Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлімі (бақылау)
Саралап оқыту технологиясы Оқу үрдісіне мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі. Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі. Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектептер мен кластар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
Жас ерекшелігі бойынша;
Жынысына байланысты;
Қызығушылығы бойынша;
Ақыл-ой деңгейінің дамуы;
Тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
Денсаулық деңгейі бойынша.
Ерекшелігі:
Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Оқушылардың қабілеті артады;
Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.
Ұжымдық оқыту әдiсi. (А.Г.Ривин, В.К.Дьяченко)
Оқыту – бұл адамның адамзатпен байланысы.
А.Петровский
Ұжымдық оқыту әдiсi деп оқыту динамикалық жұптардың қарым- қатынасы арқылы iске асатын, әркiм әркiмдi оқытуды айтады.
Оқушыларды оқушылардың өздерiне оқыту әдiсiн барлық балаларды сөйлесу –қарым-қатынас жасауға динамикалық (ауыспалы) түрде, бiр бала оқушы да, кейде оқытушы да бола алатын етiп пайдаланады.
Технологиялық классификациялық деңгейi.
Қолданылуы: жалпыпедагогтық.
Философиялық негiзi: диалектикалық – жаңа экзистенциалистикалық.
Негiзгi даму факторына қарай: социогендiк
Үйренушiлiк концепциясы: ассоциациялық – рефлекторлық.
Жеке құрылымы: информациялық (ЗУН) операциялық (СУД).
Мазмұны: үйренушiлiк, жалпы бiлiм берушiлiк.