Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы


Критериалды бағалау жүйесін жүзеге



бет3/4
Дата20.05.2023
өлшемі333,63 Kb.
#177275
1   2   3   4
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалау – оқушының жетістік көзі

Критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру аясындағы мұғалімнің негізгі міндеттері

1

Нормативтік, әдістемелік құжаттарды білу, сондай-ақ, оның қадағалауына жауапкершілікпен қарау

2

Оқу мақсаттарына талдау жүргізу

3

Оқу бағдарламасына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру

4

Оқу үдерісін жаңаша түзету үшін ақпараттарды жинақтау және талдау

5

Рефлекция жүргізу

Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.


Оқушылар үшін критериалды бағалаудың маңыздылығы:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет