Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі



бет2/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі
Заман талабына сай өз білімiн өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындауды мақсат еткен отандық педагогикалық технология түрі – «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі (ОҮӘЖ)» технологиясы. «Деңгейлеп, саралап оқыту» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова) технологиясын жетілдіру барысында білім беру саласында өрісті қолданылып жүрген бұл технологияны республикамыздың көптеген мектептерi оқу үрдісiнде пайдаланып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Аталған технология оқу-тәрбие үрдiсiнде:

  • оқу мақсатына сәйкес мазмұнды айқындауға;

  • оқыту үрдісiн ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формаларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерді оқу үрдісiнде тиімді пайдалануға;

  • танымдық іс-әрекетке ынталандыру мен оқушы белсенділігін арттыруға, жеке басының қабілетіне, даму темпіне сәйкес тиісті білім деңгейiне өз бетімен жетуге;

  • білім сапасын көтеруге;

  • мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті оқушының өзін-өзі тексеріп, түзетуге, бақылап, рейтинг жүйесімен бағалауға, сол арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына айналуға;

  • оған сәйкес жеке тұлға өз бетімен дамуын қадағалайтын мониторингін құруына қолайлы жағдай туғызу қызметін атқаруда.

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі (ОҮӘЖ)» педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі негізгі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден тұрады» деп атап көрсетеді технолоия авторларының бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор қ.а. Кобдикова Ж.У.

  • І-кезең мазмұнды меңгеруге дайындық кезеңі;

  • ІІ-кезеңде (синектикалық бөлімде) оқушы білімді өз бетімен алуға дағдыланады.

Бұл бөлімде мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмыстарының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуіне қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді, әрине, мұғалімнің жетелеуімен. Негізінен, барлық белгілі педагогикалық технологиялардың миссиясы осымен аяқталады: бірнеше оқушы сабаққа белсенді қатысқаны үшін бағаланады, үйге (үлгірімі әр деңгейдегі оқушыға күрделілігі әр деңгейдегі) тапсырмалар беріледі. Оқыту технологияларын талай жылдан бері қолданып келе жатсақ та, мұндай амалдың тиімділігі айтарлықтай болмай жүргені белгілі, себебі білім берудегі ең басты мәселе: жоғары дәрежедегі білім сапасын қамтамасыз ету. Бұл қажеттілік ОҮӘЖ технологиясында қарастырылған, жаңа тақырыпты меңгеру үрдісінің ІІІ кезеңі (нәтижеге бағытталған бөлімінде) осы бағыттағы нәтижелі жұмыстарды жүйелейді.

  • «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану барысында оқушылардың білімі 3 деңгейлік тапсырмаларды барлық оқушыларға (қарапайымнан күрделіге қарай) орындату арқылы бағаланады. Мұғалім мен оқушы шығармашылығы мен ізденісіне бағыт берер, нәтижелі табыстарға жеткізетін ұтымды технология.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет