Зертттеу тақырыбының шешім қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Зерттеу мақсаты, нысаны және пәніне сәйкес, әдетте, болжамды тексеру мен дәлелдеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Болжам – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Ғылыми жаңалық аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. - Ғылыми жаңалық аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
- Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызы болса, соншалықты практикалық қажеттілігі бар.
- Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын анықтайды.
- Зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
- 2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ОНЫҢ ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
- Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті .
- П.И.Пидкасистыйдың басшылығымен дайындаған «Педагогика» оқулығында «Эксперимент - ғылыми болжауды тәжірибе жүзінде тексеру» деп түсіндірген.
- Сонымен, педагогикалық эксперимент деп нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үрдісті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады.
- Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері - теориялық және эмпирикалық болып табылады, олар болжамдық, эксперименттік, прогностикалық – зерттеу жұмыстарын орындауды қажет етеді. Теориялық кезеңде әдебиеттердегі мәліметтерге талдау жасалынып, жүйелендіріледі, ұғым аппаратын өңдеу, зерттеудің теориялық бөлімінің логикалық құрылымын құрастыру жұмыстары жасалады. Әдістері: талдау, жинақтау, индукция және дедукция, үлгілеут.б. Теориялық кезеңде алынған зерттеу нысаны жөніндегі функционалдық және болжам туралы жүйелі шамалар арасындағы қажеттіліктердің қарама-қайшылықтарын шешу мәселелері орындалады. Эмпирикалық кезеңде - тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізіледі. Әдістері: әңгімелесу, бақылау, салыстыру, сауалнама, пед.бақылау, тестілеу, рейтингілеу, пед.эксперимент, тәжірибені жинақтау және қорытындылау. Зерттеудің эмпирикалық кезеңінде - зерттеу нысаны алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылықтар анықталып, ғылыми проблема шешу жолдары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |