Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили бойынша) Мақсаты: Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.
Ерекшеліктері: Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
Дидактикалық біліктерді ірілендіру технологиясы. Мақсаты: Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі: Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
Есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
Соңғы кезде ұстаздар қызығушылық танытып отырған технологиялардың бірі – өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы. (Теория решения изобритательских задач-ТРИЗ)
Шығармашылықты дамытуда мұғалімге нәтижелі бағдар беретін бұл технология іргетасын қалаған жан – белгілі кеңес ғалымы – инженер Генрих Саулович Альтшуллер болды (1926-1998). Соның нәтижесінде өнертапқыштық мәселелерді шешудің теориясы (ӨМШТ) жасалып, кейіннен ол ТРИЗ – технология деген атпен кең тарады.
Тың шешім мен өнертапқыштыққа баулитын аталмыш технология ойлауды белсендіріретін мына төмендегідей шығармашылық тапсырмалар жүйесінен тұрады: