Тапсырма:
1. Тамыр шірігінің біліну белгілерін зерделеу, зақымдалған мүшелердің сыртқы белгілерін суреттеу.
2. Дәнді дақылдардың дақ ауруларының түрлерін анықтау, анықтау барысын жазып отыру және аурудың біліну белгілерін суреттеу.
3. Гельминтоспориоз спораларының қоздырғышын микроскоп арқылы қарау.
4. Дәнді дақылдардың шірігі мен дақ ауруларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
5. Дәнді дақылдарды тамыр шірігі мен дақ ауруынан қорғау тәсілдерін қарастыру.
6. 3 кестені толтыру.
3 кесте - Дәнді дақылдардың тамыр шірігі мен дақ аурулары
Ауру, қоздыр-ғышы
|
Зақымданатын дақыл
|
Аурудың белгілері
|
Аурудың таралу жолдары
|
Аурудың дамуына қолайлы жағдайлар
|
Күресу шаралары
|
агротех-никалық
жолмен
|
химия-лық
жолмен
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Дәнді дақылдардың дақ ауруының негізгі түрлерін ата.
2. Жапырақтың дақ аурулары қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері.
3. Тамыр шірігінің дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар.
4. Дәнді дақылдардың ауруларымен агротехникалық тәсілдермен күресу.
5. Дәнді дақылдардың ауруларын жою шаралары.
Дәріс 15
Дәнді дақылдардың вироз, бактериоз және тағы басқа аурулары
Түсініктеме
Дәнді дақылдар ауруларының қоздырғыштары саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар. Саңырауқұлақтар қара күйе, тат, тамыр шірігі, спорынья, фузариоз, ақ ұнтақ, зәйтүн зеңі ауруларын тудырады. Бактериялар қара, базальдық, жолақ бактериоз бен меланоз, ал вирустар қуыршақтану, жолақ мозаика ауруларына шалдырады .
Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы. Қоздырғышы: Erysiphe graminis DC (Ascomycetes класы, Erysiphales ќатары). Дәнді-дақылдар тұқымдасына жататын барлық өсімдіктерді залалдайды.
Ауру жапырақта, оның қынабында, сабақта, масақ қауыздарында дамиды. Зақымданған мүшелерде конидии түзушілер мен конидиялардан тұратын ақ түсті борпылдақ өңез пайда болады. Уақыт өте келе өңез тығызданып, қараяды. Өсімдік қалдықтары мен күздік дақылдардың өскіндерінде клейстотеций мен мицелий түрінде қыстайды. Ауру жел ағынымен конидиялар арқылы тарайды. Аурудың қатты дамуы ауаның жоғары ылғалдылығы (68-80%), ауыспалы ауа райы, құрғақшылықылық болып өсімдіктердің тургорлық қысымы түсіп кеткен жағдайларда байқалады.
Күресу шаралары: күздік бидайды жаздық бидайдан алыс қашықтықта орналастыру, аурудың дамуын тежейтін калий және фосфор тыңайтқыштарын енгізу, танаптарда ерте сүдігер жырту, ауыспалы егістікті қолдану арқылы ауырудың алдын алуға болады. Өсімдіктердің зақымдану дәрежесі 15%-дан асқанда және эпифитотий болжанғанда «Тізім...» бойынша дәрілеу жұмыстарын жүргізеді.
Дәнді дақылдардың қастауышы. Қоздырғышы: Clavicens purpurea Tul. syn. C. micrecephala (Ascomycetes класы, Clavicipitales ќатары). Жаппай таралған. Арпа мен қара бидайда кездеседі.
Масақты зақымдайды. Дәннің орнына қарабидай дәнінен үлкенірек қара-күлгін, қара түсті ќарамыќ (склероции) түзіледі. Споралар желмен тарайды. Аскоспорлар гүлдің аналығын зақымдайды, оларда көп клеткалы саңырауқұлақ жіпшелері пайда болады. Спораладың даму кезінде тәтті, жабысқақ сұйықтық бөлінеді. Онымен қоректенген жәндіктер конидияларды таратады. Ауру топырақта немесе тұқымда сақталаған ќарамыќтардан тарайды. Жабайы өсетін және мал азықтық дәнді дақылдар (бидайық, көдешөп, еркекшөп, арпабас және басқалар) аурудың қоздырғыштары сақталатын резерваторлар болып саналады. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық, гүлденудің ұзаққа созылуы, жаңбырлы әрі жылы жаз қолайлы.
Күресу шаралары: ерте, терең сүдігер жырту; ауыспалы егісті пайдалану (склероциялар топырақта өнгіштігін екі жыл сақтайды); дәнді дәнтазартқыш машиналарда ќарамыќтардан тазарту; құрамында 0,5%-дан астам ќарамыќтары бар астық ұн тартуға және мал азығына қолдануға жарамсыз.
Масақ фузариозы. Қоздырғыштары –Fusarium текті саңырауқұлақтар (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары). Ылғалдылық мол болғанда жаппай таралады.
Бидай дәні сүттеніп пісе бастағанда білініп, толық піскенге дейін өседі. Аурудың нағыз және өзгерген түрлері болады. Бірінші жағдайда зақымданған жерде ақ немесе ақшыл-қызғылт мицелий түзіліп, масақтардың қабыршақтары түссізденеді. Залалданған дәндер түсін өзгертеді. Ұрықтың, жырашықтың айналасында, дәннің сыртында саңырауқұлақ мицелийі дамып өңезденеді. Екінші жағдайда бірыңғай түссіздену немесе қабыршақтардың қоңырлануы, сызық белгілердің, жиектелген дақтардың болуы мүмкін немесе сыртқы белгілердің мүлдем болмауы да мүмкін.
Залалданған дәнді пайдалану адам және жануарлар үшін қауіпті, бірқатар ауруларды туғызады. Дән солып, өнімділігі төмендейді. Ауру желдің, жаңбырдың, жәндіктердің көмегімен тарайды.
Өсімдік қалдықтарында, тұқымда, топырақта саңырауқұлақтың жіпшумаѓы мен конидиялары қыстайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; себу мерзімі мен себу мөлшерлерін сақтау; тұқымды тазалау; жылы ауамен жылыту және «Тізімге...» сәйкес фунгицидтермен дәрілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |