Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы



бет3/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

М.М. Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясы
Педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызының модульдік технологиясы 1999 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті. Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың таным процестерін дамытуға, оқу процесінде дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға, терең білім беруге негізделген. Технология мақсаты – оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, сапалы білім беру мүмкіндігін арттыру.
Модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі:

  • оқушыларды оқытудың мақсатымен, жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

  • мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

  • оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

  • оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық

қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Міндеттері:

Ерекшеліктері:

  • Оқу материалының тұтастай берілуі;

  • Оқу үрдісінің интерактивті формада ұйымдастырылуы;

  • Оқу материалының жеңілден күрделіге қарай өсу бағытымен берілуі.

  • Оқушылардың біліктілігін жүйелі түрде диагностикалауы;

  • Оқушылардың ізденіс, шығармашылық жұмыстармен айналысуына жағдай туғызу.

Модульдік оқытудың құрылымы

  • оқытуға мақсат қою;

  • жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  • оқушылардың білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау;

  • оқу әрекеттерінің жиынтығы;

  • нәтижені бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет