Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет15/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Жоспары:

    1. 1. Салалас ҚС-дердің өзіндік белгілері, грамматикалық түрлері, топтасу принциптері.

    2. 2. Жалғаулықты СҚС, грамматикалық, семантикалық сипаты, түрлері, жұмсалу ерекшеліктері, тыныс белгілері.

.
Дәріс тезисі:
1. Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас дейміз. Өзіндік белгілері: 1) предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалады, 2) предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз бастауышымен жақ жағынан қиыса байланысады, 3) СҚС предикативтік сыңарларының мағыналық дербестігі басым, олар өзара теңдес дәрежеде және сыңарларының мағыналары өзара тұтастай қарым-қатысты болып келеді, 4) предикатив сыңарларының аралығындағы дауыс кідірісінің тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады, 5) предикатив сыңарларын байланыстыратын амал-тәсілдері болады, атап айтқанда: жалғаулық шылаулар, интонация тұтастығы, предикатив сыңарларының орналасу тәртібі, кейбір тұлғалық, құрылымдық ерекшеліктері, предикативтік сыңарларының синтаксистік қатар түзеп, бірдей құрылымда жұмсалуы, баяндауыштарының қайталанып келуі не бірдей шақ, жақ тұлғаларында тұруы, алдыңғы сыңарының толымсыз болып келіп, соңғы сыңары арқылы толығып отыруы.
Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық ерекшеліктер мынадай: 1) сыңарларында баяндалатын екі не бір тұлғаның іс-әрекеттері, ой-ниеттері бір-біріне қайшы болады: Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ. 2) екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің логикалық қорытындысы ретінде болуға тиісті іс-әрекет, жай-күй болмай шығады немесе басқаша болады. Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен(Мұстафин) 3) сыңарларының құрамында бір-біріне антоним сөздер жұмсалады немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлғада келеді. Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – предикатив сыңарларындағы іс-әрекет, жай-күйлер таңдалып, сараланып, бірі болмаса бірі орындалатыны сұрыпталып берілетін құрмалас сөйлемдер. Сабырлылық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады (Момышұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет