Күнбағыстың сұр шірігі - Botrytis cinerea Pers. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары).
Күнбағысты өскін жер бетіне шыққаннан бастап, дәндері толықтай піскенге дейін залалдайды. Алғашқыда жапырақ пен сабақтардың төменгі жағында сулана беретін дақтар, ал кейін ұсақ, қара түсті қарамықтар пайда болады. Ауру өсімдіктер шамалап солады, кейде сабақтары сынып қалады.
Себеттер мен тұқымның зақымдануы аса зиянды, оларда ауру алғашқыда сұр өңезбен қапталған қара түсті майлы дақтар түрінде білінеді. Ауру салқын әрі ылғалды жылдары, гидротермиялық коэффициент 0,85-1 және одан да жоғары, шілде мен тамыз айларында орта тәуліктік температура 14-21° С болғанда байқалады. Ақ және сұр шірікпен зақымданған өсімдіктерден алынған тұқымның салмағы мен технологиялық сапасы төмендейді. Ауру өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады және тұқым арқылы тарайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; егістерді оқшаулап отырғызу; тұқымды егу алдында «...Тізім» бойынша дәрілеу; тұқымды фитотазалаудан өткізу; өнімді уақытылы жинап алу; егу үшін бірінші класты іріктелген тұқымды қолданып, орақтан кейін қалған өсімдік қалдықтарын өртеу қажет.
Күнбағыс таты. Қоздырғышы: Puccinia helianthi Schw. (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары).
Кейде урединиилермен өсімдік жас кезінде зақымданса да, ауру негізінен күнбағыс гүлдеп болғаннан кейін байқалады. Жапырақтың үстіңгі бетінде спермогониилер, ал астынғы бетінде эциилер немесе урединиилер пайда болады. Піскеннен кейін урединиоспоралар шашылып басқа өсімдіктерді зақымдайды. Өсіп даму кезеңінің соңында сарғайған жапырақтарда саңырауқұлақтың қыстайтын сатысы – телиоспоралары бар телиопустулалар дамиды. Ауру өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті қолдану; минералдық тыңайтқыштар ењгізу; егуге тазартылған бірінші кластық тұқымды пайдалану; уақытылы жинау; орақтан кейінгі өсімдік қалдықтарын жою; керек болғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану.
Күнбағыс сұңғыласы - Orobanche cumana Wallr.
Өсіп дамудың алғашқы кезінде зақымданған күнбағыс нашар өседі. Кешірек зақымданғанда аурудың белгілерінің білінбеуі мүмкін. Сұњѓыланың гүл салатын сабақтарында желмен жеңіл тарайтын 1500-ге дейін тұқымдары бар қорапшалар дамиды. Сұњѓыланың тұқымдары күнбағыстың нашар тазартылған тұқымымен де тарайды. Бұтақтанбайтын сұмқыланың тұқымы жанында сұмқылаға шалдыққыш өсімдіктердің бөлінімдері болғанда ғана өнеді. Сұњѓыланың өскіні күнбағыстың шалдыққыш сұрыптарының тамырына гаустории арқылы жабысып, қожайын-өсімдіктен су мен минералдық заттарды алады. Кейін осы жерде гүл беретін сабақтар дамитын бүршіктері бар түйнек қалыптасады. Күнбағыстың төзімді сорттарында сұњѓыланың өскіні дами алмай өліп қалады.
Бұтақты сұңғыла - Orobanche ramosa. Сабағының сирек қабыршақтары бар, жіңішке, төменгі жағы жуан, қатты бұтақтанады. Гүлдері ұсақ, көкшіл-күлгін. Тұқымдары дөңгелек пішінді. Көптеген өсімдік түрлерін қырыққабатты, қышаны, асқабақты, сәбізді, күнбағысты және басқаларын зақымдайды.
Египет сұңғыласы - Orobanche aeqypthiaca Pers.
Сабағы биік (35 см дейін), ашық түсті, жер астындағы бөлігі бұтақтанған. Гүлдері ірі, диаметрі 23-27 мм, түтікше-құйғы тәрізді, көгілдір реңді ашық-күлгін түсті. Тұқымдары дөңгелек пішінді. Картопты, күнбағысты, қызанақты, қырыққабатты және басқаларын зақымдайды.
Күресу шаралары: бірінші класты жақсы іріктелген тұқымды; төзімді сұрыптарды егу; оталған сұњѓыланы танаптан шығару; барлық агротехникалық шараларды уақытында және сапалы түрде орындау қажет.
Тапсырма:
1. Кесте бойынша күнбағыс ауруларын анықтау, ауру белгілерін суреттеу.
2. Күнбағыс сұңғыласын қарастыру және суреттеу.
3. Күнбағыстың шірік ауруларының жадығаттарын микроскоппен қарау.
4. 7, 8, 9 – кестелерді толтыру.
7 кесте - Сұңғылалардың сипаттамасы
Сұңғыланың түрі
|
Өсімдік-иесі
|
Аурудың алғашқы пайда болуы
|
Таралу жолдары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 кесте - Күнбағыстың түрлі шіріктерінің ерекшеліктері
Шірік аурулары
|
Зақымдану белгілері
|
Ауру қоздырғышының сипаттамасы (мицелийлер және оның өзгергендері)
|
сабағында
|
себетінде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 кесте - Күнбағыс аурулары
Қоздырғыш, оның жүйелік орны
|
Зақымданған мүшелер, аурудың белгілері
|
Аурудың пайда болуы
|
Таралу жолдары
|
Күресу шара-лары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Күнбағыс ауруларының біліну белгілері.
2. Ауру қоздырғыштарының жүйелік орыны.
3. Ауру қоздырғыштарының даму кезеңі.
4. Өсімдіктердің бірінші және екінші рет зақымдануы.
5. Аурудың таралу жолдары және күнбағыс өсімдігін қалай зақымдайды.
6. Күресу шаралары.
7. Сұңғыланың күнбағыстың өсуі мен дамуына әсері.
2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР:
ТАҚЫРЫБЫ: 2-8
Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі.
Тапсырмалар:
1.Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығы мен танысу.
2.Жапырақ жемірлері тұқымдасы тұрлерінің морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
3.Астық қоңыздарының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
4.Дәннің сұр көбелегі,қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану.
5.6 кестені жазып толтыру.
Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері
Түр,системалық жүйедегі орны
|
Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі
|
Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Бақылау сұрақтары:
1.Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап,өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын,олардың келтірнтін зиянын және күресу шараларын көрсетіңіз.
2.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз.
3.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады.
4.Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жіне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз.
5.Шаншып сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз.
6.Астық егіушісінің өзгешелігі,күресу шаралары.
7.Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын кұресу шаралары.
8.Астық қоңыздарды және барылдақ қоңызды сипаттаңыз.Олармен күресу шараларынвң жүйесін келтіріңіз.
9.Дәннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап күресу шараларын көрсетіңіз.
9.Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері.
ТАҚЫРЫБЫ: 9-16
Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.
1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу.
2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз.
3. 7 кестені жазып толтырыңыз.
Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері
Түр, жүйелі орны
|
Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі
|
Зияндығы
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз.
2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай?
3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз.
4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз.
5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз.
ТАҚЫРЫБЫ: 16-24
Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі
1. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер
2. Күнбағыс мұрты қоңыздың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.
3. Күнбағыс фитофагпен зақымдану белгілерін зерттеп танысыңыздар.
4. 10 кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз.
ТАҚЫРЫБЫ: 24-30
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу.
2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу.
3.ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
№
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
Аудитория
|
Аудиториядан тыс
|
1
|
Бунақденелілер құрылысымен танысу.
|
Көп қоректі кеміргіш зианкестер
|
Химиялық күрес шаралары
|
2
|
Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері
|
Топырақта мекендейтін зианкестер
|
Агротехникалық күрес шаралар
|
3
|
Қант қызылшасының зиянкестері
|
Көкеніс және бақша дақылдарының зианкестері
|
Биологиялық күрес шаралары
|
4
|
Көкені
|
Тура қанаттылар отрядына жататын көп қоректі жәндіктер
|
Физикалық күрес шаралары
|
5
|
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
|
Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары
|
Зианкестермен күресудін химиялық шаралары
|
6
|
Қоймадағы астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдерінің зиянкестері және оларды қорғау шаралары.
|
Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі.
|
Карантинге жатқызылған зианкестер
|
7
|
Ауыл шаруашылығына зиан келтіретін карантиндік зианкестер
|
Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.
|
Шегірткелерді тексеру, және болжам жасау әдістемесі
|
8
|
Ауыл шаруашылық зианкестерінің систематикасы
|
Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі.
|
Қойма зианкестері
|
Достарыңызбен бөлісу: |