Білім және ғылым министрлігі



бет13/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Тапсырма:

1. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ,  қастауыш, фузариоз, зәйтүн зеңі, қара ұрық, тары меланозы ауруларының ерекшеліктерімен танысу. Олардың қоздырғыштарының даму кезеңдерін зерделеу.

2. Дәнді дақылдардың вирус және бактериалармен зақымдану ерекшеліктерін зерделеу.

3. Микроскопиялық жадығаттарды дайындау. Ақ ұнтақ, масақ фузариозы, зәйтүн зеңі және қастауыштың қоздырғыштарын қарастыру.

4. Өсімдіктерді саңырауқұлақ, вирус және бактериялардан қорғау тәсілдерімен танысу.

5. 4-кестені толтыру.



4 кесте - Дәнді дақылдардың аурулары

Ауру, қоздырғыш

Зақымданған дақыл және белгілері

Зақымдану уақыты,

даму түрлері



Ауру көзі

Күресу шаралары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бақылау сұрақтары:

 

1. Дәнді дақылдардың микоздарын, бактериоздары мен вироздарын ата.

2. Дәнді дақылдардың дақ ауруларының негізгі түрлерін ата.

3. Фузариоз, зәйтүн зеңі, масақ фузариозы және қара ұрықтың биологиялық ерекшеліктері.

4. Қастауыш қоздырғышының даму кезеңі,  аурудың біліну белгілері.

5. Дәнді дақылдардың фузариум  ауруына сипаттама беру.

6. Дәнді дақылдардың тұқым және топырақ арқылы таралатын ауруларын ата.

7. Дәнді дақылдардың ауруларымен күресудің агротехникалық шаралары.

8. Дәнді дақылдардың ауруларын жою шаралары.

Бұршақ дақылдардың аурулары

 

 



Түсініктеме

Бұршақ дақылдары аскохитозбен, антракнозбен, тат ауруымен, ақ ұнтақпен, фузариозды солумен, бактериялық және вирустық аурулармен және гүл тоғышарларымен зақымданады. Өскіндердің зақымдануы, өсімдіктердің солуы жиі байқалады, дамымай қалған бұршақтар саны көбейеді, өнім түсімі азайып, сапасы нашарлайды.



 

Аскохитоз. Қоздырғыштары –Ascochita (А. pisi Lib., A. pinodes Jones және басқалары) тектес саңырауқұлақтарға, Deuteromycetes класына, Sphaeropsidales ќатарына жатады.


    Асбұршақтың, үрме бұршақтың, қытай бұршағының, жемдік бұршақтың және басқаларының барлық жер үсті мүшелерін зақымдайды. Пикнидтері бар сары-қоңырқай жиектелген дақтар түрінде байқалады. Зақымдалған дән солғын, жеңіл салмақты, дақтарымен болады. Ауру тұқыммен және өсімдік қалдықтарынан тарайды.

 Ақ ұнтақ. Қоздырғышы –Erysiphe pisi Syd. (Ascomycetes класы, Erysiphales ќатары) саңырауқұлағы. Қоздырғыштың бейімделген түрлері асбұршақты, үрме бұршақты, қытай бұршағын, аңқаны, жемдік бұршақты, эспарцетті, сиыржоңышқаны, жасымық пен ноуќатты залалдайды.



Ауруға ұшыраған өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында мицелиден, конидиитүзгіштен,  конидиялардан тұратын, алғашқыда ақ түсті өңез пайда болады. Кейін өңез тығызданып қараяды, қоздырғыштың өсімдік қалдықтарында қыстап шығатын сатысы клейстотецилер түзіледі. Өсімдіктердің өсу кезеңінде ауру  конидилермен тарайды. Аурудың таралуына өсу кезеңінің  екінші жартысында өсімдіктердегі  тургорлық қысымның төмендеуі, жоғары температура және орташа ауа ылғалдылығы қолайлы жағдай туғызады.

 

 



 

 

 



 

Тат ауруы. Қоздырғыштары Uromyces (Basidiomycetes класы, Uredinales

ќатары) текті саңырауқұлақтар. Сиыржоңышқа, бұршақ, аңқа, үрме бұршақта тат ауруы қоздырғышының барлық даму сатылары өтеді. Қоздырғыш бір қожалы, толық жолмен дамиды. Өсімдік қалдықтарында телии қыстайды.

Uromyces рisi Schrot қоздырғышы асбұршақ пен ноғатықты зақымдайды. Бұл дақылдарда урединилер мен телии дамиды. Аралық қожасы – сүттіген.

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет