Білім және ғылым министрлігі



бет17/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Тапсырма:

1. Асбұршақ ауруларының біліну белгілерін, биологилық ерекшеліктерін зерделеп, өсімдіктің залалданған мүшелерінің суретін салу керек.

2. Асбұршақ татының урединиоспоралары мен телиоспораларының  жадығаттарын дайындап, оларды  микроскоп арқылы қарау.

3. Асбұршақтың аскохитоз қоздырғышының пикнидтері мен пикноспораларын микроскоппен қарау.

4. Қытай бұршағы мен жоңышқаның ауруларының біліну белгілері мен биологиялық ерекшеліктерін зерделеу.

5.     Біржылдық бұршақ дақылдарын аурулардан қорғау тәсілдерін қарастыру.

6.     6, 5 кестені толтыру.

 

кесте - Бұршақ дақылдарының аурулары



Ауру,

қоздырғыш



Залалдана-тын дақылдар, олардың мүшелері

Зияндылығы

Ауру көздері

Күресу шаралары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың зақымдану ерекшеліктерін зерделеу.

8. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың ауруларымен күресу тәсілдерімен танысу.

9. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау шараларының жобасын жасау.

10. Жоңышқаның арам шырмауығын зерделеп, суретін салу.

 

    Бақылау сұрақтары:



1. Асбұршақтың негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.

2. Қытай бұршағының негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.

3. Жоңышқаның негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.

4. Мал азықтық бұршақ дақылдары ауруларының біліну белгілері және ауру қалай пайда болады.

5. Мал азықтық бұршақ дақылдарын аурулардан қорғау үшін қандай шаралар қолдану қажет?

6. Жоңышқаның негізгі аурулары, аурудың біліну белгілері және пайда болуы.

7. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау шаралары.

Қызылша__(_қант_,_асханалық'>Қызылша (қант, асханалық және мал азықтық) аурулары  

Түсініктеме



Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Зақлалданған тамыржеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да дами береді. Қыста сақтау кезінде өнім шығынын болдырмау үшін, қоймаларды мұқият дайындау қажет. Қоймаға сау жемістерді ғана салады, ал сақтау кезеңінде олардың жай-күйін қадағалап отырады.

 

Қызылша тамырының қатерлі ісігі. Қоздырғышы - Pseudomonas tumefaciens бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, өсімдіктердің 60-қа жуық түрлерін зақладайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған.

Залалданған тамырда ісік пайда болады. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір - бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке  және жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында пайда болады, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді және олардың ішінде қуыстар болмайды.

 

Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, аз өнім береді. Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді.



Ісіктер бактериялардың әсерінен жасушалардың көп бөлінуінен пайда болады. Ісік өсінділерді тексергенде Pseudomonas tumefaciens табылмайды. Бактериялар топырақта сақталып, жиналады және өсімдікке тамырдағы  жаралар арқылы енеді.

Олардың дамуына қолайлы жағдайлар – топырақ РН реакциясының 7-ге тең болуы және жоғары (25-30° С) температура.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; аурудан сау аналық өсімдіктерді отырғызу.

 

Қызылша церкоспорозы - Cercospora beticola Sacc. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales реті).



Негізінен шеткі жапырақтарда, дақтар түрінде байқалады. Дақтардың пішіні сопақша, ұзындығы 2-4 мм, түсі сұрғылт қоңыр, шеттері қызыл-күлгін түспен жиектелген. Ең алғашқы жапырақтардағы дақтар ірі болады (диаметрі 0,5-1 см). Ылғалды ауа-райы жағдайында дақтарда саңырауқұлақ споротүзгіштерінің  сұрғылт өңезі байқалады. Конидиилер жел мен су арқылы тарап, ауру келесі жапырақтарға жұғады. Ауру қатты дамығанда дақтар тұтасып кетеді де, жапырақ түгелдей қурап қалады. Бірінші кезекте  ең ірі шеткі жапырақтар, ал одан кейін келесі қатардағы зақымданған жапырақтар өледі. Ең жас жапырақтар ауруға төзімді, сондықтан жасыл болып қала береді.

Зақымданған өсімдік қалдықтарында жуан жіпшелердің жиынтығы  қыстайды. Көктемде ескі церкоспороздық дақтарда саңырауқұлақтың конидиялық споратүзгіштері дамиды. Кейбір жағдайларда аурудың қоздырғыштары тұқымда сақталып таралуы мүмкін.

Аурудың әсерінен ассимиляция төмендейді, қанттану азаяды, жапырақтар жаппай қурап, тамырдың өсуі тоқтайды.

Күресу шаралары: егін орағынан кейін танаптан өсімдік қалдықтарын жинап алу керек, терең жыртуды уақытылы жүргізіп, арамшөптерді жою, қызылшаны минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру, топырақта ылғал жинау және оны сақтау бойынша шаралар (қар тоқтату, қопсыту, арамшөптерді жою) жүргізу қажет. Тұқымды «...Тізім » бойынша дәрілеп, ал өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану.

 

Қызылшаның тамыр жегісі. Қоздырғыштардың, қолайсыз жағдайлардың әсерінен және тұқым сапасы төмен болған жағдайда пайда болатын ауру. Қоздырғыштары –2...3 жұп жапырақтары қалыптасқанға дейін әлсіз өскіндердің тамырын, тұқым жарнағының сағағын және тұқым жарнағы асты буынын қарайтып шірітеді. Негізгі қоздырғыштары: Aphanomyces cochlioides Drechsl. (Oomycetes класы, Saprolegniales ќатары), Pythium debaryanum Hesse (Oomycetes класы, Peronosporales ќатары), Phoma betae Fr. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ќатары), Rhizoctonia solani Kuhn. (Deuteromycetes класы, Mycelia sterilia ќатары), Fusarium (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары).



Аурудың алғашқы белгілері тұқым жарнағы асты буынында немесе тамырында шыны тәріздес дақ, қара сызықтар немесе жолақтар түрінде байқалады. Кейін олар жіңішкереді, қарайып шіріп кетеді. Ауруға шалдыққан өскіндер өліп қалады, немесе нашар дамып өнімді аз береді (40%-ке дейін).

Аурудың қоздырғыштары топырақта, қызылша қалдықтарында және тұқымда сақталады. Қызылшаның тамыр жегісіне төзімді сорттары жоқ. Қызылша өскіндері алғашқыда жақсы өсіп дамыса тамыр жегісі ауруына ұшырамайды.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті, жақсы алдыңғы дақылды пайдалану; тұқымды іріктеп егу; көктеу кезінде топырақты қопсытып тұру; құрғақшылық жылдары тұқымды еккеннен кейін топырақты тығыздау және тұқымды «Тізім »  бойынша дәрілеу қажет.

 

Ақ ұнтақ - Erysiphe communis f. betae (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары).



Аурудың алғашқы белгілері жаздың ортасына қарай, құрғақшылық және ыстық кезде байқалады.  Жапырақтардың бетінде  алғашқыда азғантай, кейіннен тұтасып жапырақты толық басып кететін ақ ұнтақ пайда болады. Жапырақ қурайды. Жаз бойы саңырауқұлақ конидийлерімен тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда клейстотецийлер түрінде сақталады.

Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; ауыспалы егісті пайдалану; минералдық тыңайтқыштарды енгізу және уақытымен суару. Қажет болған жағдайда «...Тізім » бойынша фугицидтермен өңдеу.

 

Қызылшаның пероноспорозы - Peronospora schachtii Fuck. (Oomycetes класы, Peronosporales ќатары).



Пероноспороз бірінші жылғы және тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен өсімдіктердің жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды және сынғыш келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидийтүзгіштерден және конидийлерден тұратын сұрғылт-күлгін түсті µњез  түзіледі.

Саңырауқұлақ танаптағы өсімдік қалдықтарында ооспоралар, сондай-ақ тамыржемістің жоғарғы бөлігінде немесе тұқымда мицелий түрінде сақталады, кейін одан ооспоралар дамиды. Залалданған тамыржемістерді көшіріп отырғызғанда, өсіп келе жатқан жапырақтарында жалған ақ ұнтақтың белгілері байқала бастайды. Мұндай тамыржемістер аурудың бастапқы көзі болып табылады. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлер арқылы тарайды. Аурудың тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталатын ооспоралардан тарауы да мүмкін.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; бірінші жылғы мен тұқымдық қызылша танаптарын бір - бірінен алыс орналастыру (1 км ); өсімдік қалдықтарын жою; топырақты терең жырту; тұқымды дәрілеу және тазалау; зақымданбайтын сорттарды таңдау; ауру қатты дамығанда тұқымдық алқаптарды «...Тізім » бойынша фунгицидтермен өңдеу қажет.

 

Қызылща фомозы - Phoma betae Fr. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ќатары). Фомозбен қызылшаның барлық түрі және саумалдық ауырады.



               

 Жапырақта  түсі сары-қоңыр, дөңгелек пішінді, ірі (диаметрі 0,2-1 см), шоғырланып орналасқан дақтар пайда болады. Дақтардан қара нүктеге ұқсаған саңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Сабақтың зақымданған жері ағарып, оларда да пикнидтер дамиды. Жаңбыр кезінде немесе шық  болғанда пикнидтерден көп споралар бөлінеді. Phoma betae қызылша тамыр жегісінің де қоздырғышы болып табылады және тамыржемістерді қыста сақтағанда, әсіресе үйінділерде сақтағанда  қара құрғақ шіріктің тууына әкеп соқтырады.

Залалданған тұқымдық қызылшаларды отырғызғанда олар өспей қалады немесе солғын, зақымданған дәндер береді. Мұндай тұқымдарды сепкенде ауру өскіндер шығады. Аурудың қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында, тамыржемісте және тұқымда сақталады.

Күресу шаралары: тыңайтқыштар енгізу; механикалық зақымдануды болдырмау; қоймаға салар алдында ауру жемістерден тазарту; «...Тізім » бойынша дәрілермен тұқымды дәрілеп және тұқымдықтарды фунгицидпен  өңдеу қажет.

 

Қызылша таты - Uromyces betae (Pers) Lev. (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары).



Қызылшаның барлық түрлерін зақымдайды. Ауру қоздырғышы бір қожалық тат саңырауқұлағы. Өсімдіктер бірінші және екінші жылдары зақымданады. Жаздың басында өскіндердің тұқым жарнағы жапырақтарында және тұқымдықтардың жас жапырақтарында ұсақ, сары ұнтақ түріндегі  саңырауқұлақтың эцидиалды сатысы дамиды. Эциоспоралар желмен тарап қызылшаның сау жапырақтарын зақымдайды. Жазда жапырақтардың екі бірдей жағында, жапырақ сағағында диаметрі 1 мм дейін жеке немесе  біріккен ашық-қоңыр түсті урединилер пайда болады. Пісіп жетілген урединиоспоралар жаз бойы тарап  қызылшаны зақымдайды.

Күзде ескі жапырақтарда көбінесе урединиилердің айналасында қара-қоңыр түсті телиопустулалар шығады. Ауру топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталатын телиоспоралардан тарайды, сонымен қатар аналық қызылша мен тұқым да ауру көзі болып табылады. Көктемде телиоспоралар өсіп қызылшаны зақымдайды. Таттың дамуына жылы, ылғалды ауа-райы қолайлы.



Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; «...Тізім » бойынша дәрілердің бірімен тұқымды, аналықтарды дәрілеп, қажет болған жағдайда тұқымдық егістіктерді фунгицидтермен өңдеу.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет