Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


Толық меңгеру жүйесінің философиялық негізіне



бет10/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

Толық меңгеру жүйесінің философиялық негізіне американ философы Дж. Дьюидің педагогикалық жүйенің алтын діңгегі оқушы болғандықтан, басты назарда мұғалім емес шәкірт болуы керек деген идеясы алынған.
Ал педагогикалық негізі Коменский, Песталоцци және Дистервегтердің (нәтижелі білім факторы өзіндік әрекет, ширығу мен өзіндік қажыр-қайрат болып табылатын) еңбектеріне сүйенеді.
Психологиялық діңгегі Дж. Кэрролл, Б.Блум және т.б. американдық ғалымдардың идеялары. Олар өз ойларында алынған білім сапасы (сыныпта кеткен уақыт пен қабілетке байланысты емес) өз бетімен ізденетін танымдық кезеңіне байланысты деген болжамдарын назарға ұсынады. ТМЖ мәнін оқу мақсаты және танымдық қабілеттер деңгейлері таксономиясында ашып көрсетеді.
Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы» білімді қабылдау қабілеттерінің сатылары ретінде қарастырылады. Кеспе сызықтан үстіңгі жағы – ойлаудың жоғары деңгейі.
Оқушының материалды қабылдау, игеру және толық меңгеру барысындағы іс-әрекет деңгейі таксономия бойынша төмендегідей жүйеленеді:

Деңгейі

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады.Жұмыс бағдарын айқындап, жоба жасау, дизайндік безендірілуін де қарастырады







Жинақтау

Білімін жинақтайды, жеке-жеке бөлшектерден тұтас нәрсе шығарады,
ойлап табады, әңгіме құрастырады, өлең шығарады, байланыстырады.







Талдау

Алған білімін саралайды, ең негізгі идеяны көрсетеді, ойланады, салыстырады, табады, ізденеді, зерттейді, талқылайды.

Қолдану

Кез келген жағдайда алған ақпаратты пайдалана алатынын біледі, білімін проблеманы шешуге, шешім қабылдауға пайдаланады.







Түсіну

Жаңа материалмен танысады, болжам жасайды, түсіндіреді, жазады, айтады, бөліседі.

Білім

Бұрынғы білімін еске түсіреді, тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Білім таксономиясы қолданылатын толық меңгеру жүйесінде жұмыс жасау барысында А.Маслоудың «Таным пирамидасындағы» танымдық деңгей мүмкіндіктерін ескерген де орынды болар деп назарларыңызға ұсына кеткенді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет