V.Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы
- Мотивация кезеңі.
- Оқу материалы мазмұнын талдау.
- Оқу материалындағы бастыны бөліп көрсету.
- Жалпылау мен жүйелеу.
- Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.
- Рефлексия.
Өткізу формалары: Лекция, семинар, “ашық ойлар” сабағы, экскурсия.
ҮІ. Жалпылау және қорытындылау сабағы.
1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Мақсат қою кезеңі 3.Білімді тексеру кезеңі 6. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі 8.Үйге тапсырма беру кезеңі
VІ.Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы.
- Мотивация кезеңі.
- Тапсырмаларды өздігінен орындау.
- Бақылау және өзін-өзі бақылау.
- Талдау.
- Түзету.
- Рефлексия.
Біз барлық технологияларды қамтуды емес, мұғалімдерге білім технологияларын қолдану барысында бағдар беру, сонымен қатар жетілдірілген техника жетістіктерін пайдалана өткізетін интерактивті сабақтар мен ұстаз шеберлігін ұштар іскерлік ойын үлгілерінен де хабардар етуді мақсат тұттық. Технология туралы сөз қозғағанда кешегі кеңестік дәуірде қолданыс тапқан дәстүрлі де қалыптасқан технология мен бүгінгі жариялылық пен егемендік кезінде отандық білім беру саласындағы ізденістерге негіз болып отырған алыс-жақын шетел ғалымдарының жаңашыл технологияларын салыстыра қарау мақсатында ақпарат көзін бере кеткенді жөн көрдік. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалім қажеттіліктеріне де жан-жақты жауап беретін тиімді технологияны таңдау-мұғалімнің өз құзырында. Негізгі мақсат-оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, сапалы білім беру мүмкіндігін арттыру.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қасымбек А.А. Педагогикалық-әдістемелік ізденістер.
Валиева М. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері. Алматы, 2006.