаңыз? Ол қандай компоненттерден тұрады? Табиғат компоненті дегеніміз не? Табиғат компоненттерін атаңыз? Әр түрлі табиғат кешендеріне мысалдар келтіріңіздер.
3-тапсырма.Зоналылық пен биіктік белдеулік арасындағы байланысты анықтау. Әдістемелік нұсқау: Зоналылық пен биіктік белдеулік заңдылықтарымен таныса отырып, олардың арасындағы байланысты анықтау. Табиғат зонасы компоненттерінің арасындағы байланысты түсіндіру.
4-тапсырма.Табиғат зоналарына тән ерекшеліктерді анықтаңыз. Әдістемелік нұсқау: табиғат зоналарына тән өзіндік ерекшеліктерді анықтау үшін төмендегі кестені толтыру ұсынылады: