Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.
Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.
1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:
а) міндеттердің қойылуы;
ә) көрсеткіштерді таңдау;
б) өзгермелі факторларды таңдау;
в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.
2. Жоспарлау:
а) бақылау сандарын анықтау;
ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;
б) қолданатын реттеу әдісі;
в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.
3. Талдау:
а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;
ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және статистикалық есептердің өзін де тексеру;
б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).
Белгілі бір тақырыптар бойынша студенттердің меңгеру дәрежесінің сенімділігіне көз жеткізу үшін А.В.Усованың әдісін пайдаландық. Тақырыптық білімді меңгерудің практикалық мәні үшін толықтық коэффициенті мына формулаға сәйкес анықталды:
Белгілі бір тақырыптар бойынша студенттердің меңгеру дәрежесінің сенімділігіне көз жеткізу үшін А.В.Усованың әдісін пайдаландық. Тақырыптық білімді меңгерудің практикалық мәні үшін толықтық коэффициенті мына формулаға сәйкес анықталды:
Бұл формуладағы Li – тақырыптардың практикалық маңызын меңгерген студенттердің саны (екі белгісі бойынша); L – студенттер ұғуға тиісті белгілердің саны (біздің тәжірибемізде ол үшке тең); N – зерттелген топтағы студенттердің саны.
Бұл формулалардың негізінде эксперименттік және бақылау топтарға қатысты коэффициенттерінің мәні 0,65 0,51=0,14 ке тең болды. Демек, бұл көрсеткіш біздің эксперименттік зерттеуіміздің нәтижелерінің математикалық статистикалық тұрғыдан нанымдылығын көрсетсе керек. Ендеше, эксперименттік топтарда қолданылған біздің дидактикалық құралдар жүйесінің (ДҚЖ) тиісті оң әсер еткендігін білдіреді, әрі біздің эксперименттік оқытуымыздың белгілі бір дәрежеде нәтижелілігін сипаттайды.
Осындай мақсатта тақырыптардың мазмұнын игерудің толықтық коэффициентін мына формула негізінде тексеріп көрдік:
Мұндағы, Mi – тақырыптың маңызды белгілерін игерген студенттер саны; М–тақырып бойынша студент игеруге тиісті белгілердің саны; N – тексерілген топтағы студенттер саны. Демек, эксперименттік топта білім мазмұны 18 % ке артық болды.