Білім беру саласы; «ҚАТЫНАС». «ТАНЫМ».
Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті; Тіл дамыту. Құрастыру.
Мақсаты; балаларға көктемдегі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Баларды өз туған жерін сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.Көктем жайлы өлеңдерді мәнерлеп айтуға, тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге үйрету.
Көрнекілігі; көктем мезгілігінің үлгі суреттері.
Әдіс-ңәсілі; түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызамын;
Күлімде , күн, күлімде,
Жер жасарып көктесін.
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шал
Берекелі бүгіндей.
Бейбіт болсын болашақ.
Тәрбиеші балаларға жұмбаұ жасырады;
Күн күлімдеп оянып,
Сауле шашты сиқырлы
Алуан түске боялып,
Жердің беті құлырады. (Қай мезгіл?).
-Дұрыс айтсаңдар осы жылдың көктем мезгілі екн..
- Көктем куні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Шыға,келді қыр гүлдері.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
Балалардың назарын суретке аударымын.
Суретке қарай отырып, «Кқктем» туралы түсінік беріп, өтемін.
Қар еріді,күн жылынады,өзен көлдерде мұз еріп, жылғалардан су ағады.
Туған жерге құстар ұшып келеді, кар ерігеннен киін жер бетіне қылтыйып алдымен бәйшешек гүлі шығады,ағаштар бүршік жарады,жеміс ағаштары гүлдейді. Жануарлар мен жәндіктер қысөы ұйқыдан ойанды, қорада мал төлдейді. Көктемде егістік жерлерді тұқым себуге дайындайды.
Балалар екі топқа бөлініп отырады; «әдебиет» және «өнер». Ортадағы «әдебиет» топ балалары тақпақтарын айтйп береді.
1-бала; Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
2-бала; Сансыз көкек сұнқылдап,
Көктем келдіертелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Көктен бұлтар күркіреп,
Жерге төкті нісерін.
3-бала; Көкке бөлеп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
4-бала; Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар кезек-кезек суретке қарап әңгіме құрастырады.
Тақырыбы; «Көрікті көктем».
Топқа қонаққа «Қағаз ханшайымы» келді.
ОЛсендерге тапсырма ала келіпті.
«Қағаз ханшайымы». Сендер өте ақылды, білімді балалар екнсіңдер. Көктем мезгілі туралы көп біледі екнсіңдер.Ендеше маған мына қиынды пішіндерден көктемде өсіп шығатын қызғалдақ гүлін құрастырып берсеңдер деймін.
Балалар; Жарайды.
«Өнер» тобының балалары «Қызғалдақ» гүлін құрастырып береді.
Олар жұмыстарына «Жаңбырдан киінгі қызғалдақ гүлі» деп ат қояды.
Сергіту сәті; Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам.
«Кім тапқыр» ойыны.
Шарты; Суретке қарап не бейнеленгенін айтады, соған байланысты мақал-мәтел ойлап табу керек. Балалар кезек-кезек шығады.
Ағаш көркі –жапырақ.
Бала -көңілдің гүлі, көздің нұры.
Жылқы -малдың патшасы, түйе -малдың қасқасы.
Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.
Батыр туса -ел ырысы, жаңбыр жауса -жер ырысы.
Балалар «Көктем» әнімен ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Қортындылау,мадақтау, бағалау.
Өзіндік талдау.
0 «б» Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі; Садыкова Алтыншаш Сакмановна.,
Білім саласы; Қатынас, Таным
Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі; Тіл дамыту, құрастыру.
Баланың саны; 18
Тақырыбы; «Көктем».
Көрнекіліктер; Көктем мезгілінің үлгі суреттері.
Мақсаты; Балаларға көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Балаларды өз туған жерін сүюге,табиғатын аялай білуге тәрбиелеу. Көктем жайлы өлеңдерді мәнерлеп айтуға,тіл байлығын,ой өрісін кеңейтуге үйрету.
Сөздік жұмыс; Көтем,гүлдер, қар ериді, өнер, әдебиет.
Әдіс-тәсілі; түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың құрылымы; мотивациялық қозғаушы, ұйымдастыру іздену,рефлексивтік түзету.
Сабақ кезінде жақсы көңіл-күй беріледі, тосынсыйға қағаз ханшайымы келеді, балалар ханшайымның тапсырмаларын,жаттығуларын орындады.
Балалар сөйлеу мәнерлерін қабілетін жақсы көрсетті, жұмбақ шешті, тақпақтар айтты,сұрақтарға жауап берді, ойындар ойнады.
Сабағымда балармен жеке жұмыс істегенім көрінді, мақсатыма жеттім деп ойлаймын,сабағым «жақсы» деген бағамен өтті.
Тақырыбы: Көктем келді
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ынталандыру сезімдерін ояту
|
Шаттық шеңбер құрып,
бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
-Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.
|
Шаттық шеңберін орындайды.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Қайырлы күн, қайырлы таң!
-Денсаулығымыз мықты болсын.
-заманымыз тыныш болсын
-аспанымыз ашық болсын
-барлығымыз дос болайық
|
Ұйымдастыру- іздену
Жаңа сабақ
Ғажайып сәт
Ойын
Ойын
Сергіту сәті:
Ойын
Бағалау:
Қорытындылау:
|
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық.
Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады
Ал, балалар айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде « Көктем келді» деген тақырыпты өтеміз.
Наурыз көктемнің алғашқы айы.Балалар көктемнің алғашқы күндерінде қандай мерекені тойладық?
Қазір біз көктемге саяхатқа шығамыз.Көктемде күн қандай болады?
Қар еріп , күн жылынып, жылғалардан су ағады, бұтақтар бүр жарып, жер көктейді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады,малдар төлдейді.
Көктемде қандай гүл шығады?
-Балалар мынау ненің дауысы тыңдайықшы?
ұзақ қарға , қарлығаш, тырналар ұщып келіп жатыр.Құстарды қалай қарсы аламыз?
Алдарымыздағы пішіндерден құстарға ұя құрастырайық.
Құстар туралы қандай тақпақтар білеміз
«Ұясын тап»
Балалар мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау қандай аң?
- қыста аю не істейді?
- қай мезгілде ұйқысынан тұрады?
Аю ұйқыдан тұрған екен, тақпақтар айтып, аюды сергітейік
Өзі орман еркесі,
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа.
Бұл қандай аң?
« Аңдар немен қоректенеді»?
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар.
Су құйғанда өседі.
Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.Табиғат туралы тиым сөздерді қайталатып, мағынасын түсіндіру.
« Ненің құйрығы?»
Балалар сендерге көктем мезгілі ұнады ма?
Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.Көктем құстары сендерге сыйлық әкеліпті.
|
Жылдың төрт мезгілі бар.
- қыс, көктем, жаз, күз
Балалар сурет бойынша жыл мезгілдерінің ерешеліктерін айтады.
Жұмбақты шешеді.
(көктемде)
Аналар мерекесін.
Жылы болады.
Бәйшешек
құстардың дауысы
ұя жасап қарсы аламыз
ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекті пайдаланып ұя құрастырады, тақпақтар айтады
балалар қызыға ойнайды
аңдарды
аю
ұйықтайды
көктемде
аю туралы тақпақтар айтады
тиін
балалар ойын ойнап аю балды, тиін жаңғақты, қоян сәбізді жақсы көретінін тапты.
Сергіту сәтін қимыл- қозғалыспен жасайды.
Гүлді үзбе.
Құстың ұясын бұзба.
Ағашты сындырма.
Суға түкірме.
Құсты атпа.
балалар жануарлардың құйрығын табуларына көмектеседі.
ұнады
- балалар мәз болып сыйлықтарын алады . Рахмет
|
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Қатынас білім беру саласы
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Тәрбиеші: Досмуханова М.Е
Қатынас білім беру саласы
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көктем»
Уақыты: 11.03.2014 ж.
Мақсаты:
Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасу.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір - бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.
-Көктем мезгілі
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар жылы тілектерін білдіреді.
Іздену ұйымдастырушы Балалар тақтадағы суреттерге қарап,оларды атап, алғашқы дыбыстарынан сөз құрайық.
(Көбелек,өрік,кітап,таға,есік,машина)
-Балалар қандай сөз шықты?
Дұрыс-ақ «Көктем». Бүгінгі өтілетін оқу іс – әрекетінің тақырыбы «Көктем» екен.
Тақтаға назарларыңызды аударыңдаршы балалар, көктем мезгілі бейнеленген бірнеше суреттерді қарап сипаттайық.
Көктемде неше ай бар?
Қай айдан басталады?
Жерде,далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшыпкеледі? (Ұзақ,торғай, су құстары)
Көктем гүлдерін білесіңдер ме?
Оқулықпен жұмыс
Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп шығу.
Сөздік жұмысын жүргізу
Шартылдайды – сартылдайды – тарсылдайды.
Қып – қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі көрініп тұр.
Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
Дидактикалық ойын. «Көктемгі гүлдер»
Шарты: Себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлі сипаттайды. Мысалы: Бейәшешек, қызғалдақ.
Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салу.
-Көктем
Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.
Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.
- Ұзақ,торғай, су құстары
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Көктемгі табиғат өзгешеліктері туралы өз ойларын ортаға салады.
Көктем гүлдерін атайды.
Дәптердегі үлгіге қарап, суреттерін бояйды.
Рефлексивтік түзетушілік Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қалай түсінгендерін сұрап шығу.
Оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағалармен бағаланды.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі:Көктем мезгілі туралы білді.
Нені игерді:Әңгімеге өз ойларын қосып,сұраққа нақты жауап беруді игерді.
Нені меңгерді: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді.
Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем
Сабақтың мақсаты:
1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.
2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.
Көрнекілік: жыл мезгілдерінің суреттері, құстардың суреттері,асықтар,қоржындар,теледидар,үнтаспа.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру. Сезім ояту.
Ізденістер. Ұйымдастыру.
Қорытындылау
Бағалау
|
Балаларды дөңгелендіре тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын оқиды:
Жаңбыр,жаңбыр жауасың,
Жанымызға жауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
-Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Қыс,көктем,жаз,күз.
1.«Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны.
Шарты:жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету,оның ішінде көктемнің суреттерін таңдап тақтаға іліп қою.
2.Тыныштық сәті.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Үнтаспадан «Көктемгі дыбыстар» тындату. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Балалар, көздеріне қандай жыл мезгілі елестеді?
-Көктем
3.Теледидардан көктем көріністерін тамашалайық.
-Балалар бұл көріністен қандай жыл мезгілін көрдіндер?
-Көктем мезгілі.
4.Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу.
а) Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқу. Өлеңді талдау. Сурет бойынша әңгімелеу.
5.Әңгімелесу.
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Көктемнің алғашқы айы-наурыз.
Бұл айда күн жылынып,қар еріп,жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.
-Наурызда қандай мерекелер болады?
- 8 наурыз,Наурыз мерекесі.
-Сәуір айында қандай өзгерістер болады?
-Жер беті көгереді,ағаштар бүршік атады,жаңбыр жиі жауады,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Мамыр айында қандай өзгеріс болады?
-Дала жасылданады,құстар балапан басады.
-Көктемде адамдар қандай жұмыс жасайды?
-Гүлзаларға гүл егеді,жер жыртады,егін салады,бау-бақша салады,ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға үя жасайды.
-Көктемде жануарларда қандай өзгерістер болады?
-Суырлар,кірпі,жылан,аюлар қонжығымен бірге апанан шығады,бақалар,борсық,жәндіктер оянады. Қоян үстіндегі ақ тонын сұр түске өзгертеді.
-Қандай жыл құстары ұшып келеді?
Ұзақ,шұбаршымшық,қараторғай,қарлығаш,көкек,
бұлбұл т.б. ұшып келеді.
- Көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?
-Бәйшешек.
Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды.
Күн жарқырай ашылды.
Неше түрлі әдемі,
Кемпірқосақ жасалды.
«Асық» ойыны.
Шарты:балаларды шеңберге тұрғызып қоржыннан асықтар алып оны оқиды. Тақтада жыл мезгілі жазылған қоржындарға байланысты асықтарды салады.
Тапсырмалар:
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.
Көктем айларын ата.
Белсене қатысқан үшін барлық балаларға бәйшешек гүлін сыйлау
|
Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталау.
Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды.
Үнтаспаны тыңдап балалардың көздеріне елестегендерін айту.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелеу
Құстардың суреттері.
Өлең жолдарын қайталап,қимыл қозғалысын жасау.
.
Балалар белсенділікпен жауап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |