2.3.Сөйлем мүшесі қызметіндегі предикативтік бірліктермен келген сөйлемдер де құрмалас сөйлем болып танылмайды. Оларға көсемше оралымдар мен есімше оралымдар жатады. 2.3.1. Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым.
2.3.2. Есімше оралым – күрделенген сөйлемнің тәуелді бөлшегі. Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (бастауыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздері оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады.
Бақылау сұрақтары: 1.Полипредикативтік бірліктер түсінігі, олардың құрмалас сөйлем қатарында танылмау себептері қандай?
2.Құрмалас сөйлем қатарында танылмайтын полипредикативті бірліктер: төл сөзді сөйлем, қыстырма және қыстырынды сөйлемдермен келген сөйлемдер, сөйлем мүшесі қызметіндегі предикативтік бірліктер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Викория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамс. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым, 2018. -608бет
2.Байтұрсынұлы А., Қазақ тіл білімінің мәселелері, - Алматы, «Абзал-Ай» баспасы, 2013
3.Жұбанов Қ., Қазақ тіл білімінің мәселелері., -- Алматы, «Абзал-Ай» баспасы, 2013
4. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар (мнография, оқулық) – Алматы, 2016, 464 бет
5. АСаутова, Т. А. Кәсіби қазақ тілі : оқу құралы / Т. А. Саутова. - Алматы : Отан, 2015. - 138 бет.
6. Шалабай Б., Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы/ -Алматы., 2012. -186 бет
7.Садирова К.Қ. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы / -Ақтөбе, 2013
8. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002
Дәріс тақырыбы: Салалас ҚС-дердің грамматикалық түрлері, топтасу принциптері. Жалғаулықты СҚС, грамматикалық, семантикалық сипаты, түрлері, жұмсалу ерекшеліктері, тыныс белгілері Сағат саны:2 Негізгі сұрақтары: : салалас құрамалас сөйлем, топтасу принциептері, лексикалық тәсілдер