Байланысты: Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже
Шеберхананы ұйымдастыру төмендегі кезеңдерден тұрады.
«Индукция» – қатысушылардың жұмыс алдындағы эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, сезімдеріне әсер ете отырып, проблемаға бетбұрыс жасау. Бұл кезеңде шебер ашық-жарқын пікір айтуға лайық атмосфера жасауға мұмкіндік орнатуы қажет. Білім алушының мотивтерін оятуға бағытталған әрекеттер ұйымдастырылады.
«Афишалау» – шеберханада туған графикалық жұмыстарды ( кестені, модельді т.б.) іліп, аудиторияға таныстыру. Бұдан соң барлық қатысушылар аралап көріп өз ойларын айтады немесе жазады.
«Ағынан жарылу» – шеберханаға қатысушылар өздерінің білімдеріндегі олқылықтарды тұсініп, жаңа білім мен ескі білім арасындағы келіспеушілікті сезінуге келу сәті. Бұл білімді толықтыру ұшін әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді оқуға ынталандырады.
«Рефлексия»– жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу. Қорытындылар жасау, болашақты бағдарлау.
Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген ғалымдарымыз бен әріптестеріміз қолданыстағы педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеп, жан-жақты қарастырып, шетелдік және қазақстандық ғалымдар жаңашылдығын тәжірибе-сынақтан өткізуде. Осы тұста американдық ғалым Б.Блум таксономиясына тоқтала кетіп, жас әріптестерімізді хабардар етуді жөн көрдік.
Б.Блум таксономиясы – өз бойында таным өрісінің мақсаттарын жинақтай бейнелейтін жүйе. Блум таксономиясының оқуға ынталы әрі қабілетті әр шәкірттің оқу материалын толық меңгеру жүйесіне (ТМЖ) қажет психология-педагогикалық шарттарын жасайтынын білуіміз де қажетті мәлімет.