Білім беру жїйесіндегі јдістемелік ќызметтіѕ ролі, бїгінгі кїн талабына сјйкестігі



бет9/28
Дата08.02.2022
өлшемі310 Kb.
#122480
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
мектептегі әдістемелік жұмыс Полатова А

Әдістемелік кеңес білім беру ұйымдарында, үйірмелерде педагогикалық ұжымның әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыратын әдістемелік кеңестер құрылады.
Әдістемелік кеңестің құрамына өте жақсы тәжірибелі деген мұғалімдер, педагог-шеберлер, пәндік әдістемелік комиссияның жетекшілері, ШППО жетекшілері, сынып жетекшілері кіреді.
Кеңеске директордың орынбасары басшылық етеді.
Әдістемелік кеңес директорға бағынады. Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесін ауыстыра алмайды, ал оның шешімдерін өмірге ендіреді және таратады.
Әдістемелік кеңес төмендегідей міндеттерді шешеді.

  • бір жылға қойылған әдістемелік жұмыстарды;

  • оқу орнының әдістемелік жұмыстарын жоспарлауды;

  • пәндік әдістемелік комиссия жұмысында мұғалімдерге бағыт беруді;

  • педагогикалық оқулар мен әдістемелік конференцияларға дайындық жұмыстарын басқаруды;

  • баяндамалардың тақырыбын анықтап, дайындауға көмектесуді;

  • кеңестің кепілдеме (рекомендация) жобасын дайындауды қорытуды және таратуды.

Кеңестің мүшелері жас мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының мәселелеріне кеңес береді, тұрақты түрде пәндік-әдістемелік комиссия мен жедел мәжілістерде жаңа педагогикалық-психологиялық, әдістемелік және арнайы әдебиеттер мен педагогтардың озат іс-тәжірибесі жөнінде сөз сөйлейді, нұсқау береді.
Әдістемелік кеңес мектептің көкейкесті мәселелерін жасаумен айналысады.
Әдістемелік кеңес авторлық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу-тәрбие процесінің инновациялық нәтижелерін талдап, сараптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет